Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Ешқандай кітаптарды ашпай, Теократиялық қызмет Мектебінде 2002 жылдың 7 қаңтардан басталатын аптасы мен 22 сәуірден басталатын аптасы аралығында қарастырылған мәліметтерді қайталау. Бөлінген уақыттың ішінде жеке қағазға мүмкіндігінше сұрақтардың көбісінің жауабын жазыңдар.
(Ескеретін нәрсе: Жазбаша қайталау кезінде, сұрақтарға жауап беру үшін, тек Киелі кітапты ғана қолдануға болады. Сұрақтардың соңындағы жауабын қайдан табуға болатыны жөніндегі сілтемелер жеке зерттеуге арналған.)
Келесі тұжырымдардың дұрыс не бұрыс екендігін көрсет:
1. Екклесиаст 2:2-де Сүлеймен күлкі мен көңіл көтеруден аулақ болу керек екендігіне ерекше көңіл аударғысы келген (күнделікті Киелі кітапты оқу; w88 15.2. 21-бет, 5-абз. (ор.) қара).
2. Екклесиаст кітабын түңілдіретін кітап деп айтуға еш болмайды, өйткені ол асыл тастың күн нұрына жалт-жұлт еткеніндей, Құдайдың даналығын шағылыстырады және Құдайдың еркін елемейтін адамдардың істерінің зиянды екенін көрсетеді (bsi02-1 5-бет, 15-абз., ор.).
3. Ишая 1:7-де пайғамбар Ахаз патшалық еткен кездегі Яһуданың қаңырап бос қалғанын суреттейді (күнделікті Киелі кітапты оқу; ip-1 17-бет, 16-абз., (ор.) қара).
4. Иса уағыздаған Патшалық Құдайдың бүкіл әлемдік билігінің алдында көмекші, немесе қосалқы, рөл атқарады (kl 91-бет, 4-абзац).
5. Ехобаны еншімізде бар нәрселерімізбен — уақытымызбен, қабілетімізбен, күшімізбен және меншігіміздегі заттарымызбен — мадақтау арқылы біз көптеген рухани баталарға ие боламыз (Нақ. сөз. 3:9, 10) (w00 15.1. 25-бет, 1-абз., ор.).
6. Ишая 28:21-де алдын ала айтылған “ғажайып іс” пен “тамаша... әрекет” қазіргі уақытта Һармагеддондағы халықтардың жойылуына қатысты (күнделікті Киелі кітапты оқу; ip-1 295-бет, 16-абз., 301-бет, 28-абз., (ор.) қара).
7. Матай 24:38, 39-ға сәйкес, Нұхтың уақытында адамдар ішіп-жеу мен өзге де әдеттегі адамдар айналысатын істерге әбден беріліп кеткендері үшін жойылды (w00 15.2. 6-бет, 6-абз. ор.).
8. Ехоба өзіне риясыз қызмет етіп жүрген кішіпейіл қызметшілерінің өтініштерінің барлығын орындайды (w00 1.5. 4-бет, 2-абз.).
9. Ишая 60:3-те айтылған “ұлттар” — Құдайдың нұрына келетін жеке ұлттар (күнделікті Киелі кітапты оқу; w00 1.1. 23-бет, 4-абз. (қара)).
10. Ехобаның Еремияны туылмастан бұрын “өзіне бағыштағаны”, оның тағдырын алдын ала белгілеп қойғандығын білдіреді (Ерем. 1:5) (күнделікті Киелі кітапты оқу; w88 1.9. 8-бет, 2-абз. (ор.) қара).
Келесі сұрақтарға жауап бер:
11. Екклесиаст 11:1-дегі “наныңды сумен жібер” деген сөздер нені білдіреді? (күнделікті Киелі кітапты оқу; w88 15.2. 22-бет, 11-абз. (ор.) қара).
12. Ишая 6:8-де “Біздің” деп, Ехоба тағы кімге нұсқап отыр? (күнделікті Киелі кітапты оқу; ip-1 93-бет, 13-абз. (ор.) қара).
13. Ишая 9:2-нің орындалуында, ғалилеялықтар “ғаламат Нұрды” қалай көрді? (күнделікті Киелі кітапты оқу; ip-1 126-бет, 17-абз. (ор.) қара).
14. Б. з. б. 539 жылы Бабылдың құлап, кейінірек қаңырап бос қалуына қазіргі уақытта қандай параллель келтіруге болады? (Иш. 13:19, 20; 14:22, 23) (күнделікті Киелі кітапты оқу; ip-1 188-бет, 30, 31-абз. (ор.) қара).
15. “Адал да саналы қызметші” Ишая 21:6-да суреттелген “күзетшінің” рөлін қалай атқаруда? (Мат. 24:45) (күнделікті Киелі кітапты оқу; ip-1 221-бет, 11-абз. (ор.) қара).
16. Өмірлік серік іздеп жүрген жас жігітке Нақыл сөздер 31:10-да қандай дана кеңес жазылған? (w00 1.6. 30-бет, 8-абз.).
17. Ишая 43:9-да Ехоба, халықтар табынып жүрген құдайларды қалай сотқа шақырады? (күнделікті Киелі кітапты оқу; w88 1.7. 16-бет, 3-абз. (ор.) қара).
18. Құдай Патшалығын уағыздап жүргендердің аяқтары қандай мағынада “тамаша”? (Иш. 52:7, СА) (күнделікті Киелі кітапты оқу; w97 15.4. 27-бет, 6-абз. (ор.) қара).
19. Жүрегіміз бізді алдамауы үшін, не істеуіміз қажет? (Ерем. 17:9) (w00 1.3. 30-бет, 4-абз., ор.).
20. Ехобаның жолымен келе жатқандар не істеулері керек? (Ерем. 7:23) (күнделікті Киелі кітапты оқу; w99 15.8. 29-бет, 6-абз. (ор.) қара).
Келесі тұжырымдардың әрқайсысын толықтыру үшін, керекті сөзді немесе сөйлемшені қойыңдар:
21. “Оң жақ” жиі ․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․ білдіретін болғандықтан, “дана адамның жүрегі — оң жаққа” деген сөйлемше ․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․ дана адамды жақсы, пайдалы жолмен жүруге талпындырады дегенді білдіреді (Еккл. 10:2; Мат. 25:33) (күнделікті Киелі кітапты оқу; w88 15.2. 22-бет, 8-абз. (ор.) қара).
22. Өлеңдердің өлеңі кітабының пайдалы тәлімдерінің бірі — Құдайдың принциптеріне деген ․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․ (bsi02-1 7-бет, 16-абз., ор.).
23. Ишая 33:1-де суреттелген Яһуданың қалаларын тонаушы — ․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․, бірақ б. з. б. 632 жылы оның өзі жеңіліске ұшырап, олжаны “құрт сияқты жинайтын” ․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․ тұрғындарына көптеген олжа қалдырып кетеді. (Иш. 33:4) (күнделікті Киелі кітапты оқу; ip-1 343-бет, 4, 6-абз. (ор.) қара).
24. Ишая 54:1 мен Ғалаттықтарға 4:26, 27-ні салыстырар болсақ, ‘құрсақ көтермейтін... әйелдің’ ․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․ білдіретінін, ал ‘күйеуі бар’ әйелдің ․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․ білдіретінін көруге болады (күнделікті Киелі кітапты оқу; w95 1.8. 11-бет, 8-абз. (ор.) қара).
25. Қызметте жүргенде келемеждеу мен қарсылыққа кезіккен жағдайда, шын мәнінде бұл қарсылықтың ․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․ емес, ․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․․ қарсы жасалып жатқанын есте сақтағанымыз жөн, өйткені хабардың иесі — Сол (2 Қор. 4:1, 7) (w00 1.4. 16-бет, 2-абз.).
Келесі тұжырымдардың әрқайсысындағы дұрыс жауапты таңда:
26. Исаның көктегі даңқы туралы көрген көрінісін суреттегенде, Пауылдың өзін “мерзімінен бұрын туылған” деп атауының себебі (оның рухтан туылғаны жаңа ғана еді; ол халықтар үшін елші болуға ерте тағайындалды; ол көкте өмір сүру үшін уақытынан бұрын, былайша айтқанда, туылу немесе қайта тірілу құрметіне ие болды) (1 Қор. 9:1; 15:8, ЖД) (w00 15.1. 29-бет, 6-абз., ор.).
27. “Мәңгілік Әке” деген есім, Мәсіх Патшаның адамдарға (рухани күш-қуат; көкте мәңгі өлмейтін өмір; жерде мәңгі өмір сүру мүмкіндігін) беруге күші мен билігі бар екендігіне нұсқайды (Иш. 9:6; Жох. 11:25, 26) (күнделікті Киелі кітапты оқу; ip-1 131-бет, 26-абз. (ор.) қара).
28. Ишая 66:7-дегі туылған “ұл” қазіргі уақытта — бұл (Иса Мәсіх; Мәсіхтің қолындағы Патшалық; 1919 жылы пайда болған рухани халық) (күнделікті Киелі кітапты оқу; w95 1.1. 11-бет, 3-абз. (ор.) қара).
29. Егер (Даниелді; Ишаяны; Мұсаны) есепке алмайтын болсақ, Еремияның өмірі мен қандай адам болғандығы жөнінде өзге ежелгі пайғамбарлардың қай-қайсысынан болмасын көп білеміз (bsi02-1 14-бет, 5-абз., ор.).
30. Еремия 7:28-дегі “Тәңірдің үніне құлақ аспайтын халық” қазіргі уақытта — бұл (Ұлы Бабыл; христиан әлемі; жетінші дүниежүзілік ірі мемлекет) (w88 1.9. 15-бет, 10-абз. (ор.) қара).
Төменде келтірілген тұжырымдарға сәйкес келетін Жазба орындарын таңдап алыңдар:
Нақ. сөз. 24:16; Еккл. 3:11; Иш. 40:8; Ерем. 7:31; Рим. 10:15.
31. Уақыты келгенде, Құдайдың ниетіндегі істерінің барлығының өз орны белгілі болады (күнделікті Киелі кітапты оқу; w88 15.2. 21-бет, 8-абз. (ор.) қара).
32. Балаларын құрбандыққа шалу деген қазіргі уақытта көптеген адамдардың ойына да кіріп шықпайды, алайда сан миллиондаған әлі туылмаған балалар түсік тастау арқылы әдейі өлтірілді, ал миллиондаған жастардың өмірі соғыстың құрбаны болды (күнделікті Киелі кітапты оқу; w88 1.10. 7-бет, 3-абз., (ор.) қара).
33. Өмірде сәтсіздіктен қашып құтылу мүмкін болмағанмен, Құдайдан қорқатын адам ізгілік жасаудан шаршамайды (w00 1.2. 5-бет, 1-абз., ор.).
34. Құдайдың сөзін немесе Оның ниетін өзгерту және оны іске асыруға кедергі жасау мүмкін емес (күнделікті Киелі кітапты оқу; ip-1 401-бет, 10-абз. (ор.) қара).
35. Иса Мәсіхтің елшілері Ишаяның пайғамбарлығын өздерінің қызметіне қатысты қолданған (bsi02-1 12-бет, 37-абз., ор.).