Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp23 № 1 8—9 бет.
  • 2 | “Жазбалардан алған жұбанышымыз”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 2 | “Жазбалардан алған жұбанышымыз”
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2023
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Сөздердің мәні
  • Пайдасы
  • Жасөспірімдер және депрессия
    Ояныңдар! 2017
  • 3 | Киелі кітап кейіпкерлері қуат берер
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2023
  • Жабырқау көңіліңізге Ехоба демеу болсын!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Ехобаның күшінен жұбаныш табыңдар
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2023
wp23 № 1 8—9 бет.
Бір ата Киелі кітаптан оқығаны жайлы ойланып отыр.

2 | “Жазбалардан алған жұбанышымыз”

КИЕЛІ ЖАЗБАЛАРДЫҢ АЙТАРЫ: “Бұрын жазылғандардың бәрі бізге тәлім болсын деп жазылған. Осылайша табандылығымыз арқылы және Жазбалардан алған жұбанышымыз арқылы үмітке ие бола аламыз” (РИМДІКТЕРГЕ 15:4).

Сөздердің мәні

Киелі жазбаларда көңілі сынық, жаны жүдеу жандарға жұбаныш болатын сөздер өте көп. Сол сөздер адамға жағымсыз ойлармен күресуге көмектеседі. Сондай-ақ ол жерде үміт беретін де хабар бар: жақында жанымыз сыздамайтын кез келеді.

Пайдасы

Бәріміз де кей кездері мұңайып, жабырқап жатамыз. Бірақ депрессия немесе мазасыздық деген ауруға шалдыққандар күнде осындай сезімде жүреді. Оларға Киелі кітап қалай көмектесе алады?

  • Киелі кітапта жағымсыз ойларды алмастыратын көптеген жақсы ойлар бар (Філіпіліктерге 4:8). Олар санамызды тыныштыққа бөлеп, жұбатады. Сезімдерімізді де басқаруға күш береді (Зәбүр 94:18, 19).

  • Киелі кітап өзімізді төмен санамауға көмектеседі (Лұқа 12:6, 7).

  • Киелі кітаптың көп жерінде біз жалғыз емес екенімізді, Жаратушымыз Құдай біздің сезімдерімізді толықтай түсінетіні айтылған (Зәбүр 34:18; Жоханның 1-хаты 3:19, 20).

  • Киелі кітапта Құдай жаман естеліктерді “көңілден алып тастаймын” деп уәде етіп отыр (Ишая 65:17; Аян 21:4). Қорқынышты ойлар мен сезімдер бойыңызды басып алған кезде осы бір жарқын үміт сізге алға басуға күш берсін

Киелі кітаптың Джессикаға көмегі

Ауруым жайлы

Джессика қолындағы Киелі кітабымен ұйықтап қалды.

“Мен 25 жаста болған кезде жүйкем ештеңені көтере алмай, депрессияның ауыр түріне шалдықтым. Есіме кенеттен бұрынғы жағымсыз оқиғалар түсіп кетіп, жанымды жегідей жейтін. Дәрігер мендегі депрессия жағымсыз ойлармен байланысты екенін түсіндірді. Ал сол жағымсыз ойларды қоздыратын — менің өмірімде болған жаман жағдайлар. Маған дұрыс ем керек болды. Сондай-ақ менімен сөйлесіп, бұрыс ойларымды анықтап, оларды түзеуге көмектесетін дәрігер керек еді.

Киелі кітаптың көмегі

Ауруым жанымды бүріп, басымды көтере алмай қалған кезде, бойымды ұстамалы үрей, шектен тыс уайым басып, ұйқым қашады. Жиі түнде менің миымды мазасыз ойлар торлап алады. Зәбүр 94:19-да біз сарыуайымға салынған кезде, Ехоба жұбатып, жанымызға жай беретіні айтылған. Мен Киелі кітабымды және жігерлі тармақтар жазылған қойын дәптерімді төсегімнің қасына қойып қоямын. Сөйтіп, ұйқым қашқан кездері кейбір Киелі кітап тармақтарын оқимын. Сол кезде Ехоба мені басымнан сипап жатқандай сезінемін.

Киелі кітапта “Құдай жайлы білетінімізге қайшы келетін ойларды талқандаңдар” деген сөздер бар. Бұрындары мен өзімді түк құны жоқ, сүйкімсіз адам деп ойлайтынмын. Бірақ сол ойларым Киелі кітапқа мүлдем қайшы екенін білдім. Киелі кітапта Құдай жанашыр, сүюші Әкемен салыстырылады және ол біздің әрқайсысымыздың қамымызды ойлайды. Бірте-бірте ойлар менің емес, мен олардың қожайыны бола бастадым. Сөйтіп, өзіме Құдайдың көзімен қарауды үйрендім. Осындай үлкен өзгерістің арқасында мен өзімді төмен санамайтын болдым.

Санамда кене сияқты жабысып алып, кетпей тұрған өмірімнің жаман естеліктері бір күні жоқ болады. Сонда қазіргі ауруым кешегі күннің қайтып келмес елесі болып қалады. Мен сол күнді тағатсыздана күтіп жүрмін. Осы ой мені қиындыққа сынбай, алға жетелеп келеді. Алдағы болашақта мен осы ауруымды жеңемін”.

Толығырақ мәлімет

jw.org сайтына кіріп, “Депрессиямен қалай күресе аламын?” деген мақаланы оқып көріңіз.

Сайттан Зәбүр жырларының аудиожазбасын тыңдап көріңіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу