Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w26 ақпан 8—13 бет.
  • Шомылдыру рәсімінің мәні мен маңызы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Шомылдыру рәсімінің мәні мен маңызы
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНІҢ МӘНІ НЕДЕ?
  • ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?
  • “ӘКЕНІҢ, ҰЛДЫҢ ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХТЫҢ АТЫНАН”
  • Шомылдыру рәсімі — өкіндірмес мақсат!
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Шомылдыру рәсімі деген не?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Шомылдыру рәсімінен не үшін өту керек?
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Шомылдыру рәсіміңнің мәні
    Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
w26 ақпан 8—13 бет.

13—19 СӘУІР, 2026

52-ӘН Ехобаға бағышталу

Шомылдыру рәсімінің мәні мен маңызы

“Шәкірттер дайындап, оларды... шомылдыру рәсімінен өткізіңдер” (МАТ. 28:19).

НЕГІЗГІ ОЙ

Бұл мақаладан шомылдыру рәсімінің мәні мен маңызын, сондай-ақ бұл рәсімнің қалай өтетінін білеміз.

1. Шомылдыру рәсімінің маңызы зор екенін қайдан білеміз?

АДАМ Ехобаға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өтіп жатса, бұл — біз үшін үлкен қуаныш! Мәсіхшілер үшін шомылдыру рәсімі бұрыннан зор мәнге ие. Мысалы, б. з. 33 жылы Елуінші күн мейрамында ең алғашқы мәсіхшілер 3000 адамның шомылдыру рәсімінен өткенін көріп, зор қуанышқа кенелген. Елші Петір сол жиналған жұртқа шомылдыру рәсімінен өтудің маңызын айтып түсіндірген еді (Ел. іс. 2:38, 40, 41). Елші Пауыл да өз хатында шомылдыру рәсімін “Мәсіх жайында бастапқы ілімдерге” жатқызған (Евр. 6:1, 2). Шомылдыру рәсімі Киелі кітаптағы негізгі ілімдердің қатарында болғандықтан, біз оның мәні мен маңызын жақсы түсінуіміз керек.

2. Шомылдыру рәсімін жақсы түсінгеніміз қаншалықты маңызды?

2 Іргетасы берік болса, үй шайқалмай, берік тұрады. Тура солай, сеніміміздің негізі болып табылатын ілімдерді, соның ішінде шомылдыру рәсімін, жақсы түсінсек, сеніміміз шайқалмай, берік болады. Шомылдыру рәсімінен бірталай жыл бұрын өтсек те я енді өтейін деп жүрсек те, шомылдыру рәсімінің мәні мен маңызын бәріміз жақсы түсінуіміз керек. Қазір үш сұрақтың жауабын алып көрейік: Шомылдыру рәсімінің мәні неде? Шомылдыру рәсімі қалай өтеді? Әкенің, Ұлдың және киелі рухтың атынан шомылдыру рәсімінен өту деген нені білдіреді?

ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНІҢ МӘНІ НЕДЕ?

3. Шомылдыру рәсімі нені аян етеді?

3 Көпшіліктің алдында шомылдыру рәсімінен өткеніңіз сіз туралы біраз нәрсені аян етеді. Мысалы, 1) Ехоба Құдай мен Иса Мәсіх туралы шындыққа сенетініңізді, 2) күнәларыңызға өкінетініңізді, 3) Ехобаға қызмет ету үшін өміріңізді өзгерткеніңізді, 4) адамзат Иса арқылы ғана құтқарылатынын түсінетініңізді және 5) Құдайға дұғада бағышталып, ұйымымен бірге оның еркін орындауды уәде еткеніңізді көрсетесіз. Сіз шомылдыру рәсімінен өткен сәттен бастап мәңгілік өмірге жетелейтін жолға аяқ басасыз.

4. Суға толықтай батырылып шығу деген нені білдіреді? (Суретті де қараңыз.)

4 Шомылдыру рәсімінен өткенде, сізді суға толықтай батырып шығарадыa. Киелі кітап бұны көміліп, қайта тірілумен салыстырады (Қолостықтарға 2:12 салыстырыңыз). Бұл қатты айтылған теңеу шомылдыру рәсімінен кейін өміріңіз түпкілікті өзгеретінін көрсетеді. Сіз суға батырылғанда бұрынғы өмір салтыңызды артта қалдырасыз, ал судан шыққанда Құдай еркін орындау үшін жаңа өмір бастайсыз.

Коллаж: Бір ер адам біраз кедергіні артта қалдырып, шомылдыру рәсімінен өтіп жатыр. 1. Ол теледидардан рақаттанып бокс көріп отыр. 2. Ол темекі шегіп отыр. 3. Ол ішімдікті тоқтаусыз ішіп отыр. 4. Кейін ол бассейнде шомылдыру рәсімінен өтіп жатыр.

Сіз шомылдыру рәсімінен өткенде, бұрынғы өмір салтыңызды артта қалдырып, Құдайдың еркін орындау үшін жаңа өмір бастайсыз (4-абзацты қараңыз)


5. Шомылдыру рәсімінен өтуге талпыну мен Нұхтың кеме соғуы қай жағынан ұқсас? (Петірдің 1-хаты 3:18—21)

5 Петірдің 1-хаты 3:18—21 оқыңыз. Егер сіз Киелі кітапты енді зерттей бастаған болсаңыз, “шомылдыру рәсімінен өту үшін талай нәрсе істеу керек екен, мен оның бәрін істей аламын ба?” деп уайымдайтын шығарсыз. Тіпті “бұның бәрінің не керегі бар?” деген ой келер. Бірақ шомылдыру рәсімі күш салып, еңбектенуге тұрады. Неге екенін түсіну үшін Киелі кітапта жазылған Нұх пайғамбардың оқиғасын еске алыңызшы. Ешқашан кеме соғып көрмегендіктен, Нұхқа алып кемені соғу оңай болмағаны анық. Бірақ оған Құдайдың өзі көмектесті. Ехоба оған кемені қалай соғу керектігін егжей-тегжейлі айтып түсіндірді. Сонда Нұх бәрін Құдай айтқандай істеп, үлкен етіп кеме соқты. Соның арқасында ол Топан судан аман қалды. Нұх сияқты сіз де “Құдай қалай айтса, дәл солай істей” берсеңіз, қолыңыздан бәрі келеді (Мұс. 1-ж. 6:22).

6. Шомылдыру рәсімі бізді қай мағынада “құтқарып жатыр”?

6 Елші Петір 21-тармақта шомылдыру рәсімі бізді “құтқарып жатқанын” айтқан. Әрине, жай ғана суға батырылып шыққанымыз бізді құтқармайды, күнәларымызды да жуып-шаймайды. Өйткені Исаның төгілген қаны ғана бізді күнәдан жуып тазарта алады (Жох. 1-х. 1:7). Онда шомылдыру рәсімінен өтудің не қажеті бар? Біріншіден, бұл — Ехобаның талабы. Екіншіден, шомылдыру рәсімінен өтуімізбен біз “Құдайдан таза ар-ұждан сұраймыз”. Ехоба Мәсіхтің төлем құрбандығының негізінде бұл өтінішімізді орындап, күнәларымызды кешіреді, сөйтіп, бізге таза ар-ұждан сыйлайды. Міне, осы мағынада шомылдыру рәсімі бізді “құтқарып жатыр”, яғни мәңгі өмір сүруімізге жол ашып жатыр.

ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

7. Шомылдыру рәсімі қалай өту керек?

7 Киелі кітапта адамның суға толықтай батырылып шығуы керектігі анық айтылған. Бірақ онда бұл рәсімге қатысты егжей-тегжейлі нұсқаулар жоқ. Десе де шомылдыру рәсімі кезінде не орынды, не орынсыз болатынын Киелі кітап принциптерінің көмегімен түсіне аламыз. Мысалы, сол принциптердің арқасында біз шомылдыру рәсімінен өтушілердің қандай киім кигені дұрыс болатынын, тамашалап тұрғандар өздерін қалай ұстау керектігін білеміз (Қор. 1-х. 14:40; Тім. 1-х. 2:9). Әдетте шомылдыру рәсімінен ақсақалдар өткізеді, біз сол үшін оларға ерекше қошемет көрсетпейміз (Қор. 1-х. 1:14, 15). Сондай-ақ шомылдыру рәсімін тамашалап тұрғандардың аз-көптігі аса рөл ойнамайды (Ел. іс. 8:36).

8. Шомылдыру рәсімінен өтушілер қандай екі сұраққа жауап береді және неге? (Елшілердің істері 2:38—42) (Суретті де қараңыз.)

8 Киелі кітапта: “Адам... сенімін аузымен жариялау арқылы құтқарылады”,— делінген (Рим. 10:9, 10). Бұл сөздер уағыздауға ғана емес, шомылдыру рәсімінен өтетін күнге де қатысты. Әдетте шомылдыру рәсімінен өтушілер көпшіліктің алдында дауыстап екі сұраққа жауап береді. 1-сұрақ: “Сіз күнәларыңызға өкініп, өзіңізді Ехобаға бағыштадыңыз ба және Иса Мәсіх арқылы құтқарылуға жол ашылғанына сенесіз бе?” Бұл сұрақ адамның шомылдыру рәсімінен өткенге дейін не істегеніне назар аударады, яғни ол күнәларына өкінгенін көрсетеді. 2-сұрақ: “Шомылдыру рәсімінен өтуіңізбен сіз Ехоба куәгері болып, Ехобаның ұйымына қосылатыныңызды түсінесіз бе?” Бұл сұрақ адамның шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін не істейтініне назар аударады, яғни ол Ехобаның ұйымы беретін нұсқауларға мойынсұнуды және бауырластармен иық тіресе қызмет етуді уәде етеді. Осы екі сұрақтың астарында жатқан екі жайт бірінші ғасырда да көрініс тапқан. Елуінші күн мейрамында елші Петір адамдарды өкінуге шақырған. Кейін шомылдыру рәсімінен өткен адамдар елшілерден тәлім алып, өзара араласып, бірге дұға етіп жүрген (Елшілердің істері 2:38—42 оқыңыз). Сонымен, адам екі сұраққа “Иә” деп нақты жауап беріп, сенімін аузымен жариялаған соң, шомылдыру рәсімінен өте алады.

Конгресте ең алдыңғы қатарда тұрған әртүрлі жастағы шомылдыру рәсімінен өтушілер қойылған екі сұраққа жауап беріп, сенімдерін аузымен жариялап жатыр.

Сіз шомылдыру рәсімінен өткенде, көпшіліктің алдында сеніміңізді жариялайсыз (8-абзацты қараңыз)d


9. Құдайдың ықыласына ие болғысы келетін әрбір адам не істеу керек?

9 Бәлкім, сіз зерттеу сабағын бастамай тұрып та көп нәрсені дұрыс істеген шығарсыз, Ехобаға ұнамайтын ауыр күнәларды да жасамаған боларсыз. Я болмаса кішкентайыңыздан Ехобаны жақсы көріп өскен шығарсыз. Сол себепті сізде мынадай сұрақ туар: “Өкінетіндей ештеңе істемесем де өкінуім керек пе?” Иә, Құдайдың ықыласына ие болғысы келетін кез келген адам өкінуі керек. Алған тәрбиеміз қаншалықты жақсы болмасын, бәріміз түбінде күнәкармыз. Ал күнәкарлық бізге Құдаймен дос болуға тосқауыл болып тұрады (Зәб. 51:5). Бірақ Ехоба жайлы білім алғанда, біз күнәкар болып туылғанымызды және өмірде бәрін Ехоба қалағандай істемегенімізді түсінеміз. Осыны түсінгенде біз өкініп, өмірімізді өзгертуіміз керек. Бұдан былай өзімізге емес, Ехобаға ұнайтынды істеп, оны өмірде басты орынға қоюға бел бууымыз қажет. Содан кейін ғана шомылдыру рәсімінен өтсек болады (Ел. іс. 3:19).

10. Басқа дінді ұстанып жүргенде шомылдыру рәсімінен өткен болсаңыз, не істеуіңіз керек?

10 Сіз басқа дінді ұстанып жүргенде шомылдыру рәсімінен өткен болсаңыз, Ехоба куәгері ретінде қайтадан шомылдыру рәсімінен өтуіңіз керек пе? Иә. Өйткені ол кезде сіздің Ехоба мен Иса жайлы тура біліміңіз болған жоқ. Тіпті Құдайға дұғада бағышталсаңыз да, сіз бұл уәдеңізді Құдайдың еркін түсініп берген жоқсыз. Елші Пауылдың кезінде осыған ұқсас жағдай болған. Ол Ефесте шомылдыру рәсімінен өткен шәкірттерді кездестірген. Бірақ олардың Иса жайлы шындықты білмейтінін көріп, Пауыл оларға қайтадан шомылдыру рәсімінен өту керектігін айтқанb (Ел. іс. 19:1—5). Көргеніміздей, адам Құдайдың еркі жайлы тура білім алмай жатып шомылдыру рәсімінен өтетін болса, бұның еш мәні болмайды.

“ӘКЕНІҢ, ҰЛДЫҢ ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХТЫҢ АТЫНАН”

11. “Әкенің, Ұлдың және киелі рухтың атынан шомылдыру рәсімінен өту” деген нені білдіреді? (Матай 28:18—20)

11 Иса: “Шәкірттер дайындап, оларды Әкенің, Ұлдың және киелі рухтың атынан шомылдыру рәсімінен өткізіңдер”,— деген (Матай 28:18—20 оқыңыз). Киелі кітаптағы “атынан” деген сөз біреудің билігін, дәрежесін мойындауды білдіреді. Әдетте бір кісінің не бір ұйымның атынан келген адам сол кісінің не сол ұйымның беделін мойындайды. Тура солай, біз Әкенің, Ұлдың және киелі рухтың атынан шомылдыру рәсімінен өткенде, Ехоба мен Исаның билігін, киелі рухтың рөлін мойындайтынымызды көрсетеміз. Сіз де мұны мойындайтыныңызды қалай көрсетсеңіз болады?

12. Әкенің атынан шомылдыру рәсімінен өтуімізбен нені көрсетеміз? (Аян 4:11) (Суретті де қараңыз.)

12 Әкенің атынан. Біз Ехобаны өмір сыйлаған көктегі Әкеміз, Құдіреті шексіз Құдай және тіршілікке бастау берген Жаратушы деп мойындаймыз (Аян 4:11 оқыңыз). Біз Ехобаның дұғаларды тыңдайтынына да сенеміз. Дұға еткенде біз оның атын атап шақырамыз, сондай-ақ адамдарға оның атынан сөйлеп, уағыздаймыз (Зәб. 65:2). Бұдан бөлек, біз шомылдыру рәсімінен өтерде Әке жайлы тағы бір нәрсені мойындауымыз керек. Бұны Елуінші күн мейрамында болған оқиғадан көруге болады. Елші Петірді тыңдап тұрған адамдар Ехобаның кім екенін бұрыннан білетін, бірақ олар енді Ехоба адамдарға мәңгілік өмір сыйлайтынын және сол үшін өзінің Ұлын құрбан еткенін түсініп, мойындау қажет еді (Рим. 5:8).

Алдыңғы суретте шомылдыру рәсімінен өткен әйел бауырластардың бірі үйінде дұға айтып отыр.

Шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін де Әкенің билігін мойындайтыныңызды көрсете беріңіз (12-абзацты қараңыз)


13. Ұлдың атынан шомылдыру рәсімінен өтуімізбен нені көрсетеміз? (Суретті де қараңыз.)

13 Ұлдың атынан. Біз Исаны Құдайдың жалғыз Ұлы деп мойындаймыз. Иса — жол, біз ол арқылы ғана Құдаймен дос бола аламыз (Жох. 14:6). Иса — Құнымызды өтеп алушы, ол біз өмір сүрсін деп өз өмірін қиған. Осыны түсінгеніміз бізді шомылдыру рәсімінен өтетін күні ғана емес, күн сайын Исаға еліктеп, оның ізімен жүруге талпындырады (Жох. 1-х. 2:6). Сол үшін де біз Иса сияқты ештеңеге қарамай, ізгі хабарды зор құлшыныспен уағыздаймыз (Лұқа 4:43). Құдайға адал қызмет ету үшін тіпті қуғын-сүргінге шыдауға дайынбыз (Тім. 2-х. 3:12). Сондай-ақ біз Исаны қауымның басы ретінде құрметтейміз. Сондықтан ол ізбасарларына жетекшілік етіп, қамқорлық көрсету үшін тағайындаған адамдарға қуана мойынсұнамыз (Ефес. 4:8, 11, 12; 5:23).

Алдыңғы суретте шомылдыру рәсімінен өткен ер бауырластардың бірі үйме-үй уағыздап жүргенде, бір ер кісіге тармақ оқып беріп жатыр.

Шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін де Ұлдың билігін мойындайтыныңызды көрсете беріңіз (13-абзацты қараңыз)


14. а) Киелі рухтың атынан шомылдыру рәсімінен өтуімізбен нені көрсетеміз? (Суретті де қараңыз.) ә) Майланғандар тағы қандай шомылдыру рәсімдерінен өтеді? (“Майланғандар өтетін шомылдыру рәсімдері” деген қоршауды қараңыз.)

14 Киелі рухтың атынан. Біз киелі рухты Құдайдың құдіретті күші деп мойындаймыз. Оны тұлға деп те, үштік сенімге қатысы бар деп те санамаймыз. Біз пайғамбарлар мен жазушылар Киелі кітапты киелі рухтың жетелеуімен жазғанына сенеміз. Сондықтан Киелі кітапты жүйелі түрде оқып, сонда айтылғандарға сай өмір сүреміз (Пет. 2-х. 1:20, 21). Сондай-ақ біз ауыр күнә жасаудан барынша аулақпыз. Өйткені бұл киелі рухтың өзімізге ғана емес, бүкіл қауымға әсер етуіне тосқауыл болуы мүмкін екенін түсінеміз (Ефес. 4:30).

Алдыңғы суретте шомылдыру рәсімінен өткен әйел бауырластардың бірі үйінде Киелі кітабын оқып отыр.

Шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін де киелі рухтың рөлін мойындайтыныңызды көрсете беріңіз (14-абзацты қараңыз)


Майланғандар өтетін шомылдыру рәсімдері

Суға шомылдыру рәсімінен өтуден бөлек, майланғандар төмендегі шомылдыру рәсімдерінен де өтеді:

  • Олар Мәсіхпен бірге көкте қызмет етуге таңдалғанда киелі рухқа шомылдырылады (Мат. 3:11).

  • Олар Мәсіхке шомылдырылады, яғни “Мәсіхпен бірлікте болу үшін шомылдыру рәсімінен өтеді”. Сол үшін де олар “Мәсіхтің денесі” деп аталады (Ғал. 3:27, 28; Қор. 1-х. 12:27).

  • Олар Мәсіхтің өліміне шомылдырылады, яғни Мәсіхтің “өліміне ортақтасу үшін” шомылдыру рәсімінен өтеді. Бұл олардың жердегі өмірін аяқтап, көкке көтерілгенге дейін Исаның қалдырған ізімен тура жүретіндерін білдіреді (Рим. 6:3—5).

15. Біз әрі қарай да не істей беруіміз керек?

15 Егер сіз шомылдыру рәсімінен өткен болсаңыз, бұл негізгі ілімнің мәні мен маңызын түсінетініңізге көз жеткізіп тұрыңызc. Сондай-ақ шомылдыру рәсімінен өтерде Ехобаға берген уәдеңізден таймай, соған сай өмір сүре беріңіз. Ал егер шомылдыру рәсімінен әлі өтпеген болсаңыз, сізді бір нәрсе ұстап тұрған болар. Келесі мақала сізге шомылдыру рәсіміне қарай нық қадам басуға көмектеседі.

ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕР ЕДІҢІЗ?

  • Шомылдыру рәсімі нені аян етеді және суға толықтай батырылып шығу деген нені білдіреді?

  • Шомылдыру рәсімінен өтушілер қандай екі сұраққа жауап береді және неге?

  • “Әкенің, Ұлдың және киелі рухтың атынан шомылдыру рәсімінен өту” деген нені білдіреді?

161-ӘН Сенің еркің жанға рақат

a “Шомылдыру рәсімі” деп аударылған гректің “баптизма” сөзі “батыру” деген мағынаны береді. Демек, шомылдыру рәсімі деген, кейбір діндерде қалыптасқандай, адамға жай ғана су бүркіп қоюды білдірмейді, шомылдыру рәсімінен өткенде адам толықтай суға батырылуы қажет.

b Ефестегі бұл адамдар Жақияның шомылдыру рәсімінен өткен еді (Ел. іс. 19:3). Жақия яһудилерді Мұса Заңына қарсы жасаған күнәларына өкінуге шақырған, кейін ол өкінгендерді шомылдыру рәсімінен өткізген (Мар. 1:4, 5). Бірақ Мұса Заңы күшін жойғанда, Жақияның шомылдыру рәсімінің де күші жойылды. Содан бері Құдай құтқарылуға жеткізетін бір ғана шомылдыру рәсімін құптайды (Ефес. 4:5).

c jw.org сайты мен JW Library® қосымшасындағы “Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар” мақалалар топтамасынан “Шомылдыру рәсімі деген не?” деп аталатын мақаланы оқып көріңіз.

d СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Конгресте шомылдыру рәсімінен өтушілер екі сұраққа жауап беріп, сенімдерін аузымен жариялап жатыр.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу