Бұл кімге қызықты болуы мүмкін?
1. “Күзет мұнарасы” журналын оқығанда, нені ойда ұстауымыз керек және неге?
1 “Күзет мұнарасы” журналы дүниежүзілік танапқа арнап дайындалған. Ондағы мақалалар әртүрлі тақырыптарды қамтиды. Журналдың әр мақаласын оқығанда, оның кімге қызықты болатыны жайлы ойлап, сол адамға қалай айтып беретініңді қарастыр.
2. Журналдарымыздағы қандай мақалалар адамдарға қызықты болуы мүмкін?
2 Әріптесіңмен сөйлескен Киелі кітапқа негізделген тақырып соңғы “Күзет мұнарасында” талқыланған ба? Я болмаса туысқаныңа көмек болатын отбасы туралы мақала жарық көрді ме? Журналдарымыздың бірі қандай да бір кәсіпорындарға не мекемелерге қызықты болатын шығар. Мысалы, қарттардың кезігетін қиындықтары жайлы жазылған журнал қарттар үйіндегілерге қызықты болуы мүмкін.
3. Ерекше мақалаларды қызығушылық білдіруі мүмкін деген адамдарға ұсынудың маңыздылығын көрсететін мысалды айтып бер.
3 Нәтижесі. 2011 жылғы “Ояныңдар!” журналының қазан айында “Баланы қалай жауапты адам етіп өсіруге болады?” деген мақала қарастырылған болатын. Оңтүстік Африкада тұратын бір ерлі-зайыпты осы журналды алғанда, аймақтарындағы 25 мектепке қоңырау шалады. Олардың 22-сі журналдың біраз данасын алып, оларды өз мектептерінде таратып шығады. Осы елде тұратын басқа бір ерлі-зайыпты да журналды аймақтарындағы мектептерге қалдырып кетеді. Осының нәтижесінде сол мектептердің бірінде істейтін мұғалімдер журналды апта сайынғы сабақтарында қолдануды шешеді. Бұл ерлі-зайыпты аудандық бақылаушыға осы жағдайды айтып бергенде, ол тағайындалған ауданындағы қауымдарды мектептерде уағыздауға талпындырды. Бұл журналға өте көп тапсырыс жасалғандықтан, филиалға оны қайта басып шығаруға тура келді.
4. Неге біз журналдарымыздағы мәліметті мүмкіндігінше көп адамға жеткізгіміз келеді?
4 Біздің журналдарымызда соңғы уақыттағы оқиғалардың не себепті орын алып жатқаны түсіндіріледі және Киелі кітап пен Құдай Патшалығына баса назар аударылады. Дүниежүзі бойынша тек осы журналдар ғана “құтқарылуды паш етеді” (Ишая 52:7). Сондықтан біз ондағы мәліметті мүмкіндігінше көп адамға жеткізгіміз келеді. Бұлай ету үшін “Бұл кімге қызықты болуы мүмкін?” деп өзіңнен сұра.