Еске алу кешіне байланысты ескертулер
Бұл жылғы Еске алу кеші наурыз айының 28 жұлдызында, бейсенбі күні өтеді. Ақсақалдар келесі мәселелерге көңіл аударулары керек:
◼ Кездесудің уақытын белгілегенде рәміздердің қолдан қолға күн батқан соң берілетіндігіне көз жеткізіңдер.
◼ Барлығына, баяндамашыға да, кеш өтетін тура уақыт пен мекенжайды хабарлау керек.
◼ Лайықты нан мен шарап тауып, дайындап қою керек. (“Күзет мұнарасының 1985 жылғы 15 ақпандағы нөмірін қараңдар, 17-бет, ор.).
◼ Кеш өтетін сарайға алдын ала лайықты үстел алып келіп, үстіне дастархан жайып, тарелкелер мен бокалдарды дайындап қою керек.
◼ Кездесу өтетін Патшалық Сарайын немесе өзге залды алдын ала жақсылап тазалау керек.
◼ Қызмет көрсетушілер мен рәміздерді алып жүретін бауырластарды тағайындап, оларға кездесудің қалай өтетінін, әрқайсысының міндетін және киімдері мен сырт келбеті мерекеге сай болуы керек екенін алдын ала ескерту керек.
◼ Денсаулықтарына байланысты Еске алу кешіне келе алмайтын майланғандардың рәміздерден дәм татуы үшін қам жасау керек.
◼ Егер Кешті бір Патшалық Сарайында бірнеше қауым өткізетін болса, вестибюльде, кіре берісте және жаяужолда адамдардың топырлап тұрып қалмауын, ал автотұрақта көліктер жиналып қалмауын алдын-ала ойластыру керек.