Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2013 жылдың 26 тамызынан басталатын аптада қарастырылады. Әр сұрақтың қай күні талқыланатыны көрсетілген. Бұл жариялаушыларға әр аптадағы мектепке дайындалғанда зерттеу жүргізуге көмек болмақ.
1. Адамдар көрсеткен зор құрмет пен мадақты ықыласпен қабылдаған Ирод патшаның мысалынан қандай маңызды нәрсеге үйренеміз? (Ел. іс. 12:21—23). (1 шіл., w08 15.5. 32-б., 7-абз.)
2. Мәсіхші жастарға Тімөтенің мысалын зерттеп, оған еліктегеннің қандай пайдасы бар? (Ел. іс. 16:1, 2). (8 шіл., w08 15.5. 32-б., 10-абз.)
3. Аполлостың Ефестегі мәжілісханада батыл сөйлегенін естіген соң, Ақила мен Прискила оған сүйіспеншілік таныта отырып қалай көмектесті? (Ел. іс. 18:24—26). (15 шіл., w10 15.6. 11-б., 4-абз.)
4. Ехоба куәгерлері ізгі хабарды жариялау құқықтарын қорғау үшін жергілікті соттарға жүгіне алатындарына қатысты Киелі кітапта қандай негіз бар? (Ел. іс. 25:8—12). (22 шіл., w08 15.5. 32-б., 15-абз.)
5. Ехобаның қызметшілері нендей нәрселерге қарамастан уағыздай берулері керек? (Ел. іс. 26:24, 25). (29 шіл., w08 15.5. 32-б., 16-абз.)
6. Римдіктерге 1:24—32 тармақтарда айтылған азғын әрекеттерді яһудилер жасады ма, әлде яһуди емес адамдар ма? (5 там., w08 15.6. 29-б., 5-абз.)
7. Қалайша б. з. 33 жылы “Иса Мәсіхтің төлеген құны” “бұрынғы уақытта жасалған күнәларды” өтеген? (Рим. 3:24, 25). (5 там., w08 15.6. 29-б., 6-абз.)
8. Өте қиын жағдайға кезіккенде не туралы дұға ететінімізді білмей жатсақ, Ехобаның осындай уақыттарға арнап жасаған қандай шарасына сенім білдіре аламыз? (Рим. 8:26, 27). (12 там., w08 15.6. 30-б., 10-абз.)
9. “Әрдайым қонақжай болыңдар” деген сөздер нені білдіреді? (Рим. 12:13). (19 там., w09 15.10. 5, 6-б., 12, 13-абз.)
10. Елші Пауылдың кеңесіне сай, қалай біз “Иеміз Иса Мәсіхтің қасиеттеріне еліктей” аламыз? (Рим. 13:14). (26 там., w05 1.1. 22, 23-б., 20—22 абз.)