Швейцариядағы Патшалық сарайын күтіп ұстау шарасы
Ұсыныс үлгілері
“КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ”
Алғы сөз: Киелі жазбалардың соңғы кітабы — Аян кітабында суреттелген төрт салт аттының айрықша бейнесі кім-кімнің де көңілін жаулап алады. Біреулері оны оқып қорықса, басқалары мәнін білгілері келеді.
Тармақ: Аян 1:3
Әдебиет: Мына “Күзет мұнарасы” журналында жүйткіп шауып келе жатқан осы төрт салт аттының қалайша біз үшін жақсы хабардың нышаны бола алатыны түсіндіріледі.
ШЫНДЫҚТЫ ҮЙРЕТЕЙІК
Сұрақ: Болашақты білу мүмкін бе, қалай ойлайсыз?
Тармақ: Иш 46:10
Шындық: Құдай болашақта не болатынын өзінің Сөзі Киелі кітап арқылы ашады.
“БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ — БАЯНДЫ ҒҰМЫР” (hf)
Алғы сөз: Отбасы туралы мына қысқа видеоны көрсетейін деп едік. (“Бақытты отбасы — баянды ғұмыр” кітапшасымен таныстыратын бейнероликті көрсетіңіз.)
Әдебиет: Осында айтылған кітапшаны оқып көргіңіз келсе, сайттан қалай жүктеп алу керектігін көрсетейін.
МЕНІҢ ҰСЫНЫСЫМ:
Алдыңғы ұсыныс үлгілеріне қарап өз ұсынысыңызды құрастырыңыз.