Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp19 № 3 12—13 бет.
  • Жақсы өмірге жетелейтін жол

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жақсы өмірге жетелейтін жол
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ҚҰДАЙ ӨМІРДІ О БАСТАҒЫ АРНАСЫНА БҰРАДЫ
  • ИСА МӘСІХТІҢ БИЛІГІ ҚАНДАЙ ИГІЛІКТЕР ӘКЕЛЕДІ?
  • ӨМІРГЕ АПАРАТЫН ЖОЛ
  • ӨМІРГЕ АПАРАТЫН ЖОЛҒА АЯҚ БАСЫҢЫЗ
  • Құдайға ұнайтын ғибадат
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Құдай Тағаланың нендей ой-мақсаты бар?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
  • Исаны тыңдай беріңіз!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
  • Құдайға ұнамды ғибадат
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
wp19 № 3 12—13 бет.
Ілгеріде айтылып өткен ғалым Киелі кітап оқып отыр

Жақсы өмірге жетелейтін жол

ҚҰДАЙ ТАҒАЛА қазіргідей өмірді қаламаған. Оның ниеті бойынша, жер беті тек Жаратушының билігіне бағынатын, оның бағыт-бағдарымен жүретін, оның сүйіспеншілігі мен басқа да көркем қасиеттеріне еліктейтін адамдарға толы болу керек еді. Жаратушымыз адамзаттың бірге еңбектеніп, бала-шағалы болып, бақытты ғұмыр кешкенін, жаңа нәрселер білгенін, бүкіл жер жүзін жұмақ бағына айналдырғанын қалаған еді.

ҚҰДАЙ ӨМІРДІ О БАСТАҒЫ АРНАСЫНА БҰРАДЫ

  • “Ол күллі жержүзіндегі соғыстарды тоқтатады” (Зәбүр 46:9).

  • “Жерді бүлдіргендерді құрту үшін белгілеген уақытың келді” (Аян 11:18).

  • “Ешкім: “Мен науқаспын”,— демейтін болады” (Ишая 33:24).

  • “Таңдаулыларым еңбектерінің рақатын көреді” (Ишая 65:22).

Бұл уәделер қалай жүзеге асады? Құдай Тағала көкте Иса Мәсіхті патша етіп, оған көктен жер бетіне билік жүргізуді тапсырды. Иса пайғамбар басқарған бұл үкімет Киелі кітапта Құдайдың Патшалығы деп аталады (Даниял 2:44). Киелі кітапта Иса Мәсіх жайында: “Құдай Тағала... оған арғы атасы Дәуіттің тағын сыйлайды. Ол... Патша ретінде билік етеді”,— делінген (Лұқа 1:32, 33).

Жерде болған кезінде Иса пайғамбар көптеген таңғажайып кереметтер жасаған. Не үшін? Ол Патша болған кезінде адамзаттың өмірі әлдеқайда жақсы болатынын көрсеткісі келді.

ИСА МӘСІХТІҢ БИЛІГІ ҚАНДАЙ ИГІЛІКТЕР ӘКЕЛЕДІ?

  • Ол адамдарды сан түрлі аурулардан сауықтырған. Осылай ол болашақта адамзатты ауру атаулыдан азат ететінін көрсетті (Матай 9:35).

  • Ол теңізді тыныштандырды. Бұл оның болашақта табиғаттың тосын мінезінен адамзатты қалай қорғайтынын көрсетеді (Марқа 4:36—39).

  • Ол мыңдаған адамды тамақтандырды. Мұнысымен ол болашақта адамзатты күнделікті қажеттілігімен қамтамасыз ететінін көрсетті (Марқа 6:41—44).

  • Ол үйлену тойында суды шарапқа айналдырды. Бұл оның болашақта адамзаттың өмірін қуанышқа толтыратынын дәлелдейді (Жохан 2:7—11).

Құдай ниет еткен осындай өмірге қалай қол жеткізуге болады? Киелі кітапта “өмірге апаратын” бір жол бар екені айтылған. Бірақ “оны табатындар аз” (Матай 7:14). Киелі кітап сізді сол аздың бірі болуға шақырады.

ӨМІРГЕ АПАРАТЫН ЖОЛ

Өмірге апаратын ол қандай жол? Өмірге апаратын жол Құдайдың барлық нұсқауларын бейнелейді. Құдай былай дейді: “Мен Құдайларың Ехобамын. Мен сендерге пайдалыны үйретемін, Жүрулерің тиіс жолмен жетелеймін” (Ишая 48:17). Бұл жолмен жүретін адамның өмірі жақсы жаққа өзгереді.

Иса пайғамбар болса былай деген: “Жол, шындық және өмір — менмін” (Жохан 14:6). Иса пайғамбардың айтқанын орындап, оның үлгісіне еліктер болсақ, Құдайға жақындай түсеміз, әрі өміріміз жақсара түседі.

Өмірге апаратын жолды қалай табуға болады? Бүгінде дін деген өте көп. Бірақ Иса пайғамбар: “Маған “Ием! Ием!” дейтіндер емес, көктегі Әкемнің еркін орындайтындар ғана Көк Патшалығына кіреді”,— деген (Матай 7:21). Тағы ол: “Оларды жемістерінен танисыңдар”,— деген (Матай 7:16). Киелі кітаптың көмегімен сіз қай діннің ақиқат, ал қай діннің жалған екенін анықтай аласыз (Жохан 17:17).

Өмірге апаратын жолға қалай түсуге болады? Сіз өмір беруші туралы білуіңіз керек: Ол кім? Оның есімі кім? Ол қандай? Біз үшін не істеді? Бізден не күтеді?a

Ехоба Құдай адам өмірін тек ішіп-жеумен, ойнап-күлумен, бала-шағаның қызығын көрумен ғана шектемеген. Біз Жаратушымызды танып-біліп, онымен дос бола аламыз. Оның айтқанын орындап, сүйіспеншілігімізді көрсете аламыз. Иса пайғамбар: “Мәңгілік өмірге ие болу үшін сені, жалғыз шынайы Құдайды... танып-білу керек”,— деген (Жохан 17:3).

ҚҰДАЙ КИЕЛІ КІТАП АРҚЫЛЫ “ПАЙДАЛЫНЫ ҮЙРЕТЕДІ” (ИШАЯ 48:17).

ӨМІРГЕ АПАРАТЫН ЖОЛҒА АЯҚ БАСЫҢЫЗ

Құдайдың адамдарға қатысты талаптарын білген соң, өмірімізде азды-көпті өзгеріс жасау керек болуы мүмкін. Бұл қиын көрінетін шығар. Бірақ өмірге апарар жолға аяқ басқанда өміріңіз анағұрлым жақсара түседі. Құдай жайлы сұрақтарыңыздың жауабын табуға көмектесу үшін Ехоба куәгерлері сізге тегін Киелі кітапты зерттеу курсын ұсынады. Оны қай жерде, қай уақытта өтетініңізді өзіңіз шешесіз. Бізбен байланысу үшін www.jw.org сайтымызға кірсеңіз болады.

a 2019 жылғы № 1 “Күзет мұнарасын” қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу