Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 6.07. 1-б.
  • ‘Мол жеміс беріңдер’

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • ‘Мол жеміс беріңдер’
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2007
  • Ұқсас мәлімет
  • ‘Мол жеміс беріңдер’
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Жеміс беру және Исаның досы болу
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • “Осы жүзімді қорша”
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Оқырман сауалдары
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2007
km 6.07. 1-б.

‘Мол жеміс беріңдер’

1 Иса бейнелі тілді қолдана отырып, өзін шынайы жүзім бұтасына, Әкесін жүзім өсірушіге, ал өзінің майланған ізбасарларын жеміс беретін сабақтарға теңеген. Бейнелі жүзім өсірушінің рөлін сипаттай отырып, Иса жүзім бұтасына мықтап жабысудың маңыздылығына ерекше назар аударған (Жох. 15:1—4). Бұдан алатын сабақ айқын. Ехобамен тығыз қарым-қатынаста болғысы келген әркім “шынайы жүзім бұтасы” Иса Мәсіхтің өнім беретін сабақтары сияқты болуға тиіс. Біз киелі рух жемісі мен Патшалық жемісін молынан беруіміз керек (Ғал. 5:22, 23; Мат. 24:14; 28:19, 20).

2 Киелі рух жемісі. Біздің рухани жетістіктеріміз көбінше киелі рух жемісін қаншалықты танытатынымыздан көрінеді. Сен Құдай Сөзін жүйелі түрде зерттеп, оқығандарың туралы ой жүгірту арқылы киелі рух жемісін көбірек танытуға тырысып жүрсің бе? (Філіп. 1:9—11) Ехобаны даңқтайтын қасиеттер дамытуға және рухани өсе беруге көмектесетін киелі рухты сұрап еркін дұға ете бер (Лұқ. 11:13; Жох. 13:35).

3 Киелі рух жемісі қызметімізді белсендірек атқаруға да көмектеседі. Мысалы, сүйіспеншілік пен сенім уақытымыздың тығыздығына қарамастан, қызметке үнемі шығып тұруға талпындырады. Тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, ілтипаттылық, ұстамдылық сияқты қасиеттер қарсыластарға кезіккенде, өзімізді дұрыс ұстауға көмектеседі. Ал қуаныштың арқасында адамдар бізге құлақ аспаса да, қызметімізден қанағат ала аламыз.

4 Патшалық жемісі. Біз сондай-ақ Патшалық жемісін бергіміз келеді. Бұған Ехобаның ‘атағын ауызбен мойындап, дәріптеу құрбандығымыз’ жатады (Евр. 13:15). Сондықтан біз ізгі хабарды құлшыныспен әрі табандылықпен жариялаймыз. Патшалық жемісін көбірек беру үшін қызметіңді жақсартуға тырысып жүрсің бе?

5 Иса өзінің адал ізбасарлары әртүрлі мөлшерде жеміс беретінін айтқан (Мат. 13:23). Сондықтан өзімізді басқалармен салыстырмай, Ехобаға жан-тәнімізбен қызмет еткеніміз дұрыс (Ғал. 6:4). Киелі кітапқа сүйене отырып, өз жағдайымызды шыншылдықпен тексергеніміз ‘мол жеміс беру’ арқылы Ехобаны даңқтай беруге көмектеседі (Жох. 15:8).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу