Тезірек қайта оралып баруыңды өтінеміз
Қандай адамдарға тезірек қайта оралып бару керек? Әдебиеттерге сұраныс жасағандарға, үнемі журнал алып тұруды немесе Куәгерлердің келіп тұруын қалайтындарға оралып бару керек. Бұл сұраныстар қайдан келіп түседі? Филиалға хат жіберген, қоңырау шалған не ресми веб-сайтымыз арқылы байланысқан адамдардан келіп түседі. Қызығушылық білдірген адам туралы мәлімет “Мына кісіге лайықты жариялаушының баруын өтінемін” (S-70) деген бланкіге жазылып, белгілі бір қауымға жіберіледі. Ақсақалдар S-70 бланкісін алғаннан кейін, оны тез арада қызығушылықты әрі қарай дамыта алатын құлшынысты жариялаушыға тапсырады. Егер жариялаушы сол адамды үйінен таппаса, қоңырау шалуды не қысқаша хат жазып, өзгелерге көрінбейтіндей етіп қалдыруды жөн көрер. Саған осындай өтініш жасалған болса, қызығушылық танытқан адамға тезірек бару үшін қолыңнан келгеннің бәрін жасауыңды өтінеміз.