Кесте: 9 желтоқсаннан басталатын апта
9 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАЛАТЫН АПТА
20-ән және дұға
□ Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі:
jl 5, 6, 7 тараулар (30 мин.)
□ Теократиялық қызмет мектебі:
Киелі кітапты оқу: Жоханның 1-хаты 1—Яһуда 1—25(10 мин.)
№ 1: Жоханның 1-хаты 5:1—21 (4 мин. не одан кем)
№ 2: Ехоба бізді қалай қалыптастырады? (Ишая 64:8). (5 мин.)
№ 3: Ар-ұждан деген не және ол қалай әрекет етеді? (lv 2-тар., 1—7 абз.). (5 мин.)
□ Қызмет кездесуі:
15 мин. 2014 жылғы теократиялық қызмет мектебі. Мектеп бақылаушысының баяндамасы. 2014 жылға арналған теократиялық қызмет мектебінің нұсқауларын қолданып, жергілікті қауымға әсіресе пайдалы болатын тұстарын қарастыр. Киелі кітапты оқу бөлімінде кітаптың алғашқы тараулары қарастырылатын болса, жүргізетін бауырласқа бұдан былай “Киелі жазбалардың бәрі” кітабындағы мәліметті айтудың қажеті болмайтынын түсіндір. Сондай-ақ № 2 және № 3 тапсырмалар “Құдайдың сүйіспеншілігі” кітабына не “Талқылауға арналған Киелі кітап тақырыптарына” негізделіп дайындалатын болса, онда олар сол мәліметтің тек белгіленген бөлігін ғана қамту керек. Барлығын берілген тапсырмаларын тиянақты орындауға, көңіл бұрарлық ойларды талқылауға қатысуға әрі апта сайын “Қызмет мектебі” кітабынан берілетін кеңестерді қолдануға шақыр.
15 мин. “Тиімді ұсыныстарды қалай дайындауға болады?” Сұрақ-жауап. “Киелі кітап үйретеді” кітабын ұсынғанда, біріншісі тиімді, ал екіншісі тиімсіз болған екі көрініс көрсетілсін.
23-ән және дұға