Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 1.10. 3—4 бет.
  • Көпшілік неден қорқады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Көпшілік неден қорқады?
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітапта ядролық соғыс жайлы не айтылған?
    Сан түрлі тақырыптар
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 1.10. 3—4 бет.

Көпшілік неден қорқады?

“Дінге сенбейтіндер де адамзат түбінде бір апатқа ұшырайды деп ойлайды” (СТИВЕН ОЛИРЕ, ОҢТҮСТІК КАЛИФОРНИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АДЪЮНКТ-ПРОФЕССОРЫa).

ОСЫ сөздермен келісесіз бе? Келесі бірнеше мақалада көпшіліктің болашаққа алаңдауына себеп болып жатқан кейбір жайттар қарастырылады. Сондай-ақ жердің жойылмайтынына неге сенімді бола алатынымыз түсіндіріледі. Өте қайғылы жайттар орын алып жатса да, жарқын болашаққа сенуге барлық негіз бар.

Ядролық соғыс қаупі әлі де өршіп тұр. “Хиросима және Нагасаки қалаларына алғаш рет атом бомбасы тасталған кезге қарағанда бүгінде қауіп әлдеқайда жоғары”,— делінді бір ғылыми журналда (“Bulletin of the Atomic Scientists”, 2007). Бұлай деуге қандай себеп болды? Сол журналдың 2007 жылы жариялаған ақпараты бойынша, дүниеде әлі 27 000 ядролық қару бар, оның 2 000-ы “кез келген сәтте атылуға дайын тұр”. Егер сол қарудың шамалысы ғана жарылса, дүниежүзілік апат болары сөзсіз!

Содан бері ядролық соғыстың қаупі азайды ма? Халықаралық бір институттың жылнамасында айтылғандай, ядролық қаруды шығаратын бес ірі мемлекет — Қытай, Франция, Ресей, Біріккен Корольдік және Құрама Штаттар — “қарудың жаңа түрлерін жетілдіріп жатқанын немесе сондай ниеттері барын жариялаған” (“SIPRI Yearbook” 2009bc). Алайда жылнамада ядролық қаруды шығаратын елдер бұлар ғана емес екені де айтылған. Зерттеушілердің есебі бойынша, Үндістан, Пәкістан және Исраилдің әрқайсысында 60—80 ядролық бомба бар. Сондай-ақ дүниежүзінде 8 392 ядролық қару нысанасына бағытталып, атылуға дайын тұр.

Жер климатының өзгеруі апатқа ұшыратуы мүмкін. “Жер климатының өзгеруінен туындаған қауіп ядролық соғыстың қаупінен кем түсіп тұрған жоқ”,— делінді ғылыми журналда (“Bulletin of the Atomic Scientists”). Бұл тұжырымды беделді ғалымдар да растап отыр, мысалы, Кембридж университетінің еңбек сіңірген профессоры Стивен Хокинг және Кембридж университетіне қарасты Тринити-Колледжінің басқарушысы Мартин Рэс мырза. Олар технологияның бұрыс мақсатта қолданылуы мен адамзаттың қоршаған ортаға кері әсер етіп жатқаны жер бетіндегі өмірді біржолата өзгертуі, тіпті бүкіл өркениетті жойып жіберуі мүмкін екенін айтады.

Қиямет-қайым болжамы миллиондаған адамның үрейін ұшыруда. Интернеттің іздеу жолағына “ақыр заман” және “2012” деген сөздер терілсе, сол жылы дүниежүзі жойылады деген болжамдарға толы жүздеген беттік мәлімет шығады. Мұндай жайттың себебі неде? Ежелгі Майя “ұзын есеп” деген күнтізбесі бойынша, заманның ақыры 2012 жылы келеді. Сондықтан көп адам бұл өркениетіміз жойылатынының қандай да бір белгісі деп үрейленеді.

Діндар адамдардың көбі Киелі кітап жердің құрып жоқ болатынына үйретеді деп сенеді. Олардың ойынша, адал адамдар көкке кетеді, ал қалғандары астан-кестені шыққан жер бетінде қалады немесе тозақ отына түседі.

Киелі кітап шынымен жер жойылады деп үйрете ме? “Кез келген рухтарға сене бермеңдер, олар Құдайдан келген бе, жоқ па — алдымен соны анықтаңдар”,— деп ескерткен елші Жохан (Жоханның 1-хаты 4:1). Айтылғанның бәріне сене салғанша, неге Киелі кітаптың өзін ашып, ақыр заман туралы не айтылғанын өз көзіңізбен көрмеске?

[Сілтемелер]

a “Қиямет-қайым болжамын өршітіп жатқан аппаттар” мақаласынан үзінді (“MSNBC Web site”, 19.10.2005).

b SIPRI (СИПРИ) — Бейбітшілік мәселесін зерттейтін Стокгольмдегі халықаралық институт.

c СИПРИ-дің 2009 Жылнамасындағы есепті жүргізгендер: ядролық қару мәселесіндегі СИПРИ-дің қару-жарақты бақылау мен қарусыздандыру жобасының аға зерттеушісі әрі басшысы Шаннон Н. Кил; СИПРИ-дің қару-жарақты бақылау мен қарусыздандыру жобасының зерттеушісі Виталий Федченко; Америка ғалымдары федерациясының ядролық қару-жарақ жөніндегі ақпарат жобасының директоры Ханс М. Кристенсен.

[4-беттегі түпдерек]

Атом бомбасының жарылысы: U.S. National Archives photo; Дауыл: WHO/League of Red Cross and U.S. National Archives photo

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу