Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.9. 30—32 бет.
  • Болгариядағы жемісті науқан

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Болгариядағы жемісті науқан
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Қолдау көрсетушілердің ағылып келуі
  • Жеміс жинайтын уақыт
  • Жанқиярлық танытқандар молынан жарылқанды
  • Тікелей шақыру
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
  • Нәтиже әкелетін науқан
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • Ол еңбегінің жемісін көрді
    Оқиғалар
  • Арнайы шақыру науқаны
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.9. 30—32 бет.

Болгариядағы жемісті науқан

“Оратын егін көп, бірақ жұмысшылар аз. Сондықтан егіннің Иесінен оны жинап алатын жұмысшылар жіберуін өтініңдер!” (МАТ. 9:37, 38).

ИСАНЫҢ осы сөздері Еуропаның оңтүстік шығысында орналасқан Болгариядағы жағдайды қалай дәл сипаттайды десеңші! Сонда тұратын 7 000 000-нан аса адамға ізгі хабарды жеткізу үшін, расында да, көп жұмысшы қажет. Болгариядағы 1 700 жариялаушының бүкіл аумақты қамтып үлгермесі анық. Сондықтан Басқарушы кеңестің рұқсатымен Еуропа елдеріндегі болгар тілін білетін жариялаушылар 2009 жылдың жазында жоспарланған арнайы науқанға шақырылды. Науқан жеті аптаға созылып, тамыздың 14—16 аралығында София қаласында өткен “Сергек болыңдар!” деп аталатын облыстық конгреспен аяқталды.

Қолдау көрсетушілердің ағылып келуі

Науқанға Франция, Германия, Грекия, Италия, Польша және Испаниядағы жариялаушылар шақырылды. Бұл үшін оларға өз қаражаттарын жұмсап, демалыс алу қажет еді. Сондықтан Софияның Бетеліндегі бауырластар шақыруды қанша адам қабыл алады екен деп уайымдады. Алайда өтініш білдірушілердің саны апта сайын өсіп, ақырында 292-ге жетті! Ерікті қызметшілердің көптеп келгені соншалық, Сандански, Казанлык және Силистра қалаларының үшеуін де қамту мүмкін болды. Болгариядағы аралаушы бақылаушылар жергілікті бауырластарды да науқанға қатысуға талпындырды. Сөйтіп, бас-аяғы 382 ерікті қызметші шалғай жатқан аймақтарға құлшына уағыздады.

Келген жариялаушыларды орналастыру үшін жақын маңдағы қауымдарда қызмет ететін ер бауырластар жалға баспана тауып, арзанырақ қонақүйлерге тапсырыс берді. Олар бауырластарды жайғастырып, қажеттіліктерін қамтамасыз етуде көп еңбек етті. Үш қалада да кездесулерді шетелдік бауырластар жалға алынған орындарда өткізіп тұрды. Бірде-бір Куәгер тұрмайтын аумақта 50 жариялаушының бас қосып, Ехобаны мадақтағаны қандай керемет!

Бауырластар науқанға білек сыбана қатысты. Болгарияда жаз мезгілінде күн 40°C дейін ысиды. Бірақ бұл еш кедергі болмады. Жариялаушылар Дунай өзенінің бойындағы 50 000-нан аса тұрғыны бар Силистра қаласын үш-ақ аптаның ішінде аралап шықты. Сосын, жақын маңдағы ауылдарда, тіпті Силистрадан 55 шақырым қашықтықтағы Тутраканда да, уағыздады. Олар қызметін 9:30-да бастап, түстеніп алғаннан кейін, 19:00-ге дейін уағыздады, кейде одан да кеш қайтып жүрді. Казанлык пен Санданскиге келген жариялаушылардың да құлшына уағыздағаны соншалық, тіпті көршілес ауылдар мен қалаларды қамтып үлгерді.

Жеміс жинайтын уақыт

Жеті аптаға созылған науқан көп нәтиже әкелді. Жергілікті тұрғындар І ғасырдағыдай: “Ілімдеріңді бүкіл қалаға жайыпсыңдар”,— дей алды (Ел. іс. 5:27, 28). 50 000-дай журнал таратылып, 482 зерттеу сабағы өткізілді. 2009 жылдың 1 қыркүйегінде Силистрада қауым пайда болды, ал Казанлык пен Санданскиде топтар ұйымдастырылды. Адамдардың ізгі хабарды алғаш естісімен-ақ қабыл алып, рухани өскенін көру қандай қуаныш!

Науқанның алғашқы аптасында Испаниядан келген арнайы ізашар Силистрада уағыздап жүріп, газет сатып тұрған Карина есімді әйелмен сөйлесті. Карина қызығушылық танытып, кездесуге келді. Киелі кітапты зерттеуге де бірден келісті. Күйеуі атеист болғандықтан, ол зерттеу сабағын саябақта өткізуді сұрады. Сабаққа екі қызы да қатысып жүрді. Киелі кітаптағы шындық үлкен қызы Даниелаға әсіресе қатты ұнады. Ол “Киелі кітап үйретеді” басылымын бір-ақ аптаның ішінде оқып шығып, мүсінге табынбауға қатысты Құдай талабына бірден құлақ асты. Білгендерін достарына да айта бастады. Кездесуге барғаннан кейін, үш апта өткен соң, Даниела өзімен зерттейтін бауырластан: “Мен өзімді Куәгер сияқты сезінемін. Сендермен бірге уағыздау үшін не істеуім керек?”— деп сұрады. Қазір Даниела мен оның анасы және сіңлісі рухани өсу үшін көп күш салып жатыр.

Италиядан келген Орлин есімді болгар бауырлас Казанлыктағы науқанға қатысты. Бірде ол уағыздан қайтып бара жатып, саябақта демалып отырған екі жігітке куәлік берді. Оларға “Киелі кітап үйретеді” басылымын беріп, келесі күні кездесуге келісті. Ертесіне Орлин екі жігіттің біреуі Светомирмен зерттеу сабағын бастап, күн сайын өткізіп жүрді. Осылайша қатарынан сегіз рет зерттеді. Светомир Орлинге: “Сен маған жолыққаннан екі күн бұрын Құдайға дұға етіп, өзіне жақындауға көмектесуін сұраған едім. Дұғама құлақ асса, оған өмір бойы қызмет етуді уәде еттім”,— деді. Орлин Италияға қайтып кеткен соң, Светомир зерттеу сабағын жергілікті бауырластармен жалғастырды. Қазір ол шындықты бар ынтасымен қабыл алуда.

Жанқиярлық танытқандар молынан жарылқанды

Науқанға қаражаттары мен демалыс күндерін жомарттықпен жұмсаған бауырластардың өздері не дер екен? Испанияда тұратын бір ақсақал былай дейді: “Науқан бауырластарға айтарлықтай әсер етті. Испанияның болгар аумағында қызмет ететін бауырластардың бірлігін нығайтты”. Ал Италияда қызмет ететін бір ерлі-зайыпты былай деп жазды: “Бұл өміріміздегі ең керемет ай болды! Науқан өмірімізді өзгертіп жіберді. Енді өзімізді басқа адамдай сезінеміз”. Қазір бұл отбасы қызмет аясын кеңейту үшін Болгарияға көшіп баруды ойлап жатыр. Испандық Карина есімді жалпы ізашар науқан кезінде Силистрада қызмет етті. Кейіннен сол қалада ашылған қауымға қолдау көрсету үшін жұмысынан шығып, сонда көшіп барды. Ол бір жылға жетерлік қаржы жинаған болатын. Карина былай дейді: “Болгарияда қызмет етуге мүмкіндік бергені үшін Ехобаға дән ризамын. Осында ұзақ уақыт қызмет етемін деп үміттенемін. Мен бес адаммен зерттеу сабағын бастадым. Олардың үшеуі кездесулерге келіп тұрады”.

Италияда тұратын бір әйел бауырлас науқанға қатысқысы келді. Бірақ жұмысқа жақында ғана орналасқандықтан демалыс күндері жоқ еді. Сондықтан жұмыстан бір айға сұранбақ болды. Ал бастығы жібермеген жағдайда, ол жерден шығып кетуге бел буды. Бірақ бастығы күтпеген жерден: “Жарайды, жіберейін. Бірақ Болгарияның суреттерін салып жіберуді уәде ет”,— деді. Ехобаның бұл бауырластың дұғасына жауап бергені сөзсіз.

Болгарияның Варна қаласында тұратын Станислава есімді жас бауырлас толық уақыт жұмыс істеп, жақсы табыс табатын. Ол демалыс алып, Силистрадағы науқанға қатысты. Алыс жерлерден келген ізашарлардың қуанышы оған қатты әсер еткені соншалық, тіпті көзіне жас алды. Ол өмірін мансап қуумен сарп етіп жатқанын түсінді. Екі аптадан кейін үйіне оралған соң, Станислава жұмысынан шығып, жалпы ізашар болып қызмет ете бастады. Жаратушысын жас кезінде есте ұстап жүрген ол енді өзін шынымен бақытты сезінді (Екк. 12:1).

Ехобаға белсене қызмет ету нағыз бата емес пе?! Иә, уақытың мен күшіңді уағыздау мен шәкірт дайындау ісіне жұмсаудан артық нәрсе табылмас. Өмір сыйлайтын бұл іске көбірек атсалысудың мүмкіндіктерін қарастырдың ба? Бәлкім, өзің тұратын елде де қажеттілік бар шығар. Сондай жерге көшіп бару жайлы не ойлайсың? Шындыққа сусаған адамдарға көмектесу үшін басқа тілді үйренгің келер ме еді? Қызметке көбірек атсалысудың қандай мүмкіндігін қолдансаң да, Ехобаның молынан жарылқайтынына сенімді бол (Нақ. с. 10:22).

[32-беттегі қоршау/сурет]

Естен кетпес күн

Болгариядағы арнайы науқанға келгендер Софияда өткен “Сергек болыңдар!” деп аталатын облыстық конгреске қатысты. Шетелден ағылып келген бауырластарын көрген жергілікті Куәгерлердің қуанышында шек болмады. Жұма күні Басқарушы кеңестің мүшесі Джеффри Джексон “Жаңа дүние аудармасының” толығымен басып шығарылғанын хабарлағанда, сонда отырған 2 039 адам қалай толқыды десеңдерші! Олар ұзағынан қол шапалақтап, осы керемет сыйға деген зор ризашылықтарын білдірді. Көбісі тіпті жылап жіберді. Осы тура да түсінуге жеңіл Киелі кітап аудармасының ақ жүректі адамдарға Ехобаны тануға көмектесері шүбәсіз.

[30, 31-беттегі карта]

(Толық мәтінді басылымнан қараңдар)

БОЛГАРИЯ

СОФИЯ

Сандански

Силистра

Казанлык

[31-беттегі суреттер]

Жеті апталық науқан кезінде зор куәлік берілді

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу