Аудандық конгрестің жаңа бағдарламасы
Осы бұзылған зұлым дүниенің соңғы күндерінде рухани киімдерімізге ие болып, мәсіхшілер ретінде танымал болып қалғанымыз өте маңызды (Аян 16:15). Сондықтан 2006 қызмет жылында өтетін аудандық конгрестің “Жаңа ізгі болмысқа ие болыңдар” деп аталатын тақырыбы өте орынды таңдалған (Қол. 3:10).
Бірінші күн. “Жаңа ізгі болмыстың әр түрлі қырын көрсету” деп аталатын алғашқы бірқатар баяндамалар жаңа болмысқа ие болғанымыздың өміріміздің әр түрлі саласында қандай пайдасы бар екеніне ерекше назар аударады. Жаңа болмысқа қалай ие боламыз? Бұл туралы “Өздеріңді дұрыстап ой жүгіртуге үйретіңдер” және “Жаңа ізгі болмысты қалыптастыруға көмектесетін білім” деп аталатын бірінші күннің соңғы екі баяндамасында айтылады.
Екінші күн. Жаңа болмысымыз сөздерімізге қалай әсер ететіні жөнінде “Дананың тіліне ие бола беріңдер” деп аталатын екінші бірқатар баяндамаларда қарастырылады. “Әзәзілді жеңіп жүрсіңдер ме?” деп аталатын көпшілікке арналған баяндамада Шайтанның тәсілдерінен сақ болу керек екеніне көңіл аударылады. Конгрестің “Өздеріңді осы дүниелік арамдықтардан кіршіксіз пәк ұстаңдар” және “Жанымыз күн сайын жаңара түссін” деп аталатын соңғы екі баяндамасы Құдайдың әділ жолдарына қарама-қайшы келетін көзқарастар мен жүріс-тұрыстан аулақ болуымызға және Ехобаға адал ғибадат ете беруімізге көмектесетін болады.
Жаңа ізгі болмысқа ие болып, сол күйімізді сақтап қалуға жігерлендіретін осы конгресті асыға күтудеміз!