Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w15 1.8. 3—4 бет.
  • Өлген соң адаммен не болады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Өлген соң адаммен не болады?
  • 2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Өлген адамдар қандай күйде болады?
  • Қайтыс болған адамдар тіріледі!
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Өліммен бәрі бітпейді!
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Өмірден өткен адамдарға арналған нағыз үміт
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Қайта тірілуге деген үміттің негізі берік!
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w15 1.8. 3—4 бет.

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ӨМІРДЕН ӨТКЕНДЕР ӨМІРГЕ ОРАЛА МА?

Өлген соң адаммен не болады?

Зират басына жиналған кісілер мен балалар

“Адам өлген соң үш жердің біреуіне: пейішке я тозаққа я күнәдан тазартатын жерге барады деп ойлайтынмын. Мен пейішке баратындай тым жақсы, бірақ тозаққа баратындай зұлым да болған жоқпын. Ал күнәдан тазартатын жерде не болатынын нақты білмедім. Киелі кітаптан бұлар туралы ештеңе оқыған жоқпын. Әйтеуір адамдардан естігенім осы еді” (Лайонел).

“Маған өлген соң адамдардың бәрі аспанға барады деп үйреткен. Бірақ бұған күмәнім болды. Өліммен бәрі бітеді, марқұмдар енді қайтып оралмайды деп ойлайтынмын” (Фернандо).

Өлген соң адаммен не болады? Көз жұмған жақындарымыз бір жерде қиналып жатыр ма? Олармен қайта көрісеміз бе? Көрісетінімізге қандай негіз бар? Осындай сұрақтар сіздің де көкейіңізде туған шығар. Киелі жазбаларда бұл туралы шындығында не айтылғанына назар аударсақ болады. Алдымен, Құдай Сөзі Киелі кітапта өлім жайлы не делінгеніне көңіл бөлейік. Сосын оның болашаққа қандай үміт беретінін білеміз.

Өлген адамдар қандай күйде болады?

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ ЖАУАБЫ: “Тірілер өлетінін біледі, ал өлгендер ештеңе білмейді. Енді олардың алатын сыйы жоқ, өйткені олар жайлы барлық нәрсе ұмыт болады. Қандай істі қолға алсаң да, оны барыңды салып істе, себебі өзің баратын көрдеa еңбектену де, жоспарлау да, білім де, даналық та жоқ” (Уағыздаушы 9:5, 10).

Мұндағы “көр” сөзі — адамдар өлген соң баратын жер, ол әрекетсіз, ес-түссіз болатын бейнелі орынды не күйді білдіреді. Ежелде өмір сүрген Құдайдың адал қызметшісі Әйүп пайғамбардың көр туралы айтқан сөздерін қарастырайық. Ол бар мал-мүлкінен, бала-шағасынан бір күнде айырылады, әрі денесін сұмдық ауыратын шиқан басып кетеді. Сонда ол Құдайына жалбарынып: “Шіркін, мені көрде [“тозақта”, католиктердің “Дуэй аудармасы”] жасыра тұрып,.. тығып қойсаң ғой!”— деген (Әйүп 1:13—19; 2:7; 14:13). Әйүп көрді тозақ оты деп түсінбегені анық, әйтпесе ондай жағдайда оның азабына азап қосылар еді ғой. Қайта, оның сөздерінен ол қиындықтан босайтын жер туралы айтқаны көрінеді.

Өлілердің қандай күйде екенін білудің тағы бір жолы бар. Бұл үшін Құдай рухының жетелеуімен жазылған Киелі жазбалардағы сегіз адамның оқиғасымен танысайық (Осы беттегі “Өлімнен қайта тірілген сегіз адам” деген қоршауды қараңыз).

Өмірге қайта оралған осы сегіз адамның ешқайсысы да жандарының о дүниеге барып, жәннатта не тозақта болғаны жайлы ештеңе айтпаған. Егер олар өлген соң сондай жерде болған болса, сол жайлы міндетті түрде айтпас па еді? Әрі барлық адам білу үшін Киелі жазбаларда бұл туралы жазылатын еді ғой. Бірақ Киелі кітаптың еш жерінде мұндай мәлімет жоқ. Демек, бұл сегіз адамның о дүние жайлы ештеңе айтпағаны анық. Неге? Өйткені олар терең ұйқыға батқандай ес-түссіз күйде болған. Киелі кітапта да өлім кейде ұйқыға теңеледі. Мысалы, Дәуіт және Степан есімді Құдайдың қызметшілерінің “өлім ұйқысына кеткені” айтылған (Елшілердің істері 7:60; 13:36).

Олай болса, өлгендер үшін қандай үміт бар? Олар өлім ұйқысынан оянатын кез келе ме?

a “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасының” біраз жерінде “көр” сөзі адамның өліміне нұсқайтын еврейдің “шеол” және гректің “гадес” сөздерінің аудармасы ретінде қолданылған. Кейбір Киелі кітап аудармаларында бұл сөздер “тозақ” деп аударылған. Бірақ тозақ оты туралы ілім Киелі жазбаларға еш негізделмеген.

ӨЛІМНЕН ҚАЙТА ТІРІЛГЕН СЕГІЗ АДАМb

Жесір әйелдің ұлы. Ілияс пайғамбар Исраилдің солтүстігіндегі Сарепта қаласында тұрған жесір әйелдің ұлын қайта тірілткен (Патшалар 1-жазба 17:17—24).

Шунемдік бала. Ілиястың орнын басқан Еліше пайғамбар Шунем деген қаладағы баланы қайта тірілтіп, ата-анасына табыстаған (Патшалар 2-жазба 4:32—37).

Қабірге қойылған ер кісі. Қайтыс болған бір кісіні қабірге қоймақшы болған адамдар асығыстықпен мәйітті Еліше пайғамбардың сүйегі қойылған қабірге тастай салады. Өлген адамның денесі пайғамбардың сүйектеріне тиіп кеткенде, әлгі кісі тіріліп кетеді (Патшалар 2-жазба 13:20, 21).

Наин қаласындағы жесір әйелдің ұлы. Иса пайғамбар қала сыртында бір жігіттің мәйітін жерлеуге кетіп бара жатқан тобырды тоқтатып, марқұмды тірілтті де, қайғырған анасына табыс етті (Лұқа 7:11—15).

Жайырдың қызы. Мәжілісхана жетекшісі болған Жайыр есімді кісі ауырып қалған қызына көмектесуін сұрап Иса пайғамбарға жалынады. Бірақ оның қызы көп ұзамай қайтыс болып кетеді. Бірақ көп ұзамай Иса қызды қайта тірілтеді (Лұқа 8:41, 42, 49—56).

Иса пайғамбардың жақын досы болған Елазар. Елазар қайтыс болғаннан кейін төрт күн өткенде, Иса оны көпшіліктің алдында қайта тірілткен (Жохан 11:38—44).

Дорка есімді әйел. Көптеген игі істерімен танылып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген бұл әйелді Исаның шәкірті Петір қайта тірілтті (Елшілердің істері 9:36—42).

Еутіх есімді жігіт. Еутіх жоғарғы қабаттағы терезеден құлап мерт болғанда, Құдайдың қызметшісі Пауыл оны өлімнен қайта тірілткен (Елшілердің істері 20:7—12).

b Иса Мәсіхтің қайта тірілуі ең басты әрі осы сегізінен өзгеше қайта тірілу болды. Мұны келесі мақаладан біле аласыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу