ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ
Суреттерден тәлім алыңыз
Біздің әдебиеттеріміз түрлі-түсті, әдемі суреттерге толы. Олар жай суреттер емес, тәлім беретін суреттер. Олардың бар пайдасын көру үшін не істесеңіз болады?
Мақаланы оқымас бұрын, суреттерін бірсыпыра қарап шығыңыз. Дәмді тамаққа көзің түскенде-ақ жегің келіп кетеді ғой, тура солай суреттерін көріп-ақ мақаланы оқуға деген тәбетіңіз ашылуы мүмкін. Сондықтан мақаланы ашқанда “не көріп тұрмын?” деп ойланыңыз (Амос 7:7, 8).
Мақаланы оқып жатқанда, бұл сурет не үшін тұр деп ойланып көріңіз. Суретке берілген жазуды не сипаттаманы оқып шығыңыз. Суреттің негізгі тақырыппен байланысын көруге тырысыңыз. Кейін сол суреттің өзіңізге қандай қатысы бар екенін ойлаңыз.
Мақаланы оқып болған соң, суреттердің көмегімен негізгі ойларды қайталап шығыңыз. Ол үшін көзіңізді жұмып, мақаладағы суреттерді елестетіңіз, кейін сол суреттерден қандай тәлім алғаныңызды еске түсіріңіз.
Қане, осы журналдағы суреттерді еске түсіріп көріңізші. Суреттер бойынша негізгі ойларды айтып бере аласыз ба?