Қызмет кездесулерінің кестесі
Ескерту: Жаз айларында “Біздің Патшалық қызметімізде” әр аптадағы қызмет кездесуінің кестесі беріледі. “Патшалықты құлшыныспен жариялаушылар” деп аталатын облыстық конгреске байланысты әр қауымның өздері өзгеріс енгізулеріне болады. Орынды болған жерлерде облыстық конгрестің алдындағы аптада өткен айдағы нөмірдің қосымшасындағы жергілікті жерде қолдануға болатын лайықты кеңестерді қайталауға 15 минут бөліңдер. Қазан айында бір қызмет кездесуі толық конгресс бағдарламасының көңіл аударарлық бөлімдерін қайталауға арналады. Сол талқылауға дайын болу үшін, жеке өмірімізде және қызметте қолданғымыз келген ойларды, сондай-ақ маңызды немесе қызықты деген бөліктерін жазып алуымызға болады. Содан соң конгрестен кейін сол кеңестерді қалай қолданғанымызды айтып беруімізге болады. Сол конгресте алған жақсы басшылықтардың пайдасын қалай көргенімізді есту бір-бірімізге жігер береді.
10 маусымнан басталатын апта
58-ән.
15 мин: Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеп алынған хабарландырулар. 4-беттегі кеңестерді қолданып, “Күзет мұнарасы” журналының 15 маусымдағы нөмірі мен “Ояныңдар!” журналының 22 маусымдағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет. Екі жағдайда да “мені дін қызықтырмайды” деп, қарсылық білдірген кезде не айтуға болатынын әр түрлі жолмен көрсет (“Киелі кітап тақырыбына әңгіме бастап, оны жалғастырудың жолдары” брошюрасының 8, 9-беттерін қара.)
10 мин: Сауалдар жәшігі. Мақаланы толық және келтірілген Жазба орындарын оқып шық. Содан соң “Біздің Патшалық қызметіміздің” 1998 жылғы наурыз айындағы нөміріндегі “Сауалдар жәшігі” айдарындағы ойларды қосып, қосымша түсініктер келтір.
20 мин: “Жомарт сепкен мол баталарға ие болады”a. “Күзет мұнарасының” 1992 жылғы 1 желтоқсандағы нөмірінің 15, 16-беттеріндегі 14—17 абзацтардағы ойларды айта кет.
220-ән және соңғы дұға.
17 маусымнан басталатын апта
136-ән.
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру.
15 мин: Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин: “Барға қанағат етіңдер!”b Бұл кеңеске негіз болған Жазба орындарына ерекше көңіл бөліп, мүмкіндігінше келтірілген Жазба орындарының көбісін оқытып, талқыла.
197-ән және соңғы дұға.
24 маусымнан басталатын апта
52-ән.
8 мин: Жергілікті хабарландырулар. Бірге қызмет етіп жүрген ерлі-зайыптылар 4-беттегі журналдардың 1 шілдедегі және 8 шілдедегі нөмірлерін ұсынуға байланысты кеңестерді қалай қолдануға болатынын көрсетеді. Әйелі “Күзет мұнарасына”, ал күйеуі “Ояныңдар!” журналына ұсыныс жасайды.
12 мин: Жергілікті жариялаушылар кезіккен жағдайларды әңгімелеп немесе көрсетіп бер: 1) әр ұлттың адамдарына немесе өзге тілде сөйлейтін адамдарға куәлік еткен кезде және 2) үйме-үй жүру мен көшедегіден өзге жағдайларда куәлік еткенде. Келесі аптада өтетін қызмет кездесуіне дайындық ретінде барлығын да шілде және тамыз айларында ұсынылатын брошюраларды таратқанда қолданатын ұсыныстар тауып, дайындап қоюға шақыр. (“Біздің Патшалық қызметіміздің” 2002 жылғы қаңтар айындағы нөмірінің қосымшасындағы “Өзге әдебиеттер” деп аталатын тақырыпты қараңдар.)
10 мин: Ақсақал “Алданып қалмаңдар!” деп аталатын мақаланы талқылайды. “Біздің Патшалық қызметіміздің” 1994 жылғы қаңтар айындағы нөмірінің 7-бетіндегі “Орынсыз қайырымдылықтан сақтаныңдар” деп аталатын мақаланың негізгі ойларына да көңіл бөл.
15 мин: Топ болып уағыз айтуға байланысты қызмет бақылаушысының баяндамасы. Демалыс күндеріндегі уағыздауға байланысты шараларға жақсы қолдау көрсетіп жүргендері үшін бауырластарға мақтау айт. Қауымда уағыздауға байланысты қандай шаралар қарастырылғанын атап өт. Кітап оқу тобымен бірге қызмет етудің тиімді жақтарына көңіл бөл: 1) сүйіспеншіліктері арта түседі және 2) пікір алмасып, бір-бірінен үйренеді. Топпен бірге қызметке үнемі шығуға байланысты кеңестер бер (“Біздің Патшалық қызметіміздің 2001 жылғы шілде айындағы нөмірін де қара, 4-бет.)
95-ән және соңғы дұға.
1 шілдеден басталатын апта
83-ән.
15 мин: Жергілікті хабарландырулар. Маусым айындағы қызметтері жайлы есеп беруді жариялаушылардың есіне сал. Жариялаушылардың шілде айында қандай брошюраларды таратпақ ойлары бар екенін және қандай ұсыныстар қолданатынын айтып берулерін өтін.
15 мин: “Сен Құдаймен дос бола аласың!” Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Бұл брошюраның балаларға және сауаты төмен немесе жақсы оқи білмейтін адамдарға Ехоба туралы білуге көмектесу үшін керемет оқу құралы болуының негізгі себептеріне көңіл аудар. Ондағы қарапайым да қисынды жеткізілген жерлерін мысалға келтіріп талқыла (2, 8, 12-сабақтарды қара). Адамдардың жүрегіне жетуі үшін суреттерді қалай қолдануға болатынын көрсет. Брошюраны тиімді түрде қалай қолдануға болатыны жөнінде кеңестер бер. Ата-аналар оны кішкентай балаларымен зерттеуі керек. Барлығын да қызметте жүргенде лайықты болған жерде осы брошюраны ұсынуға жігерлендір.
15 мин: “Өзгелерге көмектесуді “қалайсыңдар ма”?”c Қауым мүшелерінің барлығын да әрқашан көмектесуге дайын болуға шақыр.
156-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.