Кіріспе
ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗ?
Киелі жазбалардың соңғы кітабы — Аян кітабында суреттелген төрт салт аттының айрықша бейнесі кім-кімнің де көңілін жаулап алады. Біреулері оны оқып қорықса, басқалары мәнін білгілері келеді. Осы сияқты пайғамбарлықтар жайында Киелі жазбаларда не делінгенін қараңызшы:
“Осы пайғамбарлықтағы сөздерді дауыстап оқитын адам да, оны тыңдайтындар да бақытты” (Аян 1:3).
Мына “Күзет мұнарасы” журналында жүйткіп шауып келе жатқан осы төрт салт аттының қалайша біз үшін жақсы хабардың нышаны бола алатыны түсіндіріледі.