Аудандық конгрестің жаңа бағдарламасы
Бұл дүние бізді өзінің мәңгі қалатынына сендіргісі келеді. Алайда Құдай Сөзінде керісінше айтылады (Жох. 1-х. 2:15—17). Ол қазынаны жерде жинаудың бос әурешілік екенін түсінуімізге көмектеседі. Құдай халқын нығайту үшін 2007 қызмет жылында болатын аудандық конгресте “Байлықты көкте жинаңдар!” деген тақырып қарастырылады (Мат. 6:19, 20).
Ефестіктерге 2:2-де айтылған ‘ауа іспетті қоршап тұрған зұлым күштердің әміршісіне, Құдайға бағынбайтын адамдарды билейтін рухқа’, дүниеқұмарлық та жатады. Тура мағынадағы ауа сияқты, ‘осы дүниелік рух’ та барлық жерге жайылған (Қор. 1-х. 2:12). Оның ықпалы өте күшті болғандықтан, ‘әмірші’ деп аталған. Аудандық конгрестің жаңа бағдарламасы осы өмірдің дүниеқұмарлығынан аулақ болуға және не нәрсенің басты орында тұруы керек екенін есімізде анық ұстауға көмектеседі (Мат. 6:33). Оның үстіне, конгресс Ехобаға арқа сүйей отырып, қысым мен сынақтарға қарамастан, қызметімізді атқара беруге көмектеседі.
Конгрестің екі күніне де қатысып, бағдарламаға ‘мықтап ден қоюға’ тырыс (Евр. 2:1). Өміріңде және қызметіңде қолдануыңа болатын ойларды қысқаша жазып отыр. Осы рухани тойға басынан аяғына дейін қатысқаның ‘байлықты көкте жинауға’ деген шешіміңді нығайтып, өзіңді жігерлендірері анық!