Қызмет кездесулерінің кестесі
8 шілдеден басталатын апта
201-ән
15 мин: Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеп алынған хабарландырулар. 4-беттегі кеңестерді қолданып, “Күзет мұнарасының” 15 шілдедегі нөмірі мен “Ояныңдар!” журналының 22 шілдедегі нөмірлерін қалай ұсынуға болатынын көрсет. Екі жағдайда да “біз бұрыннан бері мәсіхшілерміз” деп қарсылық білдірген кезде не айтуға болатынын әр түрлі жолмен көрсет (“Киелі кітап тақырыбына әңгіме бастап, оны жалғастырудың жолдары” брошюрасының 11-бетін қара.)
10 мин: Сауалдар жәшігі. Ақсақалдың баяндамасы. Ол мәліметті жергілікті жағдайға ыңғайлап жеткізеді.
20 мин: Бейресми түрде куәлік етуге дайындалғанбыз. “Біздің қызметіміз” кітабының 93, 94-беттеріндегі мәліметті тыңдаушылармен талқылау. “Біздің Патшалық қызметіміздің” 2002 жылғы қаңтар айындағы нөмірінің қосымшасындағы бірінші беттегі кеңестерді қолданып, бейресми түрде бейтаныс кісіге, көршімізге, туысымызға немесе танысымызға қалай куәлік беруге болатынының екі немесе үш жолын қысқаша көрсет.
139-ән және соңғы дұға.
15 шілдеден басталатын апта
144-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру.
15 мин: Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин: Куәлік еткенде Киелі кітапты қолданудың маңызды себептері. Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Иса Жазбаларды білген және тәлім бергенде оны жиі қолданатын (Лұқ. 24:27, 44—47). Ол өз сөзіне үйреткен жоқ (Жох. 7:16—18). Біздің де Құдай Сөзін қолданғанымыз маңызды. Ол біздің сөзімізден әлдеқайда күшті әсер етеді (Жох. 12:49, 50; Ев. 4:12). Жазбалар ұсынып отырған жұбаныш пен үміт ақ жүректі адамдардың жүректеріне жылы тиеді. Ұсыныс жасаған сайын кемінде бір Жазба орнын оқып беруді мақсат етіп қой. Журналдардың осы айдағы нөмірлерін ұсынуға байланысты кеңестердегі келтірілген Жазба орындарына көңіл бөл. Тыңдаушылардың біразының қызметте Киелі кітапты қалай қолданатынын және оның өздері мен өзгелерге қандай әсері болып жүргенін әңгімелеп беруін өтін.
215-ән және соңғы дұға.
22 шілдеден басталатын апта
47-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Баласымен бірге қызметке шығып жүрген бауырласымыз, баласы екеуі тамыздың 1 жұлдызы мен 8 жұлдызындағы журналдарды ұсынуға байланысты 4-беттегі кеңестерді қалай қолдануға болатынын көрсетеді. Біреуі “Күзет мұнарасын”, екіншісі “Ояныңдар!” журналын ұсынады. Ата-аналарды балаларын қызметте жетістікке жетуге баулуға жігерлендір.
17 мин: Ислам діні туралы сұраған кісіге қалай жауап берер едің? Баяндама және көрсету. Мәдениеті өзге кісілермен сөйлескенде парасаттылық таныту қажет екендігіне көңіл бөл. “Құдайдың басшылығы — Жұмаққа алып баратын жол” (ор.) брошюрасын қолданып, Киелі кітап пен Құранның ұқсас жерлерін (8-беттегі қоршауды қара) және христиан әлемі мен Киелі Жазбалардың ілімдерінің айырмашылығын (5-беттегі қоршауды қара) қысқаша түсіндір. Уағыз айтқанда “мен мұсылманмын” деп қарсылық білдірген жағдайда әңгімені қалай жалғастыруға болатынын жақсылап дайындап көрсет: “Мұсылмандар жалғыз шынайы Құдайға және барлық пайғамбарларға сенеді, солай емес пе? [Жауабын күт.] Мен сізбен жердің жұмаққа айналатыны жөніндегі ежелгі пайғамбарлық туралы сөйлессем деп едім. Сізге пайғамбардың не жазғанын оқып беруге бола ма? [Ишая 11:6—9-ды оқы.] Бұл пайғамбарлық мына брошюрада келтірілген Құранның сөздеріне ұқсайды”. “Құдайдың басшылығы” брошюрасының 9-бетін ашып, әділ адамдардың жерді мұра ететіні туралы қалың әріптермен жазылған үзіндіні оқы. Егер қызығушылық білдірсе, әңгімені жалғастырып, келесі беттегі 7-ден 9-ға дейінгі абзацтарды талқыла. Брошюраны қалдырып, қайта келуге келіс. Мұсылмандарға ұсынатын әдебиетті таңдағанда және оларға қалай куәлік ететінімізге байланысты парасаттылық танытуымыз керек екеніне көңіл бөл. Мұсылмандар үшін шығарылған қауымда бар әдебиеттердің барлығын көрсет (трактаттар: “Жұмаққа алып баратын жол” [rp], “Барлығы тағдырдың қолында ма...?” [T-71], “Ең ұлы есім” [T-72], “Ехоба Куәгерлері деген кімдер?” [T-73], “Тозақ оты Құдайдың жазалауы ма?” [T-74], брошюралар: “Құдайдың басшылығы — Жұмаққа алып баратын жол” [gu], “Құдайға шынайы мойынсұнатын уақыт” [sm]). Мұсылмандар жайлы көбірек мағлұмат алу үшін “Біздің Патшалық қызметіміздің” 1998 жылғы ақпан айындағы, 1999 жылғы қараша айындағы нөмірлерінің (ор.) қосымшаларын, “Киелі кітап тақырыбына әңгіме бастап, оны жалғастырудың жолдары” брашюрасының (ор.) 15, 16-беттерін және Адамзат Құдайды іздеуде кітабының (ағ.) 12-тарауын қара.
18 мин: Интернеттің қаупінен қалай сақтануға болады? “Ояныңдар!” журналының 2000 жылғы 22 қаңтардағы нөмірінің (ор.) 19—21 дейінгі беттеріндегі мәліметке негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Интернетті еш шектеусіз қолданғанның қауіпті екеніне көңіл аудар және оның торына түсіп қалмау үшін не істеу керек екенін түсіндір. Тыңдаушыларды осы кеңесті қолданғанның қандай пайдасы болғанын түсіндіріп беруге шақыр.
61-ән және соңғы дұға.
29 шілдеден басталатын апта
54-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Шілде айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың есіне сал.
10 мин: “Жаңа аудандық конгрестің бағдарламасы”. Баяндама. Конгресс өтетін күнді хабарла. Барлығын конгреске келіп, бағдарламаны мұқият тыңдауға шақыр. Шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушыларды шомылдыру рәсімінен өту үшін талаптарға сай болу жайлы ойлауға жігерлендір. Киелі кітапты зерттеп жүрген кісілерді шақыруға ерекше күш сал.
25 мин: “Бір-біріңмен үйлесе бірігіңдер”a. 3-абзацты талқылаған кезде, қосымша “Ояныңдар!” журналының 2000 жылғы 22 сәуіріндегі нөмірінің (ор.) 9, 10-беттеріндегі мәліметке түсініктеме ал. 4-абзацты талқылағанда “Күзет мұнарасының” 1995 жылғы 1 сәуіріндегі нөмірінің (ор.) 16, 17-беттеріндегі 4—6 абзацтардағы мәліметке түсініктеме ал.
81-ән және соңғы дұға.
5 тамыздан басталатын апта
38-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар.
20 мин: “Әр тілде сөйлейтін адамдардың жиналуы”b. “Күзет мұнарасының” 2002 жылғы 1 сәуірінің 24-бетіндегі (ор.) мәліметке байланысты қосымша түсінік ал. Егер орынды болса, жергілікті аумақта тұратын бөтен тілде сөйлейтін адамдарға көмектесу үшін не істелгенін қысқаша түсіндір және 4-абзацтағы ұсынысты көрсет.
15 мин: Қызметте кездескен оқиға. Тыңдаушылардан өткен жазда облыстық конгресте болғанда, қосалқы ізашар ретінде қызмет еткенде немесе өзге де рухани істерде басынан өткерген сенімді нығайтатын оқиғаларды әңгімелеп беруін өтін.
184-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.