Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb17 108—109 бет.
  • “Құдайдың қолынан бәрі келеді”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Құдайдың қолынан бәрі келеді”
  • 2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Ұқсас мәлімет
  • Ғасырлар бойы жасырын болған қазына
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Күйеуім тоқтай алмай оқыды!
    2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Жеңілдетілген баспа ісінің игілігін “әртүрлі адамдар” көруде
    Садақаларыңыз қайда жұмсалады?
  • Қызметте журналдарды ұсынуға көңіл бөл
    Біздің патшалық қызметіміз. 2005
2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb17 108—109 бет.

ГРУЗИЯ

“Құдайдың қолынан бәрі келеді”

Натела Григориадис

  • ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1960

  • ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1987

  • ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Сауда менеджері Натела шомылдыру рәсімінен өткен соң көп ұзамай тәжірибесі мен таныстарының арқасында астыртын әдебиет шығаруға көмектескен.

Натела Григориадис

1980 жылдары “Күзет мұнарасы” жиналысты өткізетін бауырласта ғана болатын, оның өзі қолдан жасалған көшірме еді. Мен ақсақалдардың бірі Генади Гудадзеге барып, журналдарды өзіміз басайық деп ұсындым.

Бұған дейін бауырластар өздері мимеограф жасап, азын-аулақ әдебиеттер басып шығаратын. Әдебиетті үзбей басып тұру үшін, жақсы жұмыс істейтін мимеограф, жазу машинасы, тәжірибелі машинистка, көп трафарет қажет еді. Бірақ баспа құралдарының бәрі, тіпті қағаз да, үкімет тіркеуінен өтетін, әрі бәрін арнайы қауіпсіздік қызметі қадағалайтын.

Мен бір танысымнан қолданыстан алынып тасталған, үкіметтің де қарамағынан шыққан машинка сатып алдым. Ал менің сіңлім машинистка еді, сондықтан бізге көмектесе алатын. Бауырластар жаңа мимеограф жасады, трафареттер алатын жер де тапты. Бәрі орын-орнына орналастырылып, көп ұзамай грузин тілінде алғашқы “Күзет мұнарасы” журналы шықты.

Бірақ жолымызда тағы бір кедергі болды. Бір күні маған Генади келіп: “Бізге трафарет алатын басқа бір жер табу керек”,— деді. Сосын ол бір мемлекеттік мекемеден трафарет көргенін, бірақ полиция қызметкерлері қарап тұрғандықтан сатып ала алмағанын айтты. Енді трафаретті қайдан аламыз? Мен: “Бұл біздің қолымыздан келмейді!”— дей бердім. Генади болса кесіп алғандай: “Олай деуіңді қой. Құдайдың қолынан бәрі келеді!”— деді (Мат. 19:26).

Келесі күні қобалжып әлгі мекемеге бара жатқанда, ойымнан осы сөздер кетпеді. Ехоба мені жылы жүзді бір машинисткаға бағыттады. Ол менің өтінішіме бастықтан рұқсат алып берді. Бастық оның күйеуі болып шықты! Содан трафареттерді үнемі сол жерден алып тұратын болдық. Осы жағдайдан кейін трафареттен еш тапшылық болмады.

Натела Григориадис “Күзет мұнарасын” оқып отыр
    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу