Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w20 маусым 17-б.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • Ұқсас мәлімет
  • ‘Киелі рухпен өмір сүресің’ бе?
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Құдай рухының өзіңді жетелеуіне жол бересің бе?
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • ‘Мол жеміс беріңдер’
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
  • Шомылдыру рәсімінен кейін де, “жаңа болмысқа” ие бола беріңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
w20 маусым 17-б.

Оқырман сауалдары

Киелі рухтың жемісі Ғалаттықтарға 5:22, 23-те жазылған қасиеттерден ғана тұра ма?

  • СҮЙІСПЕНШІЛІК

  • ҚУАНЫШ

  • ТЫНЫШТЫҚ

  • ШЫДАМДЫЛЫҚ

  • МЕЙІРІМДІЛІК

  • ІЗГІЛІК

  • СЕНІМ

  • ЖҰМСАҚТЫҚ

  • ҰСТАМДЫЛЫҚ

Бұл тармақтарда тоғыз қасиеттің тізімі келтірілген: “Киелі рухтың жемісі — сүйіспеншілік, қуаныш, татулық, шыдамдылық, мейірімділік, ізгілік, сенім, жұмсақтық, ұстамдылық”. Бірақ Құдайдың рухы тек осы қасиеттерді ғана дамытуға көмектеседі деп ойламауымыз қажет.

Оны қайдан білеміз? Елші Пауыл киелі рухтың жемісін атамас бұрын, былай деген: “Тәннің істері... азғындық, арам істер, өрескелдік, пұтқа табынушылық, бақсы-балгерлік, қаскөйлік, жанжалқойлық, қызғаныш, ашу-ызаға берілу, талас-тартыс, алауыздық, секталар құру, іштарлық, маскүнемдік, ырду-дырду той-думан құру және осы сияқтылар” (Ғал. 5:19—21). Пауыл сөзін “осы сияқтылар” деп аяқтаған. Сондықтан ол, Қолостықтарға 3:5-тен көрінетіндей, “тәннің істеріне” жататын басқа да істерді атай алған. Сол сияқты, киелі рухтың жемісіне жататын тоғыз қасиетті атағаннан кейін Пауыл: “Бұларға қарсы еш заң жоқ”,— деген. “Бұларға” деген сөз түпнұсқа тілде “осы сияқтыларға” деп те аударылады. Сондықтан Пауыл киелі рухтың көмегімен дамытуға болатын барлық қасиеттерді атамаған дей аламыз.

Бұны түсіну үшін киелі рухтың жемісін Пауылдың Тімөтеге айтқан алты қасиетімен салыстырып көрейік. Пауыл Тімөтеге: “Әділдік, шын берілгендік, сенім, сүйіспеншілік пен табандылыққа және жұмсақ болуға ұмтыл”,— деген (Тім. 1-х. 6:11). Бұл қасиеттердің үшеуі ғана, атап айтқанда, сенім, сүйіспеншілік пен жұмсақтық киелі рухтың жемісіне жатады. Бірақ Тімөте аталмыш алты қасиеттің өзге үшеуін де — әділдікті, шын берілгендік пен табандылықты — киелі рухтың көмегімен дамыта алатынын түсінді (Қолостықтарға 3:12; Петірдің 2-хаты 1:5—7 салыстырыңыз).

Ендеше, Ғалаттықтарға 5:22, 23-те мәсіхшілер дамытуы қажет барлық қасиеттер аталмаған. Құдай рухы “киелі рухтың жемісіне” жататын тоғыз қасиетті дамытуға көмектесе алады. Бірақ толысқан мәсіхші болу үшін және “әділдік пен адалдыққа сай келетін жаңа болмысқа ие болу” үшін, біз бұдан да көп қасиеттерді дамытуымыз қажет (Ефес. 4:24).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу