Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 1.09. 1-б.
  • Олар қалай естиді?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Олар қалай естиді?
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • Ұқсас мәлімет
  • Неге біз қайта-қайта бара береміз?
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
  • Тоқтамастан уағыздаңдар
    Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • ‘Иеміз саған міндеттеген қызметіңе ықылас сал!’
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • ‘Бақыттың жақсы хабарын алып келу’
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2009
km 1.09. 1-б.

Олар қалай естиді?

1. Уағыздау ісі неге оңай болмауы мүмкін, алайда біз неге оны тоқтатпаймыз?

1 Ехобаның күні жылдам жақындап келе жатқандықтан, көптеген адамға Құдай және оның ниеті жайлы тура білім алуға шұғыл түрде көмектесуіміз керек (Жох. 17:3; Пет. 2-х. 3:9, 10). Алайда бұл оңайға соға бермейді, өйткені көп адам хабарға немкетті қарайды немесе уағыздап жүрген біздерді келеке-мазақ етеді (Пет. 2-х. 3:3, 4). Дегенмен ізгі хабарды естігенде қабыл алатын адамдардың аумағымызда әлі де бар екеніне сенуге негіз бар. Біреу уағыздамаса, мұндай адамдар ізгі хабарды қалай естиді? (Рим. 10:14, 15).

2. Пауылдың үлгісі бізді не нәрсеге талпындырады?

2 Қарсылыққа қарамастан уағыздау. Патшалық туралы хабарды естігісі келетін адамдардың игілігі үшін уағыздаудан тартынбауымыз керек. Елші Пауыл ізгі хабарды уағыздаған Еуропадағы алғашқы қала Філіпі болатын. Сол жерде Пауыл мен Сыйласқа адамдар жалған айып тағып, екеуіне тал шыбықпен дүре соқтырады да, түрмеге жабады (Ел. іс. 16:16—24). Алайда бұл жағымсыз оқиға Пауылды қорқытқан жоқ. Осыдан кейін ол Салониқа қаласына барғанда, ‘Құдайға сене отырып... Оның Ізгі хабарын жариялауға батылы барған’ (Сал. 1-х. 2:2). Пауылдың осы үлгісі бізді “тайсалмай” уағыздауға талпындырмай ма? (Ғал. 6:9).

3. Ізгі хабарды тыңдағысы келмеген көп адамның көзқарасының өзгеруіне не түрткі болуы мүмкін?

3 Ізгі хабарды тыңдағысы келмеген көп адамның уақыт өте келе көзқарасы өзгерген. Мұндай өзгеріске экономикалық дағдарыс, ауру, жақын адамның өлімі немесе ‘дүниенің сахнасында’ орын алып жатқан үрейлі оқиғалар түрткі болған болуы мүмкін (Қор. 1-х. 7:31 ЖД). Ата-анасы қарсы болған кейбір балалар есейіп, ізгі хабарды тыңдағысы келеді. Осындай адамдарға уағыздай берсек, тым кеш болмай тұрғанда ‘Иеміздің атын атап сиынуға’ олардың мүмкіндіктері болады (Рим. 10:13 сілт.).

4. Қызметті ‘тоқтатпауға’ бізді не талпындырады?

4 “Уағыздауларын тоқтатқан жоқ”. Құдай мен маңайымыздағы адамдарға деген сүйіспеншілік бізді бірінші ғасырдағы елшілер сияқты уағыздау мен шәкірт дайындау ісін ‘тоқтатпауға’ талпындырады (Ел. іс. 5:42). Бүгінде көп адам ‘жасалып жатқан барлық жексұрындықтарды ойлап қайғыруда’ (Езек. 9:4). Олар ізгі хабарды естігенде зор жұбаныш тауып, болашаққа үмітпен қарай бастайды. Адамдардың көпшілігі бізді тыңдамаса да, Киелі кітап Ехобаның еңбегімізге риза екеніне сендіреді (Евр. 13:15, 16).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу