Жәбір көрген әйелдерге көмек
“ДҮНИЕЖҮЗІ бойынша миллиондаған қыз бен әйел қорлық пен зорлық-зомбылықтың құрбаны болуда. Сіз де солардың бірісіз бе? Сіздің қауіпсіздігіңіз Құдай үшін маңызды ма? Ол нәзік жандарға қарсы қатыгездікті тоқтатады ма? Сол туралы біліңіз”.
JW.ORG сайтындағы “Әйелдер қауіпсіздігі. Киелі кітаптың көзқарасы” деген мақала осындай елең еткізер сөздермен басталады. Бұл мақаланы басып шығарып, буклет жүзінде қолдануға болады. Ол үшін мақаланың соңындағы “Мақаланың баспа нұсқасын жүктеңіз” деген сілтемеге өту керек. Құрама Штаттарда тұратын Стейси есімді Куәгер мақаланы қағаз жүзінде басып шығарып, бір бауырласпен әйелдерге арналған дағдарыс орталығынаa барған екен.
Сол орталықта істейтін бір жұмысшы осы буклеттен тағы көбірек алып келуді сұрайды. Содан бауырластар буклеттің 40 данасына қоса, сайтымыздың 30 байланыс картасын үлестіріп шығады. Бауырластардың келесі келгенінде сол жердің меңгерушісі орталықты паналап отырған әйелдерге Киелі кітапты зерттеу сабағы қалай өтетінін көрсетіп беруді өтінеді.
Стейси бауырласымыз қасына тағы екі әйел бауырласты ертіп, басқа бір дағдарыс орталығына барады. Ол жақта буклеттің бес данасын таратып, келесіде тағы да әкелетін болып келіседі. Бір жұмысшы: “Мына мағлұматтарыңыз керемет екен. Бізге тура осы керек еді”,— деп лебізін айтты. Куәгерлердің ендігі келгендерінде әйелдердің біразы жиналып, зерттеу сабағы қалай өтетінін тамашалады. Араларындағы екеуі келесі аптада Патшалық сарайына барып, қауым кездесуіне қатысуға ықылас білдірді.
Стейси бауырласымыз былай деп қорытындылады: “Орталықтағы әйелдер қауымы бұл мақаланы шын ықыласпен қабылдағанын көріп, өзіміз қуанып кеттік. Оларға мақаланы буклет жүзінде беріп, Патшалық туралы хабарды жеткізген маған ұнады. Олар бізді жылы қабылдағандарына толқып кеттік. Ехоба біздің еңбегімізге әрі қарай қалай батасын төгетінін көруге асықпыз”.
a Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыз-келіншектер дағдарыс орталықтарынан пана таба алады. Ол жерде уақытша тұратын жер беріліп, қажетті көмек көрсетіледі.