Жаңа аудандық конгрестің бағдарламасы
1 Тұрақсыз дүниеде рухани берік болу үшін, Ехобаға сенім артуымыз керек. Ол нені білдіреді? Ехобаға сенім артқанымыз жеке және отбасылық өмірімізге қалай әсер етеді? Шайтанның дүниесінің әсеріне қарсы тұруымызға қалай көмектеседі? 2003 қызмет жылында өтетін аудандық конгрестің бағдарламасы осы сұрақтарға жауап береді. Оның тақырыбы: “Тәңірге сенім арт та, жақсылық жаса” (Заб. 36:3).
2 Біз Ехобаға тек төтенше жағдайларда немесе өте қиын уақыттарда ғана емес, күнделікті барлық жағдайда сенім артамыз. Бұл мәселеге “Барлық уақытта Ехобаға сенім артыңдар” деп аталатын бірінші баяндамада көңіл бөлінеді (Заб. 61:9). “Ехобаға сенім артатыныңды көрсет” деп аталатын төрт бөліктен тұратын баяндама бақытты отау құруға, отбасында туындайтын қиыншылықтарды шешуге және материалдық мұқтаждықтарымызды қанағаттандыруға көмектесетін Киелі кітапқа негізделген мәліметтерді қалай тауып, қолдануға болатынын көрсетеді.
3 Шайтанның дүниесі біздің бойымызға ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігіне байланысты бұрмаланған көзқарасты қалыптастыруға және ненің маңызды, ненің маңызды емес екендігін нақты сезіндірмеуге тырысуда (Иш. 5:20). “Бос әурешілікке салынып кетуден сақтаныңдар” және “Жаман нәрседен аулақ болып, әрқашан жақсылық жасаңдар” деп аталатын баяндамалар Ехобаның жоғары нормаларын ұстануға деген ықыласымызды күшейте түседі (Амос 5:14).
4 Ехоба осы зұлым дүниені жойған кезде, қызметшілері Оған толықтай сенім артулары керек болады. Бұл мәселеге “Адамзат қайғыдан құтылатын уақыт жақын” деп аталатын көпшілікке арналған баяндамада көңіл бөлінеді. Одан кейін “Құдай Патшалығына өтуге лайықсың ба?” деп аталатын баяндамада өзімізді тексеруге шақырыламыз. Бағдарлама “Ехобаның уәделеріне сенім артыңдар” деген кеңеспен аяқталады.
5 Әр конгрестің ерекше бөлімі — шомылдыру рәсімінен өтетіндерге арналған баяндама. Шомылдыру рәсімінен өткісі келгендер, қажетті шаралар қолданылуы үшін мүмкіндігінше ертерек төрағалық етуші бақылаушыға ықыластарын білдіруі керек.
6 Бүгінгі құбылмалы уақытта, Ехоба сенімділік пен тұрақтылықтың жалғыз ғана шынайы негізі болып табылады (Заб. 117:8, 9). Сол себепті аудандық конгрестің бағдарламасын толық тыңдап, Оған деген сенімімізді нығайталық.