◼ Конгресс кестесі. Есіктер 8:00-де ашылады. Конгрестің үш күнінде де 9:20-да әуен ойнала бастайды. Сол кезде бағдарлама өз уақытында әрі лайықты түрде басталу үшін барлығымыз орындарымызға жайғасуымыз керек. Бағдарлама жұма және сенбі күндері 16:55-те, ал жексенбі күні 15:50-де аяқталады.
◼ Көлік қою. Мүмкін болса, конгресс өтетін жердің бәрінде көлік қоятын орындар дайындалады. Көлік қоятын орын әдетте шектеулі, сондықтан бір көлікпен көбірек адам келгені жөн.
◼ Орын алу. Таңертең конгресс өтетін жердің есіктері ашылған кезде, өзімізге ұнайтын орындарды алу үшін конгреске келушілермен жарысып жатқандай болып, асығып-аптығып жүгірмейік. Өзгелердің қамын ойлауға талпындыратын жанқиярлық рухымыз біздің шынайы мәсіхшілер екенімізді көрсетеді және келген қонақтарды Құдайды мадақтауға талпындырады (Жох. 13:34, 35; Қор. 1-х. 13:4, 5; Пет. 1-х. 2:12). Отыратын орынды тек бір көлікте келгендерге, бір үйде тұрып жатқандарға не өздеріңмен Киелі кітап зерттеп жүрген адамдарға ғана алуға болады. Қарт және сырқат бауырластарға арнайы орындар дайындалатын болады. Мұндай орындар шектеулі болғандықтан, сол орындарда қарт не сырқат бауырластарға көмек көрсететін бір не екі адам ғана отыра алады.
◼ Түскі ас. Үзіліс кезінде басқа жерге барып түстенгеннен гөрі, тамақты өздеріңмен бірге әкелгендерің жөн. Тамақ салынған сөмке орындықтың астына сыятындай шағын болу керек. Демалуға шыққанда қолданылатын үлкен сөмке-тоңазытқыштарды, шыны ыдыстарды конгреске әкелуге болмайды.
◼ Садақа. Конгреске деген ризашылығымызды сол жердегі жәшіктерге ерікті садақа салу арқылы білдіре аламыз.
◼ Дәрі-дәрмек. Қабылдап жүрген дәрілерің болса, жеткілікті мөлшерде ала келген жөн. Өйткені конгресс өтетін жерде ондай дәрі-дәрмек табылмауы мүмкін. Дәрі егетін инелер мен диабетпен ауыратындардың шприцтерін конгресс өтетін жердегі және қонақүйдегі кәдімгі қоқысқа тастауға болмайды. Олар зиянды қоқыс ретінде аса ұқыптылықпен тасталу керек.
◼ Қауіпсіздік шаралары. Тайып не құлап кетіп, жарақаттанып қалу салдарын болдырмау үшін алдын ала қам жасағанымыз жөн. Жыл сайын көп бауырлас аяқкиімдері ыңғайсыз не биік өкшелі болғандықтан жарақаттанып жатады. Сондықтан еңіс жермен түсуге, баспалдақпен және темір торлардың үстімен жүруге ыңғайлы әрі қарапайым аяқкиім киген дұрыс.
◼ Бесікарба мен бүктемелі орындықтар. Балалардың бесікарбасы мен бүктемелі орындықтарды конгреске әкелуге болмайды. Бірақ ата-ананың жанындағы орындыққа бекітіп қоюға болатын балаларға арналған қауіпсіз отырғышты әкелуге болады.
◼ Иіссулар. Конгрестердің көбісі жабық ғимараттарда өтетіндіктен, тыныс алу жолдарының сырқаты бар адамдарды ескеріп, иіссуды көп сеппегеніміз сүйіспеншіліктің белгісі болып табылады (Қор. 1-х. 10:24).
◼ “Мына кісіге баруды өтінеміз” (S-43) бланкі. Конгресс кезінде бейресми куәлік бергенде, адам қызығушылық танытса, “Мына кісіге баруды өтінеміз” бланкін толтыру керек. Сондықтан жариялаушылар осы бланкінің бір-екі данасын конгреске ала келгендері дұрыс. Толтырылған бланкіні әдебиет бөліміне немесе конгрестен қайтқан соң, қауым хатшысына беруге болады.
◼ Дәмханалар. Дәмханаларда үлгілі жүріс-тұрысымызбен Ехобаға мадақ әкелейік. Киген киіміміз Құдайдың қызметшілеріне тән болу керек. Жергілікті жердегі әдепке сай болса, шай-пұл қалдырып кету дұрыс болады.
◼ Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс. Жариялаушыға тұратын қымбат емес орын керек болып, көмек сұраса, қауымның қызмет комитеті “Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс” (СО-5а) бланкін толтыру үшін жариялаушының талаптарға сай келетін-келмейтінін анықтайды. Мұндай делегаттар қымбат емес қонақүйлерге не пәтерлерге жайғастырылады.
Пәтерге үй иесі рұқсат еткен адам саны ғана келе алады. Конгреске келе алмайтын болсаң, мұны бірден пәтер бөліміне және үй иесіне хабарла. Пәтер иесі сені ас-сумен қамтамасыз етіп, конгресс өтетін жерге апарып жүреді деп күтпе. Бұған өзің қам жасауың керек.
Конгресс күндері біткен соң, үй иесі рұқсат еткен уақыттан артық қалма. Көп жағдайда конгресс делегаттары конгресс комитеті ұсынған тұратын жайлар тізімін қолданады және жайғасудың қамын өздері жасайды. Қонақүйлерде бөлмелерге қалай тапсырыс беру керектігін “Қонақүйлер” деген тақырыпшадан қара.
◼ Қонақүйлер.
Қонақүйде қажетінен артық бөлмеге тапсырыс бермеңдер және бөлмеде рұқсат етілгеннен көп адам тұрмасын.
Тапсырыс берген бөлмелеріңнен бас тартпаңдар, ал егер күтпеген жерден бас тартуға тура келсе, қонақүйге бірден хабарлаңдар (Мат. 5:37).
Қонақүйдің қоларбасын пайдаланған соң, бірден қайтарып беріңдер.
Рұқсат етілмесе, бөлмеде тамақ пісірмеңдер.
Қонақүй қызметшілеріне атқарған қызметтері үшін шай-пұл берген жақсы.
Қонақүйде тегін таңғы ас, кофе не басқа заттар берілетін болса, оларды алғанда әдептілік сақтаңдар.
Қонақүй қызметкерлерімен қарым-қатынастарыңда киелі рух жемісін танытыңдар. Олар көп қонаққа қызмет көрсетеді, сондықтан біздің ізеттілік, шыдамдылық пен парасаттылық танытқанымызға дән риза болады.
Бассейн, қабылдау бөлмесі мен спортзалды қоса алғанда, қонақүйдің қай жерінде жүрмесін, ата-аналар балаларын әрдайым қадағалап жүрулері керек.
Қонақүйдегі бөлмеңе қатысты қандай да бір қиындықтар туындаса, конгресс кезінде пәтер бөлімімен хабарлас.
◼ Ерікті қызмет. Ерікті қызмет атқарғысы келетіндер бұл жайлы ерікті қызмет көрсету бөліміне айту керек. Он сегізге толмаған балалар да ата-анасының я болмаса ата-анасы не қамқоршысы сеніп тапсырған ересек адамның бақылауымен ерікті қызмет атқара алады.