“Күзет мұнарасындағы” жаңа айдар
Осы уақытқа дейін әр айдың бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын бастау үшін “Күзет мұнарасының” “Құдай Сөзінен білім алайық” айдарындағы мақалаларды қолданып келдік. Қаңтардан бастап бұл айдардың орнына “Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар” деген айдар шығатын болады. Ол ұсынуға арналған санның артқы бетінде жарық көреді. “Құдай Сөзінен білім алайық” деген айдарды қызметте қалай қолдансақ, “Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар” деген айдарды да дәл солай қолданатын боламыз (km 10.12. 2-б.). Әр айдың бірінші сенбісіне арналған ұсыныс үлгісі “Біздің патшалық қызметімізде” әрі қарай да шыға беретін болады.