Уағыздау қызметіндегі қуаныштарыңды арттырыңдар
1 Сендер ізгі хабарды уағыздау ісіне қатысудан қуаныш сезініп жүрсіңдер ме? Егер абай болмасақ, бізді қоршаған зұлым дүние қуанышымыздан арылтып, уағыз айтуға ұялатын немесе қорқатын халге жеткізуі мүмкін. Учаскеміздегі адамдардың немқұрайды қарауы да еңсемізді басуы мүмкін. Уағыздау қызметіндегі қуанышымызды қалай арттыруымызға болады?
2 Дұрыс ой қалпын сақтаңдар: Бұл шынында да көмектеседі. Мысалы, “Құдаймен бірге еңбектенуші” болу құрметі жайлы ой жүгіртіңдерші (1 Қор. 3:9). Бұл істі атқаруда Иса да бізбен бірге және де Ол бізді сан мыңдаған періштелер арқылы қолдап отыр (Мат. 28:20; 13:41, 49). Олай болса біздің ісімізді Құдайдың басқарып отырғандығына сенімді болуымызға болады (Аян 14:6, 7). Сол себепті біздің ісіміз, адамдардың қалай қарайтынына қарамастан, көкте қуанышпен қарсы алынады!
3 Жақсылап дайындалыңдар: Жақсы дайындық та қуанышқа бөленуімізге септігін тигізеді. Қызметке дайындалғанға көп уақыт кетпейді. Журналдардың соңғы нөмірлері мен осы айда ұсынылатын әдебиеттердегі көңіл аударуға болатын ойларды қарастырып шығуға шамалы ғана уақыт кетеді. “Біздің Патшалық қызметіміздегі” “Журналдарды ұсыну жолдары” айдарынан ыңғайлы ұсыныс таңдап алыңдар. “Біздің Патшалық қызметіміздің” 2002 жылғы қаңтар айындағы нөмірінің қосымшасындағы “Уағыз айтқанда қолдануға болатын ұсыныстарды” қараңдар. Немесе тиімді ұсыныстарды “Киелі кітап тақырыбына әңгіме бастап...” брошюрасынан қарауларыңа болады. Егер адамдар жиі айтатын қандай да бір қарсылық сөздер сендерді тұйыққа тіреп жүрген болса, олардың көзқарасын есепке ала отырып, қызығушылықтарын оятатын мәселеге көңіл аударатындай жауап дайындаңдар. Бұған “Киелі кітап тақырыбына әңгіме бастап...” брошюрасының көмегі зор болады. Осы кеңестерді қолданудың арқасында сенімділігіміз артып, қуана уағыз айтатын боламыз.
4 Шын ықыластарыңмен дұға етіңдер: Қуанышымызды жоғалтпау үшін дұғаның маңызы зор. Ехобаның ісін атқарып жүргендіктен, біз Оның қуаныш сияқты жемісі бар рухын өтініп дұға етуіміз керек (Ғал. 5:22). Уағыздауды тоқтатпауымыз үшін Ехоба бізге күш береді (Філіп. 4:13). Қызметіміз жөнінде дұға еткеніміз жағымсыз жағдайға тап болған кезімізде дұрыс көзқарас сақтауымызға көмектеседі (Ел. іс. 13:52; 1 Пет. 4:13, 14). Егер үрейлендіретіндей жағдайға тап болсақ, дұға еткеніміз батылдығымыз бен қуанышымызды жоғалтпауымызға көмектеседі (Ел. іс. 4:31).
5 Мүмкіндіктер іздеңдер: Әрине, адамдарды кездестіріп, оларға куәлік ете алсақ, қызметіміз әлдеқайда қуанышты болады. Үйме-үй жүріп уағыздайтын уақыттарыңды өзгерткендерің, мүмкін түс ауа немесе ерте кеште ме, жақсы нәтиже беруі мүмкін. Адамдарды көшеде келе жатып та, дүкенге бара жатып та, автобустың ішінде де, бақта қыдырып жүріп те — барлық уақытта кездестіресіңдер. Неге қысқа да нұсқа ұсыныс дайындап, жүзі жылы көрінгендермен әңгіме бастамасқа!? Немесе жұмыс істеп, мектепке барып жүрген болсаңдар, күнделікті адамдармен араласасыңдар. Бар болғаны оларды аздап болса да қызықтыратын Киелі кітапқа негізделген сұрақты көтерсеңдер, куәлік етуге мүмкіндік тууы мүмкін. “Біздің Патшалық қызметіміздің” 2002 жылғы қаңтар айындағы нөмірінің қосымшасының бірінші бетінен жақсы кеңестер табуға болады. Қандай да болмасын күш салғандарың уағыздау ісіндегі қуаныштарыңды арттыра түседі.
6 Қажырлы болуымызға көмектесетін болғандықтан, қуанышымызды сақтағанымыз қаншалықты маңызды десеңдерші! Осылай етер болсақ, бұдан былай ешқашан қайталанбайтын осы іс аяқталған уақытта үлкен сыйға ие боламыз. Осыны түсінгеніміздің өзі уағыздау ісіндегі қуанышымызды арттырады (Мат. 25:21).