ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ
Киелі кітаптағы оқиғаларды елестетіңіз
Біз Киелі кітапта жазылған оқиғаларды оқып, көп тәлім ала аламыз. Оларды көз алдымызға елестететін болсақ, жақсырақ түсінеміз әрі көбірек пайдасын көреміз. Ал қазір Киелі кітап оқиғаларын елестетуге көмектесетін бірнеше қадамды қарастырайық.
Дауыстап оқу. Киелі кітапты дауыстап оқысаңыз, кейіпкерлерге жан бітіріп, оқиғаны жақсырақ елестетесіз. Отбасы болып оқысаңыздар тіптен жақсы. Ондай кезде оқиғаны рөлге бөліп оқуға болады.
Кейіпкерлердің жағдайын елестетіңіз. Кейіпкердің не ойлап, не сезінгенін түсініп көріңіз. Ол үшін мынандай сұрақтар қойсаңыз болады: Бұл адам неге олай деді екен, неге олай істеді екен? Оның орнында болсам, мен не істер едім?
Суретін салып көріңіз. Жақсы суретші болмасаңыз да, суретін шамалап болсын салып көргеніңіздің өзі оқиғаны елестетуге және оны есте сақтауға жақсы көмектеседі.