ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЕЛШІЛЕРДІҢ ІСТЕРІ 1—3
Мәсіхшілер қауымына киелі рухтың төгілуі
Б. з. 33 жылы Иерусалимде Елуінші күн мейрамында болған яһудилердің көбі басқа елдерден келген еді (Е.і 2:9—11). Мұса Заңын ұстанса да, олар өмір бойы шет елде тұрған болуы мүмкін (Ерм 44:1). Сондықтан яһудилерге қарағанда, олардың сырт көріністері мен тілдері өздері тұратын жердегі адамдарға ұқсап кеткен болуы мүмкін. Әртүрлі ұлттан шыққан 3000 адам шомылдыру рәсімінен өткенде, мәсіхшілер қауымы ойламаған жерден көпұлтты болып кетті. Әртүрлі ортадан шықса да, олар “өзара ниеттес көңілмен ғибадатханада жиналып жүрді” (Е.і 2:46).
Қалай мына адамдарға шын жүректен көңіл бөле аласыз:
аумағыңыздағы басқа жерлерден келген адамдарға?
қауымыңыздағы басқа жерлерден келген бауырластарға?