Сен нені мақтан ете аласың?
1. Әрбір айдың соңында қуануымызға қандай себеп бар?
1 Айдың соңы келіп, қызметіміз жөнінде есеп тапсыратын уақыт жеткенде, сен нені “мақтан ете аласың?” (Ғал. 6:4). Мейлі біз 130 сағат тапсыратын арнайы ізашар болайық, не 15 минуттық аралықпен есеп тапсыруға мақұлданған жариялаушы болайық, бәріміз де Ехобаға деген қызметімізді жан-тәнімізбен атқара алғанымызға қуанышты болуымыз керек (Заб. 99:2).
2. Неліктен Ехобаға деген қызметімізде бар күшімізді салу керек?
2 Әлемнің Иесі болғандықтан Ехоба өзімізде бардың ең жақсысын беруімізге лайық (Малх. 1:6). Ехобаны сүйгендіктен, біз өмірімізді оның еркін орындауға бағыштадық. Сондықтан әрбір күннің не айдың соңында оған деген қызметімізде өз уақытымыздың, қабілеттеріміздің және күшіміздің “алғашқы түсімін” бергенімізге сенімді болсақ, әрқайсымызда қуануға себеп бар (Нақ. с. 3:9). Ал егер ар-ұжданымыз мазалайтын болса, жақсара түсу үшін не істей алатынымыз жайлы ойлануымыз керек (Рим. 2:15).
3. Өзімізді басқалармен салыстырғанымыз неліктен даналыққа жатпайды?
3 Өзіңді “басқалармен салыстырма”. Өзімізді басқалармен немесе қазіргі жағдайымызды күшіміз көбірек болған кездегімен салыстырғанымыз даналыққа жатпайды. Себебі жағдайымыз өзгеріп жатады, оның үстіне, әркімнің қабілеттері де әртүрлі. Өзіңді басқалармен салыстыру жиі бақталастыққа немесе өзіңді түкке жарамсыз сезінуге әкеп соғады (Ғал. 5:26; 6:4). Иса біреуді біреумен салыстырмаған. Қайта, ол адамға қолынан келгенін жасағаны үшін мақтау сөздерін айтқан (Мар. 14:6—9).
4. Исаның таланттар туралы астарлы әңгімесінен қандай құнды сабақ ала аламыз?
4 Исаның таланттар туралы астарлы әңгімесінде таланттар әрбір жұмысшыға “қабілетіне қарай” берілді (Мат. 25:15). Қожайын келіп, құлдарынан жұмыстары жайлы есеп беруді сұрағанда, өз қабілеттері мен жағдайларына қарай тиянақты еңбектенген жұмысшылар мақтау сөздерін естіп, қожайынының қуанышына ортақтасты (Мат. 25:21, 23). Сол сияқты, біз де Патшалық туралы уағыздау ісінде күш салып еңбектенсек, Құдайдың бізді қолдайтыны әрі қуануымызға себеп болатыны сөзсіз!