Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp19 № 3 10—11 бет.
  • Өлім қалай жойылады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Өлім қалай жойылады?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ӨЛІМДІ ЖОЯТЫН ТӨЛЕМ
  • ӨЛІМ ҚАШАН ЖОЙЫЛАДЫ?
  • Төлем — Құдай берген ең керемет сый
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Құдайдың адамзатты құтқару үшін қолданған шарасы
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
  • Ехоба “көптеген адамдардың төлемін өтеу үшін” қам жасаған
    Ехобаға жақында
  • Төлем — Құдайдың ең керемет сыйы
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
wp19 № 3 10—11 бет.
Иса пайғамбар; Иса пайғамбар екі қылмыскердің ортасында бағанада ілініп тұр

Өлім қалай жойылады?

АДАМЗАТТЫҢ түп атасы мен анасы Құдайға мойынсұнбай, күллі адамзатты күнәкар етіп, өлімге ұшыратса да, Құдайдың о бастағы адамзатқа байланысты мақсаты өзгерген жоқ. Ол мұны өз Сөзі Киелі кітапта талай рет қайталап айтқан.

  • “Әділдер жерді мұра етеді, Онда мәңг бақи өмір сүреді” (Зәбүр 37:29).

  • “Өлімді біржола жоқ қылады, Әлемнің Әміршісі Ехоба барлық көз жасты сүртеді” (Ишая 25:8).

  • “Жойылатын соңғы жау — өлім” (Қорынттықтарға 1-хат 15:26).

  • “Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (Аян 21:4).

Құдай қалай “өлімді біржола жоқ қылады”? Ілгеріде айтылып кеткендей, Киелі кітапта “әділдер... мәңгі бақи өмір сүреді” деп нақты айтылады. Бірақ онда “жер бетінде әрдайым жақсылық жасап, күнә істемейтін әділ адам жоқ” деп те айтылған (Уағыздаушы 7:20). Сонда Құдай күнәкар адамдардың өлмей, мәңгі өмір сүруіне жол беріп, өз сөзінен тая ма? Бұлай болуы мүмкін емес! Өйткені ол — “өтірік айта алмайтын Құдай” (Титке 1:2). Олай болса, Құдай адамзатқа байланысты мақсатын қалай жүзеге асырады?

ҚҰДАЙ “ӨЛІМДІ БІРЖОЛА ЖОҚ ҚЫЛАДЫ” (ИШАЯ 25:8)

ӨЛІМДІ ЖОЯТЫН ТӨЛЕМ

Ехоба Құдай адамзатты өлімнің құрсауынан азат ету үшін төлем берді. Төлемнің негізгі мақсаты келтірілген залалды толықтай төлеу немесе әділдік нені талап етсе, соны өтеу. Күллі адамзат күнәкар болғандықтан әрі өлімге кесілгендіктен, Киелі кітапта: “Ешқайсысы өзгенің төлемін өтей алмайды, Ол үшін Құдайға төлем де бере алмайды (адамның жаны үшін берілетін төлемнің құны тым жоғары, пенде атаулы оны ешқашан төлей алмайды)”,— деген ақиқат жазылған (Зәбүр 49:7, 8).

Күнәкар адам қайтыс болғанда, ол өз күнәларының құнын ғана төлейді. Бірақ ол өзін құтқара алмайды, өзгенің күнәсін де жаба алмайды (Римдіктерге 6:7). Сондықтан өзінің күнәсі үшін емес, біздің күнәміз үшін өз өмірін бере алатын адам керек болды. Бірақ оның күнә атаулыдан пәк таза, барлық жағынан мін-мүлтіксіз болуы шарт еді (Еврейлерге 10:1—4).

Құдай дәл сондай адамды жіберді. Ол көктен жерге жіберілген Иса пайғамбар еді. Құдайдың кереметінің арқасында ол күнә атаулыдан таза болып туылды (Петірдің 1-хаты 2:22). Иса пайғамбар да өзінің “көптеген адамдар үшін жанын төлем ретінде беруге келгенін” айтқан (Марқа 10:45). Ол біздің күнәларымызды өтеу үшін өліп, бәрімізді өлімнен азат етті. Осының арқасында біз мәңгілік өмірге ие бола аламыз (Жохан 3:16).

ӨЛІМ ҚАШАН ЖОЙЫЛАДЫ?

Бүгінде бәріміз Құдай Сөзіндегі айтылып кеткен “ерекше қиын уақытты” бастан өткізіп жатырмыз. Бұл біздің осы зұлым дүниенің “соңғы күндерінде” өмір сүріп жатқанымызды дәлелдейді (Тімөтеге 2-хат 3:1). Соңғы күндер “құдайсыздардың сотталып, жойылуымен” бітеді (Петірдің 2-хаты 3:3, 7). Ал Құдайды сүйетін жандар аман қалып, Құдайдың жарылқауымен “мәңгілік өмірге” ие болады (Матай 25:46).

Жастары мен ұлты әртүрлі адамдар

Иса пайғамбар жерге “көптеген адамдар үшін жанын төлем ретінде беруге келді” (Марқа 10:45).

Ал көз жұмған миллиондаған адам өлімнен қайта тірілгенде мәңгілік өмірге ие бола алады. Иса пайғамбар жерде болғанда өлген адамды тірілту мүмкін екенін көрсетті. Наин қаласындағы бір жесір әйелдің ұлы қайтыс болғанда, Иса сол әйелді “аяп кетіп”, керемет түрде баласын өмірге қайтарды (Лұқа 7:11—15). Елші Пауыл былай деді: “Құдайдың әділдерді де, әділетсіздерді де қайта тірілтетініне үміттенемін”. Бұл үміт — Құдайдың адамзатқа деген махаббатының ең асқақ көрінісі (Елшілердің істері 24:15).

Миллиардтаған адам мәңгілік өмірге үмітті. Киелі кітапта: “Әділдер жерді мұра етеді, Онда мәңгі бақи өмір сүреді”,— деп жазылған (Зәб. 37:29). Сол кезде олар өлімнің жоқ екенін көріп, қуанатын болады. Олар 2000 жылдай уақыт бұрын айтқан елші Пауылдың: “Өлім, сенің жеңісің қайда? Өлім, улы тісің қайда?”— деген сөздерінің орындалғанын көреді (Қорынттықтарға 1-хат 15:55). Сонда адамзаттың қас жауы өлім өмірдің алдында тізе бүгеді!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу