Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 3.02. 7-б.
  • Хабарландырулар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Хабарландырулар
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2002
Біздің патшалық қызметіміз. 2002
km 3.02. 7-б.

Хабарландырулар

◼ Наурыз айында ұсынылатын әдебиет: “Мәңгілік өмірге алып баратын білім”. Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға ерекше күш жұмсалатын болады. Сәуір және Мамыр: “Күзет мұнарасы” және “Ояныңдар!” журналдары. Жариялаушылар үй иелеріне дүние жүзі бойынша жүріп жатқан бұл іске садақа бергісі келсе, берулеріне болатынын айтулары керек. Қызығушылық танытқан адамдармен “Құдай бізден нені талап етеді” брошюрасын қолданып Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар. Маусым: “Құдай бізден нені талап етеді?” немесе “Мәңгілік өмірге алып баратын білім”. Үй иесінде бұл әдебиеттер бар болса, қауымда бар кез келген лайықты брошюралардың бірін ұсыныңдар.

◼ Сәуір айында қосалқы ізашар ретінде қызмет еткісі келгендер қазірден жоспарлап, өтініштерін ертерек берулері керек. Бұл ақсақалдардың қызметке байланысты қажетті шараларды ұйымдастыруларына және журналдар мен өзге де әдебиеттердің жеткілікті мөлшерде болуын қамтамасыз етулеріне көмектеседі. Қосалқы ізашар ретінде тағайындалған жариялаушылардың аты-жөні ай сайын қауым кездесуінде хабарлануы тиіс.

◼ Еске алу кеші 2002 жылы наурыздың 28 жұлдызында бейсенбі күні өтеді. Егер қауым кездесуі бейсенбі күні өткізіліп жүрген болса, мүмкіндігінше аптаның өзге, Патшалық сарай бос болатын күніне ауыстыру керек. Егер мүмкіндік болмай, қызмет кездесуін өткізе алмайтын болсаңдар, қауым үшін маңызды бөлімдерін алдағы апталарда өтетін қызмет кездесулерінің бағдарламасына енгізуге болады.

◼ Филиал әдебиетке байланысты жариялаушылардың жеке тапсырыстарын орындамайды. Сол себепті, төрағалық етуші бақылаушы әр ай сайын әдебиетке берілетін тапсырысты филиалға жөнелтпес бұрын хабарландыру жасалып, қалағандардың бәрі әдебиетке жауапты бауырласымызға жеке тапсырыстарын бере алулары үшін алдын-ала қамдануы керек. Қандай әдебиеттерге арнайы тапсырыс беру керек екенін ұмытпауларыңды сұраймыз.

◼ Бұдан бұлай Әзербайжан тіліндегі әдебиеттердің барлығы латын қарпінде басылатын болады. Біраз уақыт кириллица қарпімен басылған кейбір әдебиеттер де болады.

◼ Жаңа әдебиеттер:

“Иса Мәсіх — Ол кім?” — абхаз

“Жұмаққа жол көрсететін Құдайдың басшылығы” — әзербайжан (латын қарпі)

“Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?” — болгар

“Жазбалардың барлығы... пайдалы” 2002 жылға арналған, брошюра, №1 (32 бетті брошюра, журналдың көлемі, белгісі: bsi02-1, №6402-1) және “Жазбалардың барлығы... пайдалы” 2002 жылға арналған, брошюра, №2 (32 бетті брошюра, журналдың көлемі, белгісі: bsi02-2, №6402-2) — армян

“Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?” — қазақ

“Рахат өмірге жетудің жолы” — монғол

“Ехоба Куәгерлері. Олар кімдер?” — татар

◼ Жаңа бейнетаспалар:

“Қиыншылық кезінде адалдығын сақтағандар — Кеңес Одағындағы Ехоба Куәгерлері” (NTSC және PAL нұсқалары) — ағылшын

“Мәңгілік өмірге алып баратын білім”, 1 том (белгісі: vckl-1, №2626-1) — орыс, құлағы мүкістер үшін

◼ Басқа да жаңа әдебиеттер:

“Мектепке басшылық кітабы” — орыс

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу