Толық уақытты қызметтің қуаныштары
1 Жас адам болғандықтан, болашақ жөнінде ойланатындарың сөзсіз. Нақыл сөздер 21:5-те (ЖД) былай делінген: “ынталының жоспары сөзсіз пайдаға асады”. Өмірдегі мақсаттарың жөнінде мұқият ойланғандарың өздерің үшін пайдалы болады. Болашаққа жоспар құрған кездеріңде толық уақытты қызметті бастау жағын қарастырыңдар. Не себепті?
2 Жас күндерінде ізашар ретінде қызмет атқарған, қазір жасы келген кейбір бауырластарымыздың біразының ойын сұрап көріңдерші, барлығының да айтатыны бір сөз: “Ол жылдар өмірімдегі ең керемет жылдар болды!” Жас кезінен бастап толық уақытты қызметтің қуанышына бөленген бір бауырласымыз жасы келген уақытта былай деді: “Жас күніңді еске алып, “Жаратушыңды жастық шағыңда есте сақта” деген кеңесті орындадым деу, адамның жанын рақатқа бөлейді” (Еккл. 12:1, СА). Жас кездеріңде осындай қуанышқа кенелулерің үшін, өздерің де, ата-аналарың да мұқият жоспар құруларың керек.
3 Ата-аналар, балаларыңды толық уақытты қызметті бастауға жігерлендіріңдер: Қамқор Әке ретінде Ехоба қай жолмен жүруіміз керек екенін анық көрсетіп отыр (Иш. 30:21). Осындай сүйіспеншілікке толы басшылық беруімен, Ол сендерге, яғни мәсіхші ата-аналарға керемет үлгі көрсетіп отыр. Қандай жолдың ең жақсы жол екенін таңдауды балалардың өздеріне қалдырғанша, Ехобаның батасына ие болу үшін, тура жолға түсетіндей етіп, оларды даналықпен тәрбиелеңдер. Ер жеткен кездерінде сендердің тәрбиелерің оларға ‘жақсы мен жаманды айыра білуге’ көмектеседі (Ев. 5:14). Ақыл тоқтатар жасқа келгендер өз ақылдарына сүйенулеріне болмайтынын, жолдарына бағыт беруі үшін Ехобаға арқа сүйеулері керек екенін біледі (Нақ. с. 3:5, 6). Әсіресе, өмір тәжірибесі аз жастар солай етуі керек.
4 Ата-аналар, балаларың жасөспірім шаққа келгенде немесе тіпті одан да ертерек, алға қойған мақсаттары жөнінде өмірдің шындығын ескере отырып ашық сөйлесіңдер. Мектепте кеңес берушілер, мұғалімдер және сыныптастары осы дүниеге тән материалдық мақсаттарды көздеуге әсер етуге тырысатын болады. Балаларыңа тиімді тәжірибе алып шығатын қосымша сабақтарды таңдауға көмектесіңдер. Сонда олардың өз қажеттіліктерін Патшалықты бірінші орынға қоюға кедергі келтірмейтін жолмен табуына мүмкіндік болады (1 Тім. 6:6—11). Көп жағдайда, әлдекімнің өзін ең керекті нәрсемен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етіп, жалпы ізашар қызметін бастауы үшін қандай да бір кәсіпке үйрететін орта мектептен алатын және/немесе тікелей жұмыс орнында алған білімінің өзі жеткілікті болады.
5 Жастарды салт басты болу сыйына ұмтылуға жігерлендіріңдер. Кейінірек некеге тұруды шешсе, олар некеге байланысты жауапкершілікті алып жүруге әлдеқайда дайынырақ болады (“Біздің Патшалық қызметіміздің” 2001 жылғы маусым айындағы нөмірінің қосымшасындағы “Өздеріңді қызметке арнауға дайынсыңдар ма?” деп аталатын мақаланың 19-абз. қара. ор.). Ізашар ретінде, қажеттілік көбірек жерде, Бетелде және миссионер ретінде қызмет ету жайлы жағымды әңгімелер айту арқылы олардың бойында, тіпті кішкентай кездерінен бастап, Ехобаға ұнайтындай, өзгелерге пайдасы тиетіндей және өздері қуанышқа кенелетіндей өмір сүруге деген ықыластарын оята беріңдер.
6 Жастар, толық уақытты қызметті бірінші орынға қойыңдар: Жастар, ізашар ретінде қызмет етудің не екенін өзгелерден сұрауға болғанмен, өздерің көргендерің дұрыс. Сендер мектепте оқып жүргенде немесе демалыс кездерінде мүмкін болған кезде, қосалқы ізашар ретінде қызмет ету арқылы оны байқап көрулеріңе болады. Сонда ізашарлық қызметтің шындығында қаншалықты рақатқа бөлейтінін сезінесіңдер! Қазірден бастап жаздың соңына дейін қосалқы ізашар ретінде қызмет етуді алдын ала жоспарлай аласыңдар ма?
7 Егер Ехобаның ұйымындағы жас ер бауырластардың бірі болсаңдар, қызмет көмекшісі ретінде қызмет етуге лайықты болу үшін қажет қасиеттерді дамыту жөнінде де мұқият ойланыңдар (1 Тім. 3:8—10, 12). Сондай-ақ, талап етілетін жасқа келгенде, Бетел үйінде қызмет етуге немесе Қызметті жетілдіру мектебінде оқып шығуға талпыныңдар. Ізашар ретінде қызмет еткеннің арқасында уақыт кестесін қалай ұстану, өміріңді дұрыс ұйымдастыру және жауапкершілікті сезіну қабілетіңді арттыру, өзгелермен жақсы қарым-қатынасты сақтай білу сияқты пайдалы нәрселерге үйренесіңдер. Бұның бәрі сендерді кейінірек қызметте бұлардан да жоғары жауапкершіліктерді алып жүруге дайындайды.
8 Толық уақытты қызметте жетістікке жетудің басты кілті — теократиялық істерді құлшына атқару болып табылады. Елші Пауыл осындай ой қалпын танытуға жігерлендіріп, нәтижесінде қандай баталарға ие болатынымызға көңіл аударған болатын: “Қандай жұмыс болса да, оны... Иеміз үшін істеп жүргендей жан-тәндеріңмен атқарыңдар! Себебі осының ақысы ретінде сендер Иемізден уәде еткен игіліктерін қабылдайтындарыңды білесіңдер” (Қол. 3:23, 24). Ехоба сендерге толық уақытты қызметтен көп қуаныш табатындай батасын берсін!