Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 6.08. 1-б.
  • Тоқтамастан уағыздаңдар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Тоқтамастан уағыздаңдар
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • Ұқсас мәлімет
  • ‘Бақыттың жақсы хабарын алып келу’
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Барыңдар да, барлық халықтардан шәкірттер дайындаңдар”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Олар қалай естиді?
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • Неге біз қайта-қайта бара береміз?
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2008
km 6.08. 1-б.

Тоқтамастан уағыздаңдар

1 Кейде учаскелеріміздің жиі әрі тыңғылықты араланатынын және тыңдағысы келетін адамдардың аз кездесетінін ойлайтын шығармыз. Дегенмен бізде уағыз ісін жалғастыра беруге жақсы себептер бар (Мат. 28:19, 20).

2 Паш етілу үшін. Иса Патшалықты жариялау ісі осы дүниенің соңын білдіретін белгінің маңызды бөлігі болатынын және бұл хабар “барлық ұлттарға паш етілу үшін” уағыздалатынын айтқан (Мат. 24:3, 14). Адамдардың Патшалық туралы ізгі хабарды уағыздап жүргенімізді көргені олар үшін керемет куәлік болып табылады. Кейбір адамдар хабарымызға құлақ аспаса да, біздің келіп-кеткеніміз туралы бірнеше сағат немесе күндер бойы айтып жүруі мүмкін. Сондай-ақ не себепті уағыздайтынымызды түсінгеніміз табандылық танытуымызға көмектеседі. Біз куәлік беріп, Құдайдың ескертуін адамдарға жеткізу арқылы Киелі кітап пайғамбарлығының орындалуына өз үлесімізді қосамыз және осылайша Ехобаның ықыласына ие боламыз (Сал. 2-х. 1:6—9).

3 Табандылық қажет. Бүгінде адамдарды алаңдататын нәрселер көп және олардың уақыттары да өте тығыз, сол себепті олардың қызығушылығын әрі қарай арттыру үшін табандылық танытуымыз керек. Бір бауырластың мысалын қарастырайық. Ол бір жыл бойы бір әйелге апта сайын барып тұрады. Ал бір жыл өткен соң, ол әйел Киелі кітапты талқылау үшін бауырласты үйіне кіруге шақырады. Білген нәрселері қатты ұнағаны сонша, ол зерттеу сабағын бастап, қауым кездесулеріне бара бастайды және көп ұзамай шомылдыру рәсімінен өтуді шешеді.

4 Дүниедегі жағдай да, адамдардың көзқарасы да тез өзгеруде. Бұрын бізге құлақ аспаған көп адам енді жан сергітерлік хабарымызды қабыл алуы мүмкін. Патшалық хабарын тіпті бір адам тыңдағанның өзі — біздің табандылық танытып жүргеніміздің бекер болмағаны.

5 Дүниеде “барлық жексұрындықтарды ойлап қайғырған” адамдар күн сайын көбейіп келеді (Езек. 9:4). Сондай-ақ әділдікті сүйетін адамдар Патшалық хабарына құлақ асуда (Ишая 2:2, 3). Олай болса, сүйіспеншілікпен әрі табандылықпен “бақыттың жақсы хабарын” тоқтамастан уағыздай берейік! (Ишая 52:7; Ел. іс. 5:42).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу