Тиімді ұсыныстарды қалай дайындауға болады?
1. Жақсы ұсыныс дайындау неліктен маңызды?
1 Негізгі астың алдында берілетін көз тартарлық дәмтатым асқа тәбетімізді ашатыны іспетті, жақсылап дайындалған ұсыныс адамдармен Киелі кітапқа негізделген жақсы әңгіме құруға жол ашады. Тиімді ұсыныстардың ұзақтығы мен мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, бірақ дәмді тағамды дайындау сияқты оларды да алдын-ала ойластырып, дайындау қажет (Нақ. с. 15:28). Бұл үшін не істей аламыз?
2. Қызығушылық оятатын ұсыныстарды қалай дайындай аламыз?
2 Қызығушылық оятатын тақырыптарды таңда. Ұсынысымыз үй иесінің қызығушылығын оятпаса, ол әңгімені тоқтатуы мүмкін. Сол себепті дайындалғанда, өзің тұратын жердегі адамдарды не нәрсе қызықтыратыны жайлы ойлан: отбасының бақытты болуы ма, жақсы үкіметтің орнауы ма, әлде соғыстың аяқталуы ма? Әдетте адамдар өз пікірлерімен бөлісуді ұнатады, сол себепті оларды ойлануға және көзқарасын айтуға талпындыратын сұрақтар дайында. “Біздің патшалық қызметіміздегі” ұсыныс үлгілерінің бірін учаскеңдегі адамдарға бейімдей аласың ба? Неге кейде отбасылық ғибадат кешінде қандай да бір ұсынысты айтып жаттығып көрмеске?
3. Учаскеміздегі адамдардың мәдениеті мен шыққан ортасын ескере отырып, ұсыныстарымызды қалай бейімдей аламыз?
3 Адамдардың мәдениеті мен шыққан ортасын ескер. Кей жерлерде адамдар не үшін келгенімізді бірден айтқанымызды жөн көреді. Ал басқа жерлерде үй иесінің хал-жағдайын сұрамай және өзімізді таныстырмай жатып әңгімені бастау әдепсіздікке жатады. Кейбір аймақтарда адамдар Киелі кітаппен таныс болғандықтан, ұсыныс айтқанда Жазбаларды еркін қолдана аламыз (Ел. іс. 2:14—17). Бірақ мәсіхшілікті ұстанбайтын не ешқандай дінге жатпайтын адамдарға уағыздағанда, Киелі кітап туралы алғаш кездескенде емес, қайта барғанда айтқанымыз дұрыс болар (Ел. іс. 17:22—31).
4. Ұсынысымыздың алғы сөзін дайындау қаншалықты маңызды?
4 Алғы сөзді дайында. Алғашқы сөздеріңді мұқият дайында. Сөйлемдердің қысқа да қарапайым болғаны дұрыс. Алғы сөзді қалай айтатынымыз да маңызды. Сол себепті шабыттанып сөйле. Сондай-ақ шын жүректен әрі достық пейілмен күлімсіреп сөйлегенің үй иесіне жеке көңіл бөлетініңді көрсетеді. Осы кеңестерді қолданып, учаскеміздегі адамдардың рухани тәбетін ашатын ұсыныстар дайындайтын болсақ, оларды “Ехобаның... дастарқанынан” тамақтануға талпындырамыз (Қор. 1-х. 10:21).