Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w14 1.1. 3—7 бет.
  • Өліммен бәрі бітпейді!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Өліммен бәрі бітпейді!
  • 2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • “АДАМ ӨЛГЕН СОҢ, ҚАЙТАДАН ТІРІЛЕ МЕ?”
  • ӨЛГЕН АДАМДАР ҚАШАН ҚАЙТАДАН ӨМІР СҮРЕДІ?
  • Қайта тірілу. Өмірден өткендер үшін үміт
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Өмірден өткен адамдарға арналған нағыз үміт
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Өлген соң адаммен не болады?
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
  • Нағыз үміт
    Өлген соң адаммен не болады?
Көбірек мәлімет
2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w14 1.1. 3—7 бет.
Lazarus is resurrected from death and called out from the burial tomb by Jesus.

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ӨЛІММЕН БӘРІ БІТЕ МЕ?

Өліммен бәрі бітпейді!

Бетания Иерусалимнен үш шақырымдай жерде орналасқан шағын ауыл болатын (Жохан 11:18). Иса пайғамбардың өлуіне бірнеше апта қалғанда, мұнда бір қайғылы жағдай орын алды. Исаның жақын досы Елазар аяқ астынан қатты ауырып, қайтыс болды.

Бұл хабарды алғаш естігенде, Иса шәкірттеріне Елазардың ұйықтап жатқанын әрі оны оятуға бара жатқанын айтады (Жохан 11:11). Алайда шәкірттері сөздерінің мағынасын түсінбегендіктен, Иса оларға: “Елазар өлді”,— деп ашық айтты (Жохан 11:14).

Иса Бетанияға келгенде, Елазардың жерленгеніне төрт күн болған еді. Ол марқұмның әпкесі Мартаны жұбатқысы келгенде, Марта оған былай деді: “Ием, осында болғаныңда, бауырым өлмес еді” (Жохан 11:17, 21). Сонда Иса: “Қайта тірілу және өмір — менмін. Маған сенген адам өлсе де, қайта өмір сүреді”,— деп жауап берді (Жохан 11:25).

“Елазар, шық!”

Айтқандарының бос уәде емес екенін көрсету үшін, Иса қабірге жақындады да, қатты дауыстап: “Елазар, шық!”— деді (Жохан 11:43). Сонда қайтыс болған Елазар қабірден шықты! Бұған айналадағы жұрт қайран қалды.

Осының алдында Иса екі адамды қайта тірілткен болатын. Солардың бірі Жайыр есімді кісінің жас қызы еді. Оны қайта тірілтпес бұрын Иса бұл қыздың да жай ғана ұйықтап жатқанын айтқан (Лұқа 8:52).

Жайырдың қызы мен Елазар қайтыс болғанда Иса өлімді ұйқымен салыстырды. Бұл өте орынды салыстыру болып табылады. Неліктен? Себебі ұйықтап жатқан адам ештеңе білмейді, әрі ұйқы ауру мен қасірет сезінбейтін күйді жақсы сипаттайды (Уағыздаушы 9:5; “Өлімді терең ұйқымен салыстыруға болады” деген қоршауды қараңыз). Исаның алғашқы шәкірттері өлген адамның шын мәнінде қандай күйде болатынын жақсы түсінген. Бұған қатысты бір еңбекте былай делінген: “Исаның ізбасарлары өлімді ұйқыға теңеген, ал моланы сенім танытып қайтыс болғандардың демалатын орны ретінде қарастырған”a (“Encyclopedia of Religion and Ethics”).

Өлген адамдардың қасірет шегіп жатпағанын, қайта, жай ғана молада өлім ұйқысында жатқанын білгеніміз бізге жұбаныш береді. Сонымен біз өлген соң адаммен не болатынына қатысты шындықты білдік, ал бұл бізге өлімнен жан ұшыра қорықпауға көмектеседі.

“АДАМ ӨЛГЕН СОҢ, ҚАЙТАДАН ТІРІЛЕ МЕ?”

Түнде тынығып ұйықтағанды жақсы көргенімізбен, қайсысымыз мәңгілік ұйқыға кеткіміз келер еді? Өлім ұйқысына кеткен адамдар Елазар мен Жайырдың қызы сияқты қайтадан өмір сүреді деп үміттене аламыз ба?

Рубасы Әйүп өлуге шақ қалдым деп ойлағанда: “Адам өлген соң, қайтадан тіріле ме?”— деп сұраған болатын (Әйүп 14:14).

Әйүп сұрағына өзі жауап беріп, Құдіретті Құдайға: “Сен Өзің жаратқан мені қайтадан көргің келген кезіңде шақырып, мен Саған жауап берер едім”,— деген (Әйүп 14:15). Ехоба Құдайдың адал қызметшісін қайта тірілтетін уақытты асыға күтетініне Әйүп сенімді болған. Әйүптің айтқаны жай ғана арман болды ма? Жоқ, мүлдем олай емес.

Исаның адамдарды қайта тірілткені Құдайдың оған өлімнің үстінен билік бергенінің айқын дәлелі болып табылады. Шынында да, Киелі кітапта Исада “өлімнің... кілті” бар екені жазылған (Аян 1:18). Иә, өлімнің үстінен билігі бар Иса Елазарды тірілткені сияқты, болашақта да қайтыс болған жандарды қайта тірілтетін болады.

Киелі кітапта қайта тірілу жайлы жиі айтылады. Ежелде өмір сүрген Даниял пайғамбарға бір періште былай деген: “Сен дүниеден өтіп, тынығасың. Ақыр заманда [“күндердің соңында” ЖД] қайта тіріліп, өзіңе дайындалып қойылған үлесіңді иемденесің!” (Даниял 12:13). Ал Иса пайғамбар қайта тірілудің болатынын мойындамаған яһуди жетекшілеріне, атап айтқанда, саддукейлерге: “Сендер Жазбаларды да, Құдайдың құдіретін де білмегендіктен қателесіп тұрсыңдар”,— деген (Матай 22:23, 29). Құдайдың Пауыл есімді қызметшісі болса: “Мен... Құдайдың әділдерді де, әділетсіздерді де қайта тірілтетініне үміттенемін”,— деп жазған (Елшілердің істері 24:15).

ӨЛГЕН АДАМДАР ҚАШАН ҚАЙТАДАН ӨМІР СҮРЕДІ?

Әділдер де, әділетсіздер де қайта тірілетін уақыт қашан келеді? Періште Құдайдың әділ қызметшісі Даниялға оның “күндердің соңында” қайта тірілетінін айтқан. Марта да ағасы Елазардың “соңғы күні болатын қайта тірілу кезінде тірілетініне” сенімді болған (Жохан 11:24).

Киелі кітапта осы “соңғы күн” Мәсіхтің Патшалығымен байланыстырылады. Пауыл былай деп жазған: “Құдай барлық жауларын аяғына жығып бергенше, ол [Мәсіх] билік жүргізуі тиіс. Жойылатын соңғы жау — өлім” (Қорынттықтарға 1-хат 15:25, 26). Бұл осы Патшалықтың келуін және Құдай еркінің жер бетінде орындалуын сұрап дұға етуімізге келелі себеп болып табыладыb.

Әйүп айтып кеткендей, қайтыс болған адамдарды қайта тірілту — Құдайдың еркі. Сол күн келгенде, өлім түптамырымен жойылады. Сонда ешкім де, ешқашан да “Өліммен бәрі біте ме?” деп сұрамайтын болады.

a Грек тілінен шыққан “зират” сөзі “ұйықтайтын орын” дегенді білдіреді.

b Құдай Патшалығы жайлы көбірек білу үшін Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабының 8-тарауын қараңыз. Бұл кітапты www.jw.org сайтынан табуға болады.

Өлімді терең ұйқымен салыстыруға болады

  • “Уа, Құдай Ием, назар аударып, құлақ сала гөр, Өлмейін, көзімді қайтадан жарқырата гөр” (Забур 12:4).

  • “Досымыз Елазар ұйықтап жатыр, ал мен оны оятқалы бара жатырмын”. Сонда шәкірттері: “Ием, ұйықтап жатса, онда жазылады”,— деді. Иса Елазардың өлгенін айтып тұрған еді” (Жохан 11:11—13).

  • “Дәуіт өз заманында Құдайдың еркін орындағаннан кейін, өлім ұйқысына кетті” (Елшілердің істері 13:36).

  • “Мәсіх өлім ұйқысындағылардың алғашқысы болып тірілді” (Қорынттықтарға 1-хат 15:20).

  • “Үміті жоқ басқалар сияқты қайғырмауларың үшін, сендерді өлім ұйқысында жатқандар туралы да бейхабар қалдырғымыз келмейді” (Салоникалықтарға 1-хат 4:13).

Өлгендер қайта тіріледі

  • “Сендердің өлген адамдарың қайтадан өмір сүреді, олардың тәндері өлімнен қайта тірілмек... Өлімнен оянып, шаттана әндетіңдер!” (Ишая 26:19).

  • “Жер қойнында жатқан сансыз көп өлгендер қайта тіріледі” (Даниял 12:2).

  • “Қабірдегілердің бәрі оның даусын еститін уақыт келе жатыр, сонда олар қабірден шығады” (Жохан 5:28, 29).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу