Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp23 № 1 10—11 бет.
  • 3 | Киелі кітап кейіпкерлері қуат берер

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 3 | Киелі кітап кейіпкерлері қуат берер
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2023
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Сөздердің мәні
  • Пайдасы
  • 2 | “Жазбалардан алған жұбанышымыз”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2023
  • 4 | Киелі кітаптағы құнды кеңестер
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2023
  • Денсаулығым нашар болса... (3-бөлім)
    Жастардың сауалдары
  • Көңіл күйімді қалай қадағаласам болады?
    Жастардың сауалдары
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2023
wp23 № 1 10—11 бет.
Күйзеліп тұрған Мұса пайғамбар көкке қарап, Құдайға дұға етіп тұр.

3 | Киелі кітап кейіпкерлері қуат берер

КИЕЛІ КІТАПТА... “Біздікіндей сезім бар болған” адал ер мен әйелдердің оқиғалары бар (ЖАҚЫП 5:17).

Сөздердің мәні

Киелі кітапта сезімдердің сан алуан түрлерін өткерген ер мен әйелдердің мысалдары жетіп артылады. Олар жайлы оқығанда, арасынан жанымыз егіз болған біреуді тауып алатын шығармыз.

Пайдасы

Біз басқалар жанымызды ұқса екен дейміз. Ал психикалық денсаулықтары сыр берген адамдар болса, бұған екі есе мұқтаж. Киелі кітапта шын адамдардың өмірін оқыған кезде, ой-сезімдері біздікіндей адамдарды кезіктіретін шығармыз. Сонда жанымыз тынышталып, осы күресте жалғыз емес екенімізді түсінеміз. Бізге дейін де бұндай адамдар болған екен.

  • Киелі кітапта әл-дәрмені құрыған көптеген адамдардың күйініші жазылған. “Болды, біткен жерім осы” деп налыған кезіңіз болған ба? Мұса пайғамбарда болған, Ілияс пайғамбар мен Дәуіт патшада да (Мұсаның 4-жазбасы 11:14; Патшалар 1-жазба 19:4; Зәбүр 55:4).

  • Киелі кітапта жүрегі қарс айырылған Ханна есімді әйел туралы да айтылады. Оны осындай күйге түсірген — оның бедеулігі және күндес әйелдің соны бетіне салық қылғаны (Самуилдің 1-жазбасы 1:6, 10).

  • Киелі кітаптағы Әйүп пайғамбардың күйін де біз кейде түсінетін шығармыз. Аузынан Құдайын тастамаса да, ол өмірде үлкен соққы көрді. Сондықтан бірде ол: “Өмірден жиренемін, бұдан әрі тірі жүргім келмейді”,— деген (Әйүп 7:16).

Осы кейіпкерлердің жағымсыз ойларымен қалай күрескені жайлы оқып-білсек, бізге де өз ауруымызбен күресу жеңіл болады.

Киелі кітаптың Кевинге көмегі

Ауруым жайлы

Кевин екі досымен кофе ішіп отыр

“Елуге қараған шағымда менде биполярлы бұзылыс анықталды. Бір кездері бүкіл қиындығымды шешемін, тау қопарамын деп тұрамын да, бір кездері өмір сүргім келмей қалады.

Киелі кітаптың көмегі

Мен өзімді Киелі кітаптағы Петірге ұқсатамын. Ол қателіктер істеді және артынан өзін түкке тұрғысыз сезінді. Бірақ ол “түкке тұрғысызбын” деген ойға қадалып қалған жоқ. Қайта, өзін қамқорлайтын достарымен болды. Ауруымның кесірінен өзімді жаман сезінген кезде, пендешілігім де қоймай мысымды басып, мені түкке тұрғысыз сезіндіреді. Сондай кездері мен Петір сияқты жақын достарымның қасында болуға тырысамын, өйткені олар маған тұңғиыққа түсіп кетпеуге көмектеседі.

Киелі кітапта тілінген жанымды жазатын тағы бір кейіпкер — ол Дәуіт патша. Ол жиі істеген ісі үшін түңіліп кететін және бұрынғы қателіктерін есіне алып, қатты өкінетін. Мен өзімді оған ұқсататын себебім — кейде мен де артынан өкінетін бір нәрселер істеп немесе айтып қойып жатамын. Дәуіттің 51-інші Зәбүрде айтқан сөздері — менің жанымның шипасы. 3-тармақта ол былай деген: “Жасаған қылмыстарым өзіме аян, күнәм да әрдайым есімде”. Қатты түңілген кездері мен өзімді тура осылай сезінемін. Ондай кездері өзім жайлы жақсы ойлау да қиын болып жатады. Бірақ Дәуіттің 10-тармақта айтқан сөздеріне мен де ортақтасамын: “Уа, Құдайым, кеудеме таза жүрек сала көр, Жаңа да берік рух дарыта көр”. Өзіме басқаша қарауға көмектессін деп мен де осылай Құдайға жалынамын. Ал 17-тармақ — көңілімнің қошы. Ол жерде былай делінген: “Жаралы, күйзелген жүрекке, уа, Құдайым, сен теріс қарамайсың”. Осы тармақ мені мына нәрсеге сендіреді: Құдай мені жақсы көреді.

Киелі кітаптағы осындай кейіпкерлер мен Құдайдың маған көрсетіп жатқан көмегі болашаққа деген үмітімді қайрап жатыр. Киелі кітаптың уәделері мен үшін тірі де шынайы және маған алға басуға қуат береді”.

Толығырақ мәлімет

“Төзім таусылғанда” деген мақаланы jw.org сайтында оқып көріңіз (“Күзет мұнарасы” журналы, 2019 жыл, № 2)

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу