Кесте: 16 желтоқсаннан басталатын апта
16 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАЛАТЫН АПТА
39-ән және дұға
□ Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі:
jl 8, 9, 10 тараулар (30 мин.)
□ Теократиялық қызмет мектебі:
Киелі кітапты оқу: Аян 1—6 (10 мин.)
№ 1: Аян 3:14—4:8 (4 мин. не одан кем)
№ 2: Ар-ұжданды қалай тәрбиелеуге болады? (lv 2-тар., 8—11 абз.). (5 мин.)
№ 3: Қалай Иса шәкірттеріне “үлгі қалдырды”? (Жох. 13:15). (5 мин.)
□ Қызмет кездесуі:
10 мин. Қандай жетістіктерге қол жеткіздік? Талқылауды қызмет бақылаушысы жүргізеді. “Патшалық хабары” топтамасының № 38 трактатын тарату науқаны кезінде қауымның аумағы қаншалықты қамтылғанын хабарла. Тыңдаушыларды науқанға қатысудың қандай пайдасын көргендерін және қызметтерінде болған ерекше оқиғаларды айтып беруге шақыр.
10 мин. Жастар, Ехобаны мадақтаңдар! (Заб. 148:12, 13). Екі не үш үлгілі жас бауырластан сұхбат ал. Олардан мектепте сенімдері үшін қандай сынақтармен кезігетіндерін сұра. Осы сынақтарға төтеп беруге оларға ата-аналары мен басқалар қалай көмектескен? Өз сенімдері жайлы батылдықпен айтуға не талпындырды? Оларды қызықты оқиғаларымен бөлісуге шақыр.
10 мин. “Адамдар бізді тыңдау үшін не істей аламыз?” Талқылауды ақсақал жүргізеді.
28-ән және дұға