Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінің 2006 жылғы 28 тамызда басталатын аптасында ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2006 жылдың 3 шілдесінен басталатын аптасы мен 28 тамызда басталатын аптасы аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту. Егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетінше зерттеу жүргізу керек. (“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерін қара.)
САБАҚ
1. Адамның көзіне қарап сөйлегеніміз тәлім беру шеберлігімізді қалай арттырады? (Мат. 19:25, 26; Ел. іс. 14:9, 10) (be 124-б., 3-абз., — 125-б., 3-абз.)
2. Табиғи қалыпты сақтау неліктен маңызды және оны қызмет кезінде қалай сақтауға болады? (be 128-б., 1—5 абз., қоршау)
3. Неге үсті-басымыздың тазалығына көңіл аударуымыз керек? (be 131-б., 1—3 абз.)
4. ‘Қарапайымдылық пен естілік’ сырт көрінісімізге қалай әсер ету керек? (Тім. 1-х. 2:9, ЖД) (be 131-б. 4-абз. — 132-б., 1-абз.)
5. Сырт көрінісімізден осы дүниеге деген сүйіспеншілік байқалмайтынына көз жеткізу үшін, Киелі кітаптың қандай принциптеріне жүгінуіміз керек? (be 133-б., 2, 3-абз.)
№1-ТАПСЫРМА
6. Оқи білудің ең үлкен пайдасы не? (be 21-б., 3-абз.)
7. Неге: “Зерделіге білім жинау қиын болмас”,— деп жазылған? (Нақ. с. 14:6) (w04-U 15.11. 28-б., 4, 5-абз.)
8. Зерттеу деген не? (be 27-б., 3-абз.)
9. Ехобаның жаратылыстары туралы ой жүгірту бізге қалай әсер ету керек? (w04-U 15.11. 8-б., 4-абз.)
АПТА САЙЫН КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
10. Ехоба қай мағынада адамды ‘мылқау не саңырау, не зағип’ етеді? (Мыс. ш. 4:11)
11. Исраилдіктер Мысыр елінде қанша уақыт тұрған? (Мыс. ш. 12:40)
12. Мысырдан шығу 16:2, 3-те күңкілдеудің қандай екі түрлі қаупі көрсетілген? (w93-U 15.3. 20, 21-б.)
13. Қалайша Ехоба әкелерінің кінәлары үшін ‘немерелері мен шөберелерін’ жазалайды’? (Мыс. ш. 20:5)
14. Мысырдан шығу 30:9-дан қасиетті қызметімізді атқаруға қатысты не үйренеміз? (w01 1.3. 12-б.)
15. Неліктен Һарон алтыннан жасбұқа мүсінін жасағаны үшін жазаға тартылмады? (Мыс. ш. 32:1—8, 25—35)