Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp22 № 1 12—13 бет.
  • 4 | Құдайдың көмегіне жүгініңіз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 4 | Құдайдың көмегіне жүгініңіз
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2022
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітаптың айтары:
  • Бұл сөздің мәні:
  • Сізге тиер көмегі:
  • Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Жеккөрушіліктің шеңберінен қалай шығуға болады?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2022
  • Жеккөрушілікті жеңе аламыз!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2022
  • Жеккөрушілік қайдан пайда болады?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2022
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2022
wp22 № 1 12—13 бет.
Адамдар ашық тұрған үлкен Киелі кітапқа жақындап жатыр. Одан адамдарға нұр шашылып тұр. Олардың көлеңкесінде бұрынғы өшпенділікке толы түрлері бейнеленген.

ЖЕККӨРУШІЛІКТІҢ ШЕҢБЕРІНЕН ҚАЛАЙ ШЫҒУҒА БОЛАДЫ?

4 | Құдайдың көмегіне жүгініңіз

Киелі кітаптың айтары:

“Киелі рухтың жемісі — сүйіспеншілік, қуаныш, татулық, шыдамдылық, мейірімділік, ізгілік, сенім, жұмсақтық, ұстамдылық” (ҒАЛАТТЫҚТАРҒА 5:22, 23).

Бұл сөздің мәні:

Жеккөрушіліктің шеңберінен Құдайдың ғана көмегімен шыға аламыз. Құдайдың киелі рухының, яғни құдіретті күшінің көмегімен біз бойымызда жақсы қасиеттер дамыта аламыз. Бұл өзіміздің қолымыздан келмейді. Сондықтан жеккөрушілік пен өшпенділікті өз күшіммен жеңемін деп ойламай, Құдайға жүгінгеніміз абзал. Сонда біз де Құдайдың бір қызметшісі сияқты: “Маған күш-қуат берушінің арқасында бәрін де істей аламын”,— деп ауыз толтырып айта аламыз (Філіпіліктерге 4:13). Сондай-ақ Киелі кітаптағы: “Маған көмек көк пен жердің Жаратушысы Ехобадан келеді”,— деген сөздің растығына көз жеткіземіз (Зәбүр 121:2).

Сізге тиер көмегі:

“Ехобаның арқасында мен қатыгез адамнан бейбітсүйгіш адамға айналдым” (ВАЛЬДО)

Ехоба Құдайға шын жүректен дұға қылып, киелі рух сұраңыз (Лұқа 11:13). Одан өміріңізде жақсы қасиеттер танытуға көмек сұраңыз. Оның Сөзінде сүйіспеншілік, татулық, шыдамдылық пен ұстамдылық секілді қасиеттер жайлы не айтылғанын оқып көріңіз. Себебі осы асыл қасиеттердің көмегімен жеккөрушіліктің уытын қайтара аласыз. Бұл қасиеттерді қай кезде, қай жерде таныта алатыныңыз жайында ойланыңыз. Сондай-ақ сізге осы жағынан үлгі болатын адамдармен араласуға тырысыңыз. Олар сізді “сүйіспеншілікке және игі істерге талпындырады” (Еврейлерге 10:24).

Өмірден алынған​—ВАЛЬДО

Жеккөрушілікті жеңген

Waldo.

Балалық шағы қиын болған Вальдо өте қатыгез болып өсті. Ол былай деп ой бөліседі: “Жиі есірткі сатушылармен болатын ұрыс-төбелеске қатысып, бірнеше рет өлім аузында болдым. Бірде қарсылас бұзақылар тобы мені өлтіру үшін бір адамды жалдаған еді. Бірақ мен тек жарақат алып, қашып құтылдым”.

Әйелі Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты оқи бастағанда, Вальдо мұны мүлдем жақтырмайды. Ол: “Мен Куәгерлерді жек көретінмін, сондықтан жиі оларға балағат сөздер айтып ұрсатынмын. Бірақ олардың әрдайым жұмсақтықпен жауап бергендері мені таңғалдыратын”,— дейді.

Уақыт өте келе, Вальдоның өзі де Киелі кітапты зерттейді. “Білгендерімді өмірде қолдану маған оңай болған жоқ. Мен ашушаң мінезімді ешқашан жүгендей алмайтыныма сенімді болдым”,— дейді ол.

Әрі қарай былай деді: “Бірде менімен Киелі кітапты зерттеп жүрген Алехандро есімді бауырлас Ғалаттықтарға 5:22, 23-ті оқуымды өтінді... Алехандро бұл қасиеттерді өз күшіммен емес, Құдайдың киелі рухының арқасында дамыта алатынымды түсіндірді. Осы шындық менің көзқарасымды толықтай өзгертті!”

Құдайдың көмегімен Вальдо жеккөрушілік шеңберінен шыға алды. “Туыстарым мен бұрынғы достарым менің қатты өзгергенімді көріп, таңғалады,— дейді ол.— Ехобаның арқасында мен қатыгез адамнан бейбітсүйгіш адамға айналдым”.

Вальдоның толық өмірбаяны jw.org сайтында бар (“Күзет мұнарасы” журналы, 1 қазан, 2013 жыл, 12, 13-бет).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу