Құтқарылу мейрамы Еске алу кешінің түпбейнесі болмаса да, бұл мейрамның кейбір қырларының біз үшін мәні зор. Мысалы, елші Пауыл Исаны “Құтқарылу мейрамының тоқтысы” деп атаған (Қ1х 5:7). Кезінде есіктің жақтауына жағылған тоқтының қаны адамдардың өмірін сақтаса, Исаның қаны да адам өмірін сақтайды (М2ж 12:12, 13). Сондай-ақ Құтқарылу мейрамының тоқтысының бірде-бір сүйегі сындырылмаған. Исаның жағдайында да тура солай болды: I ғасырда азап бағанасына ілінгендердің аяқтары сындырылатын, ал оның болса ешбір сүйегі сындырылмады (М2ж 12:46; Жх 19:31—33, 36).