Өзгелерге көмектесуді “қалайсыңдар ма”?
1 Иса шын көңілімен адамдардың қамын ойлаған. Алапеспен ауырған кісі көмектесуін өтінгенде, Иса қолын созып, денесіне тигізді де, былай деді: “Қалаймын, құлан-таза сауығып кет!” (Мар. 1:40—42). Өзгелерге көмектесуге байланысты Иса сияқты ой-қалпын қалай танытуымызға болады?
2 Қызығушылық білдірген адамдар: Қызығушылық білдірген кісінің Ехобаның қызметшісі болуына көмектесуге қауым мүшелерінің барлығы атсалысады. Қауым кездесуіне алғаш келген кісілермен сәлемдесіп, танысыңдар. Оларды жігерлендіруге тырысыңдар. Түсініктеме бергендері және Киелі кітап принциптерін өмірлерінде қолдануға талпынып жүргендері үшін мақтау айтыңдар. Қауым мүшелерінің арасынан адал дос табудың мүмкіндіктерін көре білулеріне көмектесіңдер.
3 Бір сенімдегілер: Әсіресе “сенімі бір бауырластар” біздің жан-жақты көмек көрсетуімізге лайық (Ғал. 6:10). Көп бауырластар аурумен күресіп жүр. Уақыт бөліп әңгімелесу арқылы олардың көңілін көтересіңдер, сондай-ақ қандай да бір істе қолғабыс етіп көмек көрсете алуларың да мүмкін. Тағы біреулері болса басқа бір қиындықтарға ұшырап жүрген болуы мүмкін. Оларды тыңдауға уақыт бөліп, жігерлендіру арқылы олардың қамын ойлайтындарыңды көрсетіңдер (1 Сал. 5:14). Өз жауапкершіліктерін атқарып жүрген ақсақалдар да бізден қолдау күтеді (Ев. 13:17). Әрқашан көмектесуге дайын болу арқылы бір сенімдегі бауырластарымыз үшін “сүйеніш” бола аламыз (Қол. 4:11, ЖД).
4 Отбасы мүшелері: Сонымен қатар отбасы мүшелеріне қатысты өзгелердің қамын ойлаған Исаға еліктеуге тырысуымыз керек. Қамқор ата-аналар ‘балаларын Иемізбен жүргендерге лайықты тәрбиелейді’ (Ефес. 6:4). Балалардың өз тарапынан істей алатыны — отбасымен зерттеу сабағына, қауым жиналысы немесе уағыздау қызметіне шығарда тез дайын болу. Ересек балалар ата-аналарына жасы ұлғайған сайын кезігіп отыратын қиыншылықтарын жеңуге шын ықыласпен көмектесулерімен Исаның жанашырлығына еліктей алады. Осы және өзге де жолдармен барлығымыз да ‘отбасын қадірлеп... сенімдерімізді іс жүзінде көрсетеміз’ (1 Тім. 5:4).
5 Өзгелердің қамын ойлауда Исаға еліктеудің арқасында бауырластардың ауыртпалықтарын бірге көтерісе алуымыз мүмкін және отбасымыз бен қауымның ынтымағы нығая түседі. Ең бастысы “қайырымды Құдай Әкеміз” Ехобаны дәріптейміз (2 Қор. 1:3).