Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.3. 6—9 бет.
  • Бауырластарға қызмет еткен Марқа

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Бауырластарға қызмет еткен Марқа
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Иерусалимдегі үйде
  • Қауымдағы жауапкершіліктер
  • Татуласу
  • Марқаның сапар шегуі
  • Басқа да мәртебелі қызмет
  • “Қызметіме пайдалы болмақ”
  • Табандылық танытқан Марқа
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Қауымдарды нығайтты”
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
  • Жас ер бауырлас, Марқа мен Тімөтеден үлгі ал
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Олар “қуанып, киелі рухқа кенеле берді”
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.3. 6—9 бет.

Бауырластарға қызмет еткен Марқа

АНТАҚИЯ қауымында кейбір қиындықтар туындап отырған, бірақ осы жолғы қиындық өзгеше болды. Бұл — Пауыл мен Барнабаның арасындағы келіспеушілік еді. Елшілер миссионерлік сапарларын жоспарлап жатты, бірақ қастарына кімді алатындарын шешу керек болғанда, араларындағы мәселе “айтысқа ұласып” кетеді (Ел. іс. 15:39). Сөйтіп, олар бір-бірінен бөлінеді де, екеуі екі жаққа кетіп қалады. Пауыл мен Барнабаның арасында туған осы дау Марқаға қатысты еді.

Марқа деген кім? Неліктен елшілердің арасында Марқаға қатысты дау туды? Олар Марқа туралы қандай ойда болды және неге? Елшілердің көзқарастары өзгерді ме? Марқамен болған оқиғадан өзімізге қандай сабақ аламыз?

Иерусалимдегі үйде

Марқа бақуатты яһуди отбасында дүниеге келіп, Иерусалимде өсіп ержетсе керек. Біз ол жайлы ертедегі мәсіхшілер қауымының тарихынан білеміз. Шамамен б. з. 44 жылы елші Петір Ехобаның періштесі арқылы Ирод І Агриппаның түрмесінен керемет түрде шыққан соң, “Жохан Марқаның шешесі Мәриямның үйіне барды, сол жерде көп бауырластар Құдайға сиынып мінажат етуге жиналған еді” (Ел. іс. 12:1—12)a.

Иерусалимдегі қауым Марқаның анасының үйінде кездесулер өткізгенге ұқсайды. Онда “көп” бауырластардың жиналғанына қарағанда, бұл үлкен үй болса керек. Сондай-ақ Петір “сыртқы есік қаққанда” кім екенін білу үшін құлағын тосқан Мәриямның Рода есімді қызметшісі болған. Осы мәліметтерден Мәриямның тұрмысы жақсы болғанын байқаймыз. Жазбаларда күйеуінің емес, Мәриямның үйі делінген. Соған қарағанда, ол Марқа бала кезінде-ақ жесір қалған болуы мүмкін (Ел. іс. 12:13).

Жоғарыда айтылғандай, мінажат етуге жиналғандардың арасында Марқа да болса керек. Ол Исаның шәкірттерімен және оның қызметі жайлы куәлік беріп жүрген басқа да адамдармен жақсы таныс болғанға ұқсайды. Сондай-ақ Исаның соңынан ерген және оны тұтқынға алған кезде жамылғысын тастай сала қашып кеткен жігіт дәл осы Марқа еді (Мар. 14:51, 52).

Қауымдағы жауапкершіліктер

Рухани толысқан мәсіхшілермен араласқаны Марқаға жақсы жағынан әсер еткені сөзсіз. Ол рухани өсіп, жауапты бауырластардың назарына түседі. Шамамен б. з. 46 жылы Пауыл мен Барнаба аштықтың салдарын жеңілдету үшін Антақиядан Иерусалимге жәрдем әкелгенде, олар Марқаға назар аударады. Сөйтіп, елшілер Антақияға қайтқанда, өздерімен бірге Марқаны алып кетеді (Ел. іс. 11:27—30; 12:25).

Оқырман, бір қарағанда, бұл ер кісілерді өзара рухани бауырластар болғанынан басқа ешнәрсе байланыстырмайды деп ойлауы мүмкін, әрі олар Марқаны қабілеттері үшін өздерімен бірге алып кетті деп пайымдайтын шығар. Алайда Пауылдың хаттарының бірінде Марқа Барнабаның жиені деп айтылған (Қол. 4:10). Осы мәлімет кейінірек орын алған жайттарды түсінуге көмектеседі.

Арада шамамен бір жылдай өтеді. Киелі рух Пауыл мен Барнабаға миссионерлік сапарға баруға басшылық берді. Сөйтіп, олар Антақиядан шығып, Кипрге аттанды. Жохан Марқа да бірге болып, оларға “көмектесіп жүрді” (Ел. іс. 13:2—5). Ол сапар кезінде туындайтын қажеттіліктермен қамтамасыз етіп тұрғанының арқасында елшілер рухани істерге ден қоя алды.

Пауыл, Барнаба және Марқа Кипр арқылы өтіп бара жатып та уағыздап жүрді, сосын, олар Кіші Азияға қарай бет алды. Осы жерде Жохан Марқа елші Пауылдың көңілін қалдырған шешім қабылдайды. Жазбаларда айтылғандай, сапарластар Перге қаласына келгенде, “Жохан (Марқа) олардан сол жерде айырылысып, Иерусалимге қайтып кетті” (Ел. іс. 13:13). Марқаның неге бұлай еткенінің себебі Киелі кітапта жазылмаған.

Шамамен екі жыл өткен соң, Пауыл мен Барнаба Антақияда болды, Марқа да сол жерде еді. Екі елші бірінші сапарда жүзеге аспаған істерін атқару үшін келесі сапарға аттанулары керектігін талқылап жатты. Барнаба өзімен бірге жиенін ерткісі келді, бірақ Пауыл мұны мүлдем қаламады, өйткені Марқа ілгеріректе оларды тастап кеткен еді ғой. Міне, осы жайт кіріспеде айтылған даудың тууына себеп болған. Содан Барнаба Марқаны ертіп, туған қаласы Кипрге кетіп қалады, ал Пауыл болса ат басын Сирияға бұрады (Ел. іс. 15:36—41). Иә, Марқаның ертеректе қабылдаған шешіміне елшілердің әрқайсысы әртүрлі қарағаны анық.

Татуласу

Осы жайт Марқаның ұнжырғасын түсіргені сөзсіз. Сөйтсе де ол адал қызмет етуді тоқтатпады. Пауылмен қарым-қатынастары үзілгеннен бері 11, 12 жыл өткеннен кейін Марқаның есімі алғашқы мәсіхшілердің тарихында қайта кездеседі. Қайда? Біз ойламаған жерде — Пауылдың жанында!

Б. з. 60, 61 жылдары Пауыл Римдегі түрмеде жатқанында, бірнеше хаттар жазып, бауырластарға жібереді. Қазіргі кезде бұл хаттар Киелі жазбалардың қатарына енген. Мысалы, қолостықтарға арнап жазған хатында Пауыл былай дейді: “Менімен бірге тұтқында отырған Арыстарқ, сондай-ақ Барнабаның жиені Марқа сендерге сәлем жолдайды. Марқа жайлы ерекше нұсқау алдыңдар: ол сендерге барса, жылы қабылдаңдар!.. Осы үшеуі ғана Құдай Патшалығы үшін қызметтестерім болып жүр; бұлар маған нағыз жұбаныш” (Қол. 4:10, 11).

Пауылдың көзқарасы қаншалықты өзгерді десеңші! Наразылығын тудырған Марқаға Пауыл қайтадан өзінің құнды қызметтесі ретінде қарайтын болды. Пауыл Қолостағы бауырластарға Марқаның барып қалуы мүмкін екенін айтқаны анық. Егер бұл жүзеге асқан болса, Марқа Пауылдың өкілі ретінде әрекет етпек еді.

Пауыл жылдар бойы Марқаға сын көзбен қараған болуы мүмкін. Ал Марқа жөнге салудың пайдасын көрген шығар. Бұл екі жайтты да жоққа шығара алмаймыз. Қалай болған күнде де, Пауыл мен Марқаның татуласқаны екеуінің де толысқан бауырластар болғандарын көрсетеді. Олар өткенді еске алмай, әрі қарай бірге қызмет етті. Расында да, ой-пікірлері әртүрлі болғандықтан араларында түсініспеушілік туындаған бауырластар үшін бұл қандай жақсы үлгі десеңші!

Марқаның сапар шегуі

Марқаның түрлі сапары жайлы оқығанда, оның ауқымды іс атқарғанын көруге болады. Ол Иерусалимнен Антақияға келді, содан соң Кипр мен Пергеге теңіз арқылы барды. Кейінірек Марқа Римге аттанды. Ол жерден Пауыл оны Қолос қаласына жібергісі келді. Бұдан басқа Марқа тағы көп жерге сапар шекті!

Елші Петір өзінің бірінші хатын б. з. 62—64 жылдары аралығында жазды. Ол хатында: “Бабылдағы... қауым, сондай-ақ менің рухани ұлым Марқа да сендерге сәлем жолдауда”,— деді (Пет. 1-х. 5:13). Демек, Марқа осыдан бірнеше жыл бұрын анасының үйіндегі қауым кездесуіне келген елші Петірмен бірге Бабылға барып, қызмет еткен.

Пауыл шамамен б. з. 65 жылы Римде екінші рет қамауға алынғанда, Ефесте қызмет етіп жүрген Тімотеге хат жазып, былай дейді: “Марқаны тауып бірге ала кел” (Тім. 2-х. 4:11). Бұдан Марқаның сол кезде Ефесте болғанын көреміз. Ол Пауылдың шақыруын қабыл алып, Тімотемен бірге Римге барғанында күмән жоқ. Сол кездері жол жүру оңай болмаса да, Марқа бұл сапарға даярлықпен аттанған.

Басқа да мәртебелі қызмет

Марқа Ехобаның киелі рухының жетелеуімен Ізгі хабардың бірін жазу мәртебесіне ие болды. Ізгі хабардың осы екінші кітабының еш жерінде оны кім жазғаны айтылмаса да, ертеректе адамдар бұл Жазбаны Марқа жазған және ол мәліметтің бәрін Петірден естіген деп сенген. Ал Петір Марқа жазып алған жайттардың бәрін өз көзімен көрген.

Марқа жазған Ізгі хабарды зерттеген сарапшылар бұл кітап еврей емес адамдарға арнап жазылған деп есептейді. Өйткені Марқа онда яһудилердің әдет-ғұрыптарын түсіндіретін қосымша түсініктемелер келтірген (Мар. 7:3; 14:12; 15:42). Еврей емес адамдарға түсінікті болу үшін Марқа арамей сөздерін аударып отырған (Мар. 3:17; 5:41; 7:11, 34; 15:22, 34). Ол көп латын терминдерін қолданған, тіпті грекше сөздерді латын тілінде түсіндірген. Осыған қарағанда, бұл жайттар Марқаның Ізгі хабары Римде жазылған деген нанымға сай келеді.

“Қызметіме пайдалы болмақ”

Марқа Римде тек Ізгі хабарды жазумен айналысқан жоқ. Пауылдың Тімотеге айтқан мына сөздерін еске түсірейікші: “Марқаны тауып бірге ала кел”. Не себепті? Пауыл былай деп түсіндірді: “Өйткені ол қызметіме пайдалы болмақ” (Тім. 2-х. 4:11).

Есімі соңғы рет аталған осы хаттан Марқа туралы көп нәрсе біле аламыз. Жазбалардың еш жерінде Марқа елші, жетекші не болмаса пайғамбар деп аталмаған. Ол өзгелерге қызмет еткен. Иә, Пауыл өмірінің соңғы сәттерінде Марқаның көмегін көргені сөзсіз.

Марқа жайлы білген түрлі мәліметті жинақтай келе, оның ізгі хабарды көп жерлерге таратуға құлшыныспен атсалысқанын әрі басқаларға қуанышпен қызмет еткенін көреміз. Расында да, Марқа табандылық танытқанының арқасында мәртебелі қызметтерді атқарған.

Марқа сияқты біз де Құдайдың қызметшілері ретінде Патшалық туралы ізгі хабарды уағыздауға белімізді бекем будық. Марқаға ұқсап, кейбіріміз ізгі хабарды тарату үшін өзге жерлерге, тіпті басқа елдерге көшіп бара алатын шығармыз. Алайда көпшілігімізде бұндай қадам жасауға мүмкіндік жоқ болса, Марқаға басқа жағынан еліктей аламыз. Ол мәсіхші бауырластарына қызмет ету үшін барын салғаны сияқты, біз де бауырластарымызға өздерінің Құдайға деген қызметтерін орындай алуы үшін қолымыздан келгеннің бәрін істеп, қол ұшын беруге дайын бола аламыз. Осылай істеуді тоқтатпасақ, Ехобаның көл-көсір баталарына кенеле беретініміз шүбәсіз (Нақ. с. 3:27; 10:22; Ғал. 6:2).

[Сілтеме]

a Сол заманда еврейше немесе шетелдік жанама ат қою кең тараған болатын. Марқаның еврейше есімі — Иоханан, қазақ тілінде Жохан деп беріледі. Ал латынша жанама есімі — Маркус немесе Марк (Ел. іс. 12:25).

[8, 9-беттердегі сурет/карта]

(Толық мәтінді басылымнан қара)

Марқа болған кейбір қалалар

Рим

Ефес

Қолос

Перге

Кипр

Иерусалим

Антақия (Сирия)

Бабыл

ЖЕРОРТА ТЕҢІЗІ

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу