Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp19 № 3 14—15 бет.
  • Бүгіннен бақытты болыңыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Бүгіннен бақытты болыңыз
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ҚАНАҒАТ ТАБУ
  • АУРУМЕН КҮРЕСУ
  • НЕКЕНІ НЫҒАЙТУ
  • Некені баянды етер екі кілт
    Отбасы бақытының сыры
  • Мәсіхшілік некеңіз баянды болсын!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Ақша жамандықтың түптамыры ма?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Шаңырақ шаттығы (1-бөлім)
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
wp19 № 3 14—15 бет.
Ілгеріде айтылған ғалым әйелімен бірге тамақ жасап жатыр

Бүгіннен бақытты болыңыз

АЛДА бәрімізді ауру-сырқау, кәрілік, өлім дегенді ұмытатын кез тосып тұр. Десе де бүгінгі өмір қиындықтардан көз аштырмайды. Осындай өмірде бақытты болу мүмкін бе? Әлбетте! Киелі кітаптағы ақыл-кеңестердің арқасында өміріңіз бақытты, мән-мағынаға толы болады. Өмірдегі қиындықтардың кейбіріне тоқталып, Киелі кітаптың соны шешуге қатысты берер ақыл-кеңесін қарастырып көрейік.

ҚАНАҒАТ ТАБУ

Киелі кітаптың ақыл-кеңесі: “Ақшақұмар болмай өмір сүріп, қолда барды қанағат тұтыңдар. Өйткені Құдай: “Мен сені ешқашан қалдырмаймын, ешқашан тастамаймын”,— деген” (Еврейлерге 13:5).

Бүгінгі әлем “алмасаңыз болмайды” деген сан түрлі тауарларды жан-жақтан ұсынып жатыр. Бірақ Киелі кітапта “қолда барды қанағат тұтуға” болатынын айтады. Қалай?

Ақшақұмар болмаңыз. Адамдар ақша табу жолында денсаулықтарын, отбасыларын, достарын, қадір-қасиетін құрбан етіп жатады (Тімөтеге 1-хат 6:10). Алайда бұл соған тұрмайды! Өйткені байлықты қуғандар ешқашан тойдым демейді (Уағыздаушы 5:10).

Затты емес, адамды бағалаңыз. Рас, материалдық заттардың өзіндік пайдасы бар. Алайда заттар бізді жақсы көрмейді, рақметін де айтпайды. Тек тірі адамдар ғана мұны істей алады. Заттар емес, достар ғана өмірімізді мағыналы етеді (Нақыл сөздер 17:17).

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕРІ ӨМІРІМІЗДІ БАҚЫТТЫ ЕТЕДІ

АУРУМЕН КҮРЕСУ

Киелі кітаптың ақыл-кеңесі: “Қуанышты жүрек жақсы шипа болар” (Нақыл сөздер 17:22).

Қуанышты болсақ, ауруға төзу әлдеқайда оңай болады. Алайда аурудан жаның қиналғанда қуанышты болу мүмкін бе?

Ризашыл болыңыз. Өз қиындықтарымызды ойлай берсек, “барлық күніміз қайғылы” болады (Нақыл сөздер 15:15). Киелі кітапта “әрдайым алғыс білдіріңдер” деген кеңес бар (Қолостықтарға 3:15). Өмірдегі тіпті кішігірім нәрселер үшін алғыс айтуды үйреніңіз. Қызарып батқан күн, бетіңізден сипап өткен самал жел, жақын адамыңыздың күлкісі — осының бәрі өміріңізді көркейтеді.

Өзгелерге жақсылық жасаңыз. Тіпті денсаулығыңыз жоқ болса да, “алғаннан гөрі берген бақытты” екенін сезіне аласыз (Елшілердің істері 20:35). Өзгелер ісімізді елеп, рақметін жаудырғанда, көңіліміз тоқ болып, өз қиындығымызды ұмытамыз. Өзгелердің өмірін жақсылыққа толтырамыз деп жүргенде өз өміріміздің де жақсара түскенін байқамай қаламыз.

НЕКЕНІ НЫҒАЙТУ

Киелі кітаптың ақыл-кеңесі: “Ненің маңыздырақ екеніне көз жеткізіңіз” (Філіпіліктерге 1:10).

Бір-бірімен аз уақыт өткізетін ерлі-зайыпты бір-бірінен алыстап кетуі әбден мүмкін. Сондықтан ерлі-зайыптылар өз некелерін өмірлеріндегі маңызды нәрсенің бірі деп санау керек.

Жұмыла істеңіз. Сізге ұнайтын істі жалғыз істегенше, қандай да бір ортақ істі неге бірге істемеске? Киелі кітапта: “Жалғыз болғаннан екеу болған жақсы”,— делінген (Уағыздаушы 4:9). Екеуіңіз бірге тамақ дайындаңыз, бірге спортпен шұғылданыңыз, бірге қыдырыңыз.

Махаббатыңызды білдіріңіз. Құдай Сөзі ерлі-зайыптыны бір-бірін сүйіп, құрметтеуге шақырады (Ефестіктерге 5:28, 33). Жылулықпен езу тарту, нәзіктікпен құшақтау, кішігірім сыйлық беру — осының бәрі некенің іргесін берік етеді. Жыныстық жақындасу тек ерлі-зайыптының арасында ғана болу керек (Еврейлерге 13:4).

“ҚАЗІР ӨМІРІМ МӘН-МАҒЫНАҒА ТОЛЫ!”

Айтып берген: Рёка Миямото, Жапония

Мен қиындықтан көз ашпайтынмын. Күйеуім көп ішетін, оны ешкім жұмысқа алмайтын. Әкелік міндетін атқарып, төрт балаға қамқор болайын демейтін. Қанша күш салсам да, жағдайымыз еш оңалмады. “Бұндай өмір маңдайыма жазылған ба, әлде алдыңғы өмірде жасаған күнәларымның жазасы ма?” деп ойланатынмын.

Бір күні үйіме Ехоба куәгерлері келді. Әйел кісі күлімсіреп, маған Құдай Патшалығы мен мәңгілік өмір жайлы шабыттана айта бастады. Ол маған Киелі кітапты оқып-зерттеуді ұсынды. Көп ұзамай Құдайдың бар екенін, оның дана, әділ әрі сүйіспеншілігі мол екенін білдім. Өлген адамның жаны ешқайда кетпейтінін, сондай-ақ қиындықтар адамның маңдайына жазылмайтынын да білдім.

Бәрінен бұрын мен мынаны түсіндім: мағыналы өмірдің сыры — Құдаймен тығыз қарым-қатынаста болу. Киелі кітаптағы шындықтар мені көп нәрседен азат етті, бойыма жігер құйып, жанымды сергітті. Қазір өмірім мән-мағынаға толы!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу