Айдың бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға баса назар аудар
2011 жылдың мамыр айынан бастап, жариялаушылар әр айдың бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға шақырылды. Бұған көмек ретінде ұсынуға арналған “Күзет мұнарасында” ай сайын “Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар” деген айдар басып шығарылады. Сол себепті бірінші сенбіде өтетін уағыздауға арналған кездесуде бұл айдарды Киелі кітап зерттеу сабағын бастау үшін қалай қолдануға болатынына баса назар аударылып, ұсыныс үлгісі де көрсетілу керек.
Ақсақалдар бірінші сенбіде әр уағыздау тобымен бөлек уағыздауға арналған кездесуді өткізе ме, жоқ әлде топтарды біріктіріп, бәлкім Патшалық сарайында кездесе ме — соны шешіп алса болады. Бірақ бір Патшалық сарайында көп қауым жиналатын болса, қауым топтары уағыздауға арналған кездесуге бірге жиналу үшін Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға арналған бұл арнайы күнді басқа күнге ауыстырмауы керек.