Арнайы бір күндік конгрестің жаңа бағдарламасы
Киелі рух алғашқы мәсіхшілерге ізгі хабарды мүмкіндігінше көп жерге уағыздауға зор күш берген (Ел. іс. 1:8; Қол. 1:23). “Өздеріңді барынша Құдай Сөзіне арнаңдар” деп аталатын 2007 қызмет жылындағы арнайы бір күндік конгресс бізді сол бауырластардың үлгісіне еліктеуге талпындырады (Ел. іс. 18:5, ЖД).
Дәуіт патша Құдай Сөзіне қатысты: “Ехобаның ескертулері сенімді, олар тәжірибесізді дана қылады”,— деп жырлаған (Заб. 19:7 [18:8], ЖД). 2007 жылғы арнайы бір күндік конгрестің жақсылап дайындалған бағдарламасы Киелі жазбалардың ‘түзетуге’ тиімді екеніне назарымызды аударады және уақыттың тығыз екенін есте ұстай отырып, Құдай Сөзін уағыздауға әрі үйретуге талпындырады (Тім. 2-х. 3:16, 17). Бұл конгресте Киелі кітап принциптерін күнделікті өмірімізде қолданғанымыз тұзақтардан қалай сақтайтыны және қандай пайда әкелетіні жайында айтылады. Сондай-ақ жастар мен қауымға жаңадан келген адамдардың рухани өсуіне көмектесу үшін Құдай Сөзін қалай қолдануымызға болатыны қарастырылады.
Конгреске кешікпей баруға тырыс және бағдарламаны мұқият тыңда. Өміріңде қолданғың келетін ойларды жазып отыр. Рухани тәлім мен ескертуді бағалайтыныңды көрсет және білген нәрселеріңді іс жүзінде қалай қолдануыңа болатынын ойлан.
Бұл арнайы бір күндік конгресс бағдарламасы Құдай Сөзіне деген ризашылығымызды арттырып, Патшалық туралы ізгі хабарды табандылықпен әрі құлшына уағыздау керек екенін есімізге салады. Сонымен қатар басқалардың да солай етуіне қалай көмектесуімізге болатынын көрсетеді. Олай болса, Ехобаның осылайша беріп отырған рухани басшылығы мен тәлімдеріне мұқият ден қоюға дайын болайық! (Иш. 30:20, 21)