9-САБАҚ
Көрнекі құралдарды дұрыс пайдалану
Мұсаның 1-жазбасы 15:5
САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Маңызды ойлардың ажарын ашу үшін көрнекі құралдарды пайдаланыңыз.
ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:
Тәліміңізді көркейте түсетін көрнекі құралдарды таңдау. Суреттерді, диаграммаларды, карталарды, уақыт сызбалары мен басқа да көрнекі құралдарды қолданып, болмашы ұсақ-түйектерді емес, маңызды ойларды аша түсіңіз. Тыңдаушылар көрнекі құралды ғана емес, үйреткіңіз келген маңызды ойды да есте сақтасын.
Көрнекі құралдарды тыңдаушыларға жақсы көрінетіндей етіп істеу. Мысалы, мінбеден сурет көрсетуді ұйғарсаңыз, суреттің көлемі үлкендеу болуын қамдастырыңыз.