ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 2-ЖАЗБАСЫ 12
Құтқарылу мейрамының мәсіхшілер үшін қандай мәні бар?
Оныншы жазадан жапа шекпеу үшін исраилдіктер Ехобаның нұсқауларын бұлжытпай орындаулары керек еді (М2ж 12:28). Отбасыларына 14 нисан күні түнде өз үйлерінде жиналу бұйырылды. Олар еш кемістігі жоқ бір жасар еркек тоқтыны не ешкіні сойып, оның қанын есіктің екі жақтауы мен маңдайшасына жағу керек еді. Сосын малды түгелдей отқа қақтап, асығыс жеулері керек болған. Таң атқанша ешкімге үйден шығуға болмайтын (М2ж 12:9—11, 22).
Мойынсұнушылық бізді қалай қорғайды?