Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp17 № 3 3-б.
  • Төрт салт атты және сіз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Төрт салт атты және сіз
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Ұқсас мәлімет
  • Атқа қонған төртеу: ол кімдер?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Кіріспе
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Шауып келе жатқан төрт салт атты
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2019)
  • Украинадағы соғыстан жаһандық азық-түлік тапшылығы үдеп тұр
    Сан түрлі тақырыптар
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
wp17 № 3 3-б.
Шауып келе жатқан төрт ат

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ТӨРТ САЛТ АТТЫ ҚАЙДА ШАУЫП БАРАДЫ?

Төрт салт атты және сіз

Тұяқтарының дүбірі төрткіл дүниені тітірентіп төрт салт атты шауып келе жатыр. Олардың Киелі кітап беттерінде қанық суреттелгені сонша — бейне бір көз алдыңызда болып жатқандай. Бірінші болып келе жатқан ақ боз аттың үстінде салтанатқа бөленген, жақында тәж киген патша жайғасқан. Оны өкшелеп оттай қызыл ат шауып келеді. Үстінде отырған салт атты жер бетінен тыныштықты жойып келеді. Еріп келе жатқан үшінші ат күйедей қап-қара. Салт аттының қолында жоғары көтеріп ұстап алған таразысы бар. Бұл ат аттанған соң, ең қажетті азық-түліктің тапшылығы жайлы суық хабар жарияланып жатты. Соңында індет пен ажалдың жаршысы болып өңі қашқан сұп-сұр ат шауып келеді. Үстінде “Өлім” деген салт атты отыр екен. Оның соңынан өкшелеп “Көр” келе жатты (Аян 6:1—8).

“Төрт салт атты жайлы алғаш оқығанымда, шошып кеттім. Сот күні келіп қойғандай көрінді, ал мен бұған дайын емес едім. Сондықтан аман қалмайтын болдым деп ойладым” (Кристл).

“Төрт түрлі атта шауып келе жатқан ерекше салт аттылар жайлы оқу маған қызық болды. Ал мәнін түсінгенімде, бәрі өз орнына келе қалды” (Эд).

Төрт ат туралы аянды оқығанда сіз де Кристл сияқты сескеніп қалдыңыз ба? Әлде Эд сияқты оның пайдалы жағын көре алдыңыз ба? Не керек, Киелі жазбалардың соңғы кітабы — Аян кітабында суреттелген осы төрт салт аттының айрықша бейнесі кім-кімнің де көңілін жаулап алады. Бұл аянның мәнін түсінгенде, сіз оның жеке өзіңізге қатысы бар екенін көре аласыз. Пайғамбарлық мәні бар осы кітапты оқып, ой түйіп, оған құлақ ассаңыз, өтпес қуанышқа кенелетініңізді Құдай уәде етеді (Аян 1:1—3).

Кейбіреулерде үрей тудырғанымен, төрт салт атты жайлы аянның мақсаты қорқыту емес. Қайта, миллиондаған адам осы аянның арқасында сенімін нығайтып, жарқын болашақтан дәмелі. Олардың қатарында сіз де бола аласыз! Бұл үшін келесі мақаланы оқып көріңіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу